НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр.Нигер Қарулы Күштерінен жасалған мәлімдемеде мемлекеттің оңтүстік-шығысындағы Диффа аймағына 24-25 мамырда «Боко Харам» мүшелеріне операция жасалғаны білдірілді, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Операцияда көптеген әскери жабдықтың қолға түсірілгені білдірілген мәлімдемеде мөлшермен 40 «Боко Харам» мүшесінің залалсыздандырылғаны баяндалды.
Көрші ел Малиде әрекет жасаған Әл-Каида және ДАИШ-пен байланысы бар террорист топтар Буркина-Фасо және Нигерде үнемі шабуылдар жасауда.
Біріккен Ұлттар Ұйымының санақтарына қарағанда Нигердегі террор шабуылдары салдарынан соңғы 3 жылда 313 мың адам ел ішінде қоныс аударды және 235 адам көрші елдерге паналауға мәжбүр болды.