Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанның солтүстігінде әуе шабуылдары кезінде 11 «Талибан» содыры өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар. Жексенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Бадахшан провинциясындағы Рагистан аймағында тәлібтердің жиыны өтіп жатқан кезде әскери авиацияның әуе шабуылынан барлығы 11 содыр өлтірілді, тағы үшеуі жараланды. Бұл туралы елдің қарулы күштеріне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. «Талибан» содырларының тобы (ҚР-да тыйым салынған ұйым) бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасау үшін Рандихан ауданына жиналған, бірақ Ауғанстан армиясының […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері КЖП-ның тоғыз содыры Түркия билігіне берілді

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар.  2021 жылдың басынан бастап өз еріктерімен қаруларын тастап, түрік билігіне берілген лаңкестер саны тоғызға жетті. Бұл туралы Anadolu Түркия ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды . Министрліктің хабарлауынша, КЖП-ның тағы 5 лаңкес өз еріктерімен беріліп тізе бүккенн, соның ішінде қылмыстық топтың қатарында 28 жыл бойы әрекет еткен  содырлар да бар. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Елордадағы тұрғын үйге «бомба орнатқан» күдікті ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар, Нұр-Сұлтандағы көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды. Ол жерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар түскен, деп Sputnik Қазақстан хабарлайды.  «Тамыз» тұрғын үй кешенінің бір кіреберісінің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиғаның видеосы мессенджерлерде тарап кетті. Астаналық полиция департаменті 16 қаңтар сағат 22.03-те кешенде бомба орнатылғаны туралы қоңырау түскенін айтты. Полиция қызметкерлері 60 адамды эвакуациялады. Жарылғыш зат […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Аль-Каидамен» байланысы бар содырлар Малидегі террорлық шабуыл үшін жауапкершілікті мойындады

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар.  «Аль-Каидамен» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) байланысты «Джамағат Наср Аль-Ислам Ва Аль-Муслимин» 2021 жылы 8 қаңтарда Малидегі теракт үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп Le Figaro-ға сілтеме жасап REGNUM агенттігі  хабарлады. Журналистердің айтуынша, ұйымның содырлары Францияның Малидегі «Бархан» терроризмге қарсы операциясына қатысқан француз әскерлерінің жаралануы мен  бейбіт тұрғындардың өлімі үшін жауапкершілікті өз […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: АҚШ Ауғанстан мен Ирактағы әскери қызметшілердің санын қысқартты

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар.  АҚШ Қорғаныс министрлігі жұма күні Ауғанстан мен Ирактағы американдық әскери контингенттің әр мемлекетте 2,5 мыңға дейін қысқарғанын мәлімдеді. Бұл туралы министрліктің сайтында жарияланған Пентагон басшысының міндетін атқарушы Кристофер Миллердің мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС  хабарлайды.  «Бүгін Америка Құрама Штаттары Президент Трамптың нұсқауымен Ирактағы әскер санын 2 500 адамға дейін қысқартты», — делінген баспасөз […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • АҚШ әділет министрлігі YPG-ді КЖП-ның еншілес ұйымы деп таныды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар. АҚШ әділет министрлігі мәлімдеме жасап, «Халықтық өзін-өзі қорғау отрядтарын» (YPG) «Күрдістан жұмысшы партиясының» (КЖП/РКК) террористік ұйымының бөлімшесі екенін мойындады, деп хабарлайды Aнадолу агенттігі. 10 қаңтарда Флорида штатының заң шығарушы органына жасалған шабуыл туралы мәлімдемеде қылмысты жасағандардың бірі Даниел Бейкердің YPG-мен байланысы бар екендігі көрсетілген. «Ол әлеуметтік желіде өзін YPG-ның мергені деп мәлімдеді. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кабулда бомба орнатылған көлік жарылып, екі полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Сенбі  күні Кабулда қолдан жасалған жарылғыш заттың жарылуы салдарынан екі тәртіп сақшысы қаза тауып, біреуі жарақат алды. Бұл туралы Ауғанстанның Tolo News телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Полициядағы дереккөз бомба қызметтік көлікке қойылған деп мәлімдеді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Конгоның солтүстік-шығысындағы қарулы шабуылдан 46 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-шығысында Итури провинциясында Уганданың үкіметке қарсы тобы «Демократиялық күштер альянсы»  содырларының шабуылы салдарынан кем дегенде 46 бейбіт тұрғын, соның ішінде пигмийлер қаза тапты. Бұл туралы аймақтық Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Министрліктің хабарламасында, содырлар бейсенбіге қараған түні ауылға шабуылдады. Шабуыл болған жерде 46 бейбіт тұрғынның мәйіті […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Санкт-Петерборда лаңкестік шабуылдар дайындау ісі бойынша айыпталушы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Екінші Батыс округтік әскери соты 2019 жылдың соңында Санкт-Петерборда лаңкестік шабуылдарды дайындағаны үшін ұсталған Никита Семеновты сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы оның адвокаты Леонид Крикунға сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Сот үкімі — 8 жылға бас бостандығынан айыру», — деді агенттік сұхбаттасы. Адвокат сондай-ақ оның қорғалушысы «үкімге шағымданбауды сұрады» деп қосты. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияның шығысында аса қауіпті содырдың көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар.Битлис провинциясында КЖП-ның жойылған үш содырының арасында аса қауіпті террористердің «қызғылт сары тізіміне» енгізілген Құрбан Пехливан болды, деп Түркия ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Елдің шығысындағы кең ауқымды операцияны 10-11 қаңтар аралығында жандармерия мен арнайы жасақтар ұшқышсыз ұшатын аппарат пен әскери әуе күштерінің қолдауымен өткізді. Құрбан Пехливанды ұстау немесе оның […]
    • 4 Years ago
    • 0