НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр. Бүгін сағат 11:32-де елордалық полицияға Astana Garden School мектебінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсккен. Ал, мұндай хабарлама мектептің электронды поштасына келген.Бұл туралы Аzattyq-ruhy.kz хабарлайды.
Оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері жіберіліп, мектептен 175 адам эвакуацияланды. Тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған.
Полиция бұл жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, былтыр дәл осындай 10 қылмыс тіркелген.
«Полиция қызметкерлері барлық қылмыскерлерді анықтап, ұстады. Барлық фактілер бойынша ұсталғандар әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды», — деп толықтырды департамент өкілдері.