Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Интерпол іздеу салған Франция азаматы Түркияда ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан. Сириямен шекаралас Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында Интерполдың қызыл циркулярымен іздеуде болған лаңкес ұсталды, деп жазады Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап  Анадолу агенттігі хабарлайды. Лаңкес Түркия аумағына заңсыз кірмек болған кезде ұсталды. Ол Франция азаматы. Тергеу мүддесі үшін аты-жөні жарияланбаған лаңкес Сирияда әрекет еткен және негізінен шетелдік жалдамалылардан тұратын «Фыркатул Гурба» тобының […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда губернатор орынбасары шабуылда қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 желтоқсан.Ауғанстанның астанасы Кабулда губернатор орынбасары Мухибби бомбалы шабуылда қаза тапты, деп TRT хабарлайды. Ауғанстан Ішкі істер министрлігі мәлімдемешісі Тарык Арйен баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Кабулдың шағын аймағында губернатор орынбасары Махбубуллах Мухиббидің көлігіне тиелген бомбаның жарылғанын айтты. Шабуылда Мухибби мен хатшысының қаза тапқанын түсіндірген Арйен екі оққағарының да жарақат алғаны білдірілді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия Қорғаныс министрлігі: Соңғы 1 айда 68 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан.Соңғы 1 айда ел көлемінде және шетелде жүзеге асқан операцияларда 68 террорист залалсыздандырылды,деп TRT хабарлайды.  Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Соңғы 1 айдың ішінде ел көлемінде және шетелде жүзеге асырылған 9-ы ауқымды, 24 шағын барлығы 33 операцияда 68 террорист залалсыздандырылды» делінді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда бомба жарылысы 4 бейбіт тұрғынның өмірін қиды 

    НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан. Ауғанстанның Нангархар провинциясында жасалған бомбалы шабуылда 4 бейбіт адам қаза тапты, деп TRT  хабарлайды. Провинцияның Хогяни ауданына қараған Зави аймағында жолға орналастырылған бомба бейбіт адамдар мінген көлік аймақтан өтіп бара жатқанда жарылды. Жарылыста 4 бейбіт адам қаза тапты. Шабуылды қазірше ешкім мойынына алған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ресейдің Орталық әскери округінің және Өзбекстан Қарулы Күштерінің арнайы жасақтары Термезде тактикалық-арнайы жаттығулар өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан. Өзбекстанда елдің  қарулы күштері мен Ресей Федерациясы Орталық әскери округінің арнайы жасақтары әскери қызметшілеріне арналған тактикалық-арнайы жаттығулар өтті. Бірлескен іс-шара барысында олар «содырлар» шартты түрде басып алған елді мекенді босатып, қаруланған заңсыз құралымның жетекшісін тұтқындады, деп Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан жазады. Оқу-жаттығудың негізгі кезеңіне екі елдің 200-ге […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Пәкістанның Пенджаб провинциясында болған жарылыста кем дегенде 25 адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан. Жексенбі күні Пәкістанның солтүстік-шығысындағы Пенджаб провинциясындағы Равалпинди қаласында болған жарылыста кем дегенде 25 адам жарақат алды. Бұл туралы Geo TV арнасына сілтеме жасап ТАСС жазады. Бұған дейін Xinhua  агенттігі құрбан болған он адам  туралы хабарлаған. Geo TV дереккөздерінің хабарлауынша, үш адамның жағдайы өте ауыр. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харамның» тоғыз содырының көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан. Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харамның» тоғыз лаңкесі өлтірілді, деп хабарлайды Anadolu жаңалықтар агенттігі . Нигерия қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, терроризмге қарсы операциялар Борно және Йобе штаттарында өтті. Көптеген содырлар жарақаттанды, олар қашып үлгерді. Операциялар барысында Нигерия әскерінің бір сарбазы қаза болды, лаңкестердің мотоциклдері мен көптеген оқ-дәрілері алынлы. «Боко Харам» тобы Нигерия, Камерун, Чад және […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабул тәлібтермен диалогты Ауғанстанда жалғастыруды қолдайды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан. Ауғанстан президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдуллах Мухиб ауғанаралық келіссөздерді Дохада емес  Ауған аумағында жалғастыруға ниет білдірді, деп жазады Анадолу агенттігі. Ауған үкіметі мен «Талибан» қозғалысының өкілдері(ҚР-да тыйым салынған ұйым) арасындағы келіссөздердің қалған кезеңдерін Ауғанстанның өзінде ұйымдастыру керек, деп жазды Мухид әлеуметтік желілерде. «Ауғанстан үкіметі «Талибан» қозғалысы келіссөздер үшін ұсынатын кез-келген орынды қарастырада. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда болған жарылыстардан кем дегенде төрт адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында жұма күні болған екі жарылыста кем дегенде төрт адам қаза тауып, сегізі жараланды. Бұл туралы Халықаралық Қызыл Крест комитетінің  Нигерия делегациясына сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі хабарлады . Оқиға штаттың әкімшілік орталығы Майдугуриден шығысқа қарай 90 шақырым жерде орналасқан Диква қаласында болды, деп хабарлады Қызыл Крест өкілі Алию […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан астанасына 10 шақты зымыран атылды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша , сенбі күні таңертең Кабулдың әр түрлі аймақтарына бірнеше зымыран шабуылдарының салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, екеуі жараланды,  деп хабарлайды TOLOnews . Кабулдағы Лаб-э-Жар аймағынан қаланың әртүрлі бөліктеріне кем дегенде 10 зымыран атылды, соның ішінде әуежай маңындағы аудандар, PD9-дағы Хавашинаси ауданы, PD9-дағы Зан-Абад ауданы және PD15-тегі […]
    • 3 Years ago
    • 0