Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қазақстан Үкіметі 2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны бекітті

    Астана. 29 наурыз. Қазақстан Үкіметі 2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны бекітті, деп хабарлайды Baq.kz. «Қазақстан Республикасының Үкіметі 2018-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны бекіту туралы шешім қабылдайды», — делінген құжатта. Үкімет қаулысына Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев 15 наурызда қол қойды, ол алғаш рет […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Сирияда 300-ден астам лаңкес үкімет әскерлерінің жағына өтті

    Дамаск. 29 наурыз. Сирия әскерінің Шығыс Гутаны лаңкестерден тазарту шаралары әлі жалғасып жатыр. Тіпті 300-ден астам содыр үкімет әскері жағына өткен, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. Бірақ олар мұндай жасаққа ену үшін алдымен құқық қорғау органдарының тексерісінен өтуі тиіс. Айта кетейік, соңғы бірнеше күнде Шығыс Гутадан 13 мыңнан астам содыр отбасымен бірге Идлиб провинциясына көшірілді. […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Маңызды тарихи жетістік

    Астана. 29 наурыз. 10 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­дайын­дағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Мем­­лекетіміздің бұдан әрі даму, өркендеу бағыттарын айқындайтын құжатта Елбасы: «Елі­міз­дің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құнды­лық­тарымыз ре­тінде қала беретін азаматтық, бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық ке­лісім», – деп ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы бұдан бұрынғы […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Жат ағым жарға жығады

    Қызылорда. 29 наурыз. Жат діни ағымдардың іс-әрекеттеріне, экстремизмге тосқауыл қоюдың ең негізгі құралы ол – профилактика, яғни ақпараттық-насихат жұмыстарының тиімді жүргізілуі. Осыған қатысты Елбасы өзінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Бізге қоғамда, әсіресе жастар арасында діни экстремизмге қарсы профилактиканы күшейту қажет» деп, бағыт-бағдар берген. Экстремизмге қарсы күрес жүргізуді екі […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Жат ағымнан сақтандыру — уақыт талабы

    Державинск. 28 наурзы. Зайырлы мемлекет болсақ та, имани ұғым қашанда асқақ тұрады. Қазақ атам заманнан бір Алласына құлшылық жасап, болашағына үлкен сенім арта қараған. Бірақ, бүгінде неше түрлі деструктивті ағымдар жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап, өзінің уытын шашуда. Осындай қысылтаяң шақта жастарымызды түзу жолға салуда дін қызметкерлерінің жасап жатқан еңбегі өлшеусіз. Жақында Жарқайың ауданының бас имамы […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан тәліптермен бейбіт мәмілеге келуге ниетті

    Қабул. 28 наурыз. Ауғанстанның сотүстік бөлігінде шамамен 3 мыңдай лаңкес бар. Олардың 80 пайызы шетелдік. Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымының аймақтық лаңкестікке қарсы бөлімінің басшысы мәлімдеді. Айтуынша «Ирак және Левант лаңкестік ұйымын» қолдайтын бұл содырлар аймақтан квази-мемлекет құрып, барлығын өз ережелеріне бағындырғысы келеді. Бұл – содырлардың жергілікті тәліптерден басты айырмашылықтарының бірі. Айта кетейік, бұған дейін […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Сирияда радикалды топтың 5 мыңға жуық мүшесі Идлибке көшірілді

    Идлиб. 28 наурыз. «Ахрар аш-шам» радикалды тобының 5 мыңға жуық мүшесі мен олардың отбасылары сириялық Хараста қаласынан Идлибке көшірілді. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Сонымен қатар Шығыс Гутаның батысындағы Джобар қаласында шоғырланған «Фейлак ар-Рахман» және «Тахрир аш-Шам» топтары жақын арада тізе бүгеді. Мұндай қадамға олар Сирия әскері мен […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Астанаға діни экстремистер шабуыл жасауда: Жаңа телехикая көрермендерге ҰҚК арнайы агенттерінің шынайы тағдырын көрсетеді

    Астана. 28 наурыз. 31 наурыз күні КТК арнасында сегіз сериядан тұратын шытырман оқиғалы «Красный уровень» фильмінің көрсетілімі басталады. Фильм ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Телехикаяның «Красный уровень» деп аталуы жай емес – «қызыл деңгей» террористік қауіп деңгейінің ең жоғарғы шкаласы. Оны лаңкестік акті жасалып және террористердің соған ұқсас әрекеттерді тағы да қайталауы мүмкін […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Бақытжан Ертаев: қауіпсіздік пен тыныштық үшін керек

    Астана. 28 наурыз. Заң жобасы ел тыныштығы үшін жасалды. Осы уақытқа дейін «Діни бірлестіктер мен діни қызмет туралы» заңға енгізілетін бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жайында Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев осы тақырып төңірегінде сөйлескен едік. – Қазір қоғамда «Діни бірлестіктер мен діни қызмет туралы заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жөніндегі» заң жобасы қызу талқылануда. Осы заң […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • «Терроризм» айыбы тағылған» Сайрам тұрғыны сотталды

    Шымкент. 27 наурыз. Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) Сайрам аудандық сотында «терроризм» ісі бойынша айып тағылған Д.Б. сотталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Дастанбек Белдімұратов — «терроризмді насихаттады» және «діни алауыздықты қоздырды» деген күдікке ілінген жергілікті он тұрғынның бірі. Судья Әбдісейіт Әшірбаев Дастанбек Белдімұратовты Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігімен («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») […]
    • 7 Years ago
    • 0