Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Германияда синагогаға шабуыл жасаған адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан. Наумбургтегі Саксония-Анхальттың Жоғарғы аймақтық соты 2019 жылғы 9 қазанда Галледегі синагогаға шабуыл жасап, екі адамды өлтірген 28 жастағы Германия азаматы Штефан Б.-ны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұл туралы сот дүйсенбі күні таратқан хабарламада айтылған, деп хабарлайды ТАСС . Ер адамға, атап айтқанда, екі адамды өлтіру, жалпы 68 адамды өлтіруге […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия қорғаныс министрлігі: бір айда 75 лаңкес залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Соңғы айда Түрік Қарулы Күштерінің терроризмге қарсы операциялары аясында тыйым салынған қарулы ұйымдардың 75 содыры жойылды. Бұл туралы Түркия қорғаныс министрлігінің жексенбі күнгі хабарламасында айтылған, деп жазады Анадолу агенттігі. Жалпы есепті кезеңде Түркия көлемінде және шет елдерде 45, оның ішінде тоғызы ірі ауқымды операция өткізілді. Сирияның солтүстігінде де лаңкестермен белсенді күрес жалғасып […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда 3 ай ішінде 500 бейбіт тұрғын лаңкестердің құрбаны болды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан.Ауғанстанда үш ай ішінде 500 бейбіт тұрғын «Талибан» қозғалысы содырларының шабуылының құрбаны болды, ал 1050-ден астам адам жарақат алды, деп Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Тарык Арйенге сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Тарык Арйеннің айтуынша, тәліптер елдің әртүрлі аймақтарында шабуылдарын жалғастыруда. Бейбіт тұрғындарды өлтіру — бұл әскери қылмыс, деп баса айтты Арьен. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қазақстан терроризм қаупі бойынша елдер рейтингінде  93-орын алды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Терроризм қаупінің деңгейі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 135 елдің ішінде 93-орынға ие болды, деп хабарлайды Елорда Инфо energyprom.kz сайтына сілтеме жасап. Индекс 0,901 құрады, бұл көрсеткіш өте төмен тәуекел деңгейіне жатады. Индекс мәні неғұрлым жоғары болса, елде қақтығыстар мен террористік актілер жиірек болады. Егер индекс нөлге тең болса, елде терроризм қаупі жоқ дегенді білдіреді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда жанкешті лаңкестік шабуыл жасады, 3 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан.Нигерияның Борно провинциясындағы теракт үш адамның өмірін қиды, деп Анадолу агенттігіне қауіпсіздік күштеріндегі дереккөз хабарлады. Кондуга ауданында жанкешті лаңкестік шабуыл жасады, салдарынан үш адам қаза тапты, алтауы жараланды. Шабуыл үшін жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Алайда, бұл шабуылды «Боко Харам» лаңкестері жасаған болуы мүмкін.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыс сегіз бейбіт тұрғынның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Жексенбі күні Ауғанстан астанасының 5-ші полиция округінде болған жарылыстан сегіз бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі . Министрліктің хабарлауынша, жарылыс бүгін таңертең Кабулдың 5-ші полиция округіне қарасты Спин-Кули маңында болған, салдарынан «сегіз бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-батысында содырлардың шабуылынан жеті адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. Бейсенбіге қараған түні Нигерияның солтүстік-батысындағы Кадуна штатында белгісіз бір топ қарулы адам кем дегенде жеті адамды өлтірді. Бұл туралы аймақтың Ішкі қауіпсіздік және ішкі істер министрлігінің комиссары Сэмюэл Аруванға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, қаруланған адамдар, Зангон-Катаф аймағындағы ауылға жаппай шабуыл жасаған. Бір адам жарақат алды, 13 үй мен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • 2015 жылы Thalys пойызына шабуыл жасаған террорист өмір бойына сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан. Thalys жүрдек пойызына жасалған шабуылдан кейін бес жыл өткен соң Париж сотының үкімімен басты айыпталушы — марокколық Аюб әль-Хаззани 17 желтоқсанда өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Оның үш сыбайласы жеті жылдан 27 жылға дейінгі мерзімге сотталды, деп жазады  Deutsche Welle . 2015 жылдың тамызында жасалған әл-Хаззанидің шабуылы жолаушы АҚШ-тың үш азаматының, оның […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигердегі «Боко Харам» тобының шабуылы 27 адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан.Нигерде  «Боко Харам»  лаңкестік тобы ұйымдастырған шабуылда  27 адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Диффа аймағындағы Тоумоур ауылына жексенбіге қараған түні  «Боко Харам» лаңкестік ұйымы тарапынан қарулы шабуыл ұйымдастырылды. Шабуылда 27 адам қаза тапты. Нигер полициясы 70-ке тарта содырдың қалашыққа шабуыл жасағаны, сондай-ақ қалашықта 1000-ге тарта үйдің, жұмыс орнының және көптеген көліктің өртеп жіберілгенін мәлімдеді. «Боко […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Оңтүстік Осетия астанасында қоғамдық орындағы жарылыстың алды алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан. Оңтүстік Осетияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Ресей ФҚҚ-нің көмегімен республиканың астанасы Цхинвалидегі қоғамдық орында жарылыстың алдын алды, деп Оңтүстік Осетияның Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап ТАСС жазады.  «Оңтүстік Осетия Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мен Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметінің одақтас өзара іс-қимыл шеңберінде, сондай-ақ Оңтүстік Осетия Сыртқы барлау қызметінің күштері мен құралдарының белсенді […]
    • 3 Years ago
    • 0