НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. Нидерланды полициясының хабарлауынша, тәртіп сақшыларына Гаагадағы Сауд Арабиясының елшілігі орналасқан ғимарат жанында бейсенбі күні таңертең атыс туралы ақпарат түскен. Голландиялық De Telegraaf газеті ғимараттың терезелерінің бірінде оқ тиген тесіктері көрінетін фотосуреттерді жариялады, деп хабарлайды ТАСС.
Сауд Арабия билігі Гаагадағы патшалық елшілігіне жасалған шабуылды қатал айыптады. Тиісті мәлімдемені Нидерландыдағы Сауд Арабиясының дипломатиялық миссиясы таратты.
«Сауд Арабиясы корольдіктің Гаагадағы елшілігіне жасалған шабуылды айыптайды», — деп мәлімдеме мәтінің Al Arabiya телеарнасы жариялады.
Дипломатиялық миссия оқиға салдарынан зардап шеккендердің жоқтығын атап өтті, сондай-ақ корольдік азаматтарын қырағылық танытуға шақырды.