Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ҚР СІМ басшысы мен АҚШ мемхатшысы Ауғанстандағы жағдайды талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз. Америкалық тараптың бастамасы бойынша ҚР премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz. Мемлекеттік департаменттің сайтында Тілеуберді мен Блинкен Ауғанстандағы жағдайды талқылады деп хабарланады. Мемлекеттік хатшы Блинкен Сыртқы істер министріне қауіпсіздік жағдайының өзгеруіне байланысты Кабулдағы біздің азаматтық қатысуды қысқарту жөніндегі АҚШ […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Гутерреш: Ауғанстандағы жағдай бақылаудан шығып барады

    НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз.БҰҰ Бас хатшысы  Антониу Гутерреш Ауғанстандағы Талибан өкілдеріне үндеу жасады, деп TRT хабарлайды.  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерреш Талибанды шабуылды тез арада тоқтатып, Ауғанстан мен оның халқының мүддесі үшін келіссөздер бастауға шақырды. Бас хатшы Гутерреш  «Ауғанстандағы жағдай бақылаудан шығып барады» деді. БҰҰ басшысы шиеленістің барлық тарапына олардың міндеті-бейбіт тұрғындарды қорғау екендігін еске салып, «соғыс […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ұлыбритания «Әл-Каида» ұйымының Ауғанстанда қайта құрылуынан қауіптенеді

    НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз. Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес Sky News телеарнасының эфирінде «Әл-Каида»* террористік тобының қайта жандану қаупі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ТВЦ. Ауғанстанда терроризмнің өршуіне АҚШ әскерінің кетуі себеп болды  «Мен сәтсіздікке ұшыраған  мемлекеттер мұндай адамдар үшін қолайлы жер  болып табылады деп алаңдаймын. «Әл-Каида» қайтып келуі мүмкін», — деді әскери бөлім басшысы. Ол сонымен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҰҚК Атырау, Шымкент және Жаңаөзен қалаларында радикалды ағымдардың жақтаушылары ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз. Үстіміздегі жылғы 13 тамызда ҰҚК жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігімен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының 4 тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Аталған адамдар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болып табылады. Өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етілмейді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тараз полицейлері көлік жуу орнын «миналаған» ер адамды құрықтады

    ТАРАЗ, 13 тамыз. Терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқан тараздық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 12 тамызында сағат 12:30-да Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығы кезекші бөлімінің “102” нөміріне белгісіз адамнан Шостакович көшесінде орналасқан “Престиж” көлік жуу орнына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қоңырау шалушыдан қандай да бір талаптар қойылмаған. Аталған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қырғызстанда «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымның мүшесі ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) қызметкерлері елде лаңкестік әрекеттерді жоспарлаған халықаралық террористік ұйымның мүшесін ұстады, деп бүгін, 13 тамызда  EADaily департаменттің баспасөз орталығына сілтеме жасап хабарлады. 11 тамызда халықаралық террористік ұйымдардың белсенді мүшесі, 1983 жылы туған Қырғызстан азаматы ұсталғаны хабарланды. 2019 жылы ол бандалық құрамалар тарапынан қарулы қақтығысқа қатысу мақсатында Қырғызстаннан […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан билігі Қандағар қаласын тәліптер басып алғанын растады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз.  Ауғанстан билігі халқының саны бойынша өлкедегі екінші қала болып есептелетін Қандағар тәліптердің бақылауына өткенін растады, деп ОА жаңалықтар қызметі хабарлайды.  Осыған дейін ауған тәліптері елдегі екінші ірі қала Қандағарды басып алғанын мәлімдеді. Бұл туралы Twitter-де қозғалыстың баспасөз хатшысы хабарлады. «Қандағарды толық жаулап алдық» деп жазған ол. Бұған дейін далалық жерде және қала ішінде […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Талибан тағы ірі қалаларды басып алды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз.Ауғанстанның оңтүстігі мен батысындағы Багдис, Гур және Гелманд уәлаяттарының орталығы Талибанның қолына өтті, деп TRT хабарлайды.  Багдис Қалалық кеңес төрағасы Абдул Азиз Бек Талибанның Багдистің орталығы Кале Нав қаласына шабуылдарын кеше таңға дейін арттырғанын айтты. Шабуыл нәтижесінде бүгін таңертең ертемен қала орталығы Талибанның бақылауына өтті. Қауіпсіздік күштері қала маңындағы әскери базаны паналады. Бек […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Талибан бақылауға алған әкімшілік орталығы саны 10-ға жетті

    НҰР-СҰЛТАН, 12  тамыз.Ауғанстан үкімет күштерінің Талибанға қарсы бақылауынан шыққан уәлаят орталығы саны 10-ға жетті, деп TRT жазады.  Газна уәлаяты кеңесі төрағасы Насир Ахмад Факири өз мәлімдемесінде елдің оңтүстік уәлаяттарын Кабулға қосатын бағыттағы тарихи Газна уәлаяты орталығының толығымен Талибанның бақылауына өткенін білдірді. Ахмад Факири қауіпсіздік күштерінің уәлаят орталығынан шегінгенін мәлімдеді. Соңғы 7 күнде Ауғанстан үкіметі күштерінің […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Шойгу: Тәліптер көрші елдерге шабуыл жасамауға уәде берді

    НҰР-СҰЛТАН, 12  тамыз. Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы Өзбекстанмен, Тәжікстанмен шекаралас аумақты басып алды, бірақ көрші елдерге шабуыл жасамауға уәде берді. Осылай деп Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Бүкілресейлік жастардың білім форумында мәлімдеді, деп Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазады.  Шойгудың сөзінше, тәліптер шекараны бұзып, көрші елдерге шабуыл жасайтындай деструктивті іс-әрекет жасамайды. Таяуда ғана тәліптер Құндыз ауданын бақылауға […]
    • 3 Years ago
    • 0