НҰР-СҰЛТАН, 05 қазан. Түркияның шығысындағы Тунджели қаласында бірі қызыл, бірі қызғылт категорияда тұрған екі террорист залалсыздандырылды, деп TRT жазады.
Ішкі істер министрлігі Тунджели Оваджык маңында 2 қазан күні Қалалық жандармерия қолбасшылығының операциясында екі террористтің залалсыздандырылғанын білдірді.
Террористтердің бірі Терроризм тізімінде қызыл категорияда іздеу салынған TKP/ML TİKKO-ның Тунджелидегі басшысы Али Кемал Йылмаз екені білдірілді. Ол террорлық ұйымға 2007 жылы қосылған, қастандық, мина және қолдан жасалған жарылғыш маманы болған.
Өлтірілген екінші террорист тізімде қызғылт категорияда іздеу салынған аталмыш террорлық ұйымның әйел жауаптысы Гөкче Курбан екені хабарланды.