Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ІІМ: Қазақстанда 300-ге жуық сотталған радикалдар дәстүрлі дінге оралды

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан. Екі жыл ішінде Қазақстандағы сотталғандардың 300-ге жуығы радикалды көзқарастан бас тартып дәстүрлі дінге оралды, деп республиканың ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Бекболат Шәкіровке сілтеме жасап vlast.kz хабарлайды.

«Бізде бағдарламалық жұмыстар бар және де нәтижелер бар, яғни деструктивті діни ағымдарға сенгендер дәстүрлі исламды ұстана бастаған — екі жылдың ішінде шамамен 300-ге жуық сотталған адамдар.  Бұл қызмет 2017 жылы құрылды, бұл жоспарланған жұмыс, әр сотталушыға жеке көзқарас», — деді Шәкіров журналистерге.

Шәкіровтың айтуынша, сотталған адам карантин бөлімінде жатқан кезде, мекеме әкімшілігі оның жеке тұлғасын зерттейді, психолог мамандары онымен бірге жұмыс істеп, сотталғанның психологиялық портретін жасайды.

«Қазір бізде түрмеде дәл осындай қылмыс (терроризм және экстремизм) үшін сотталған 700-ге жуық адам бар, біз олармен күн сайын жұмыс жасаймыз», — деді Шәкіров.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *