НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз. Ауғанстан үкіметтік күштері соңғы 24 сағатта өткізілген әскери операцияларда елдің оңтүстігіндегі Кандагар және Гильменд провинцияларында жалпы 18 «Талибан*» қозғалысының содырын өлтірді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Ауғанстан қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Мәлімдемеде әскерилердің Кандагар провинциясында 10 тәлібті өлтіріп, бомба қойылған көлікті жойғаны атап көрсетілген. Гильменде сегіз содыр өлтіріліп, қару-жарақ пен оқ-дәрі партиясы жойылды.
«Талибан» қозғалысы бұл ақпаратқа әлі түсініктеме берген жоқ.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым