Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Содырлар Нигерияның солтүстігіндегі мектепке шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша.Қаруланған содырлар тобы Нигерияның солтүстігіндегі Кадуна штатындағы мектепке шабуыл жасады, деп жергілікті полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады. Қарулы адамдар Зария қаласындағы политехникалық колледж ғимаратына баса көктеп кірген деп хабарланды. Олар аспанға оқ атып, оқушылар мен мұғалімдерді қорқытты. Олар мұғалімдердің бірін ұстап алып, белгісіз бағытта алып кетті. Шабуыл салдарынан екі бала […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ирактың солтүстігінде  КЖП 5 лаңкесі залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша. Түрік әуе күштері Зап және Авашин аймақтарындағы лаңкестердің жасырынған жерлеріне соққы жасады, деп Анадолу агенттігі жазады.  Түрік әуе күштері Ирактың солтүстігіндегі Зап және Авашин аймақтарындағы КЖП-ның бес лаңкесін залалсыздандырды. Бұл туралы Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігінің хабарламасында айтылған. Лаңкестердің орналасқан жері әуе шабуылына қарсы қорғаныш көмегімен анықталды. Министрлік лаңкестерге қарсы операциялардың табандылықпен жалғасатынын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Павлодарда жалған лаңкес ұсталды

    ПАВЛОДАР, 15 қараша. Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы ғимарат аумағын қоршауға алып, жеті адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 16 қараша күні сағат 10:10-де Павлодар қаласының полициясына «Сәтпаев көшесі, 25/1 мекенжайындағы ғимарат кез келген минутта жарылуы мүмкін» деген хабарлама келіп түскен. Бұл жайында журналистерге Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Осы дабыл бойынша оқиға орнына жедел-тергеу […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Эфиопиядағы қарулы шабуыл: 34 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша.Бенишангүл-Гумуз штатында жолаушылар автобусына белгісіздер шабуыл жасады, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Эфиопияда жолаушылар автобусына жасалған қарулы шабуыл  34 адамның өмірін қиды.Бұл туралы Эфиопия адам құқықтары жөніндегі комиссиясының (EHRC) Twitter-дегі парағында хабарланды. Шабуыл сенбіден жексенбіге қараған түні елдің солтүстік-батысындағы Бенишангүл-Гумуз штатында болды. Құрбан болғандардың саны артуы мүмкін деген қорқыныш бар. Шабуылдың ұйымдастырушылары әлі белгісіз. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алеппода мина жарылысынан бір адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша.Сенбі күні Сирияның экономикалық астанасы —  Алеппоның батысындағы Миньян ауылында жұмысшылар мінген автобус минада жарылды. Бұл туралы Syria үкіметтік телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Телеарнаның ақпараты бойынша, кем дегенде бір сириялық қаза болды. Тағы бірнеше адам жарақат алды, олардың барлығы жедел жәрдем көлігімен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендер жергілікті ағаш кесетін зауытта […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде содырлардың шабуылы салдарынан бес әскери қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша.Сенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Тахар провинциясындағы Хаваджа-Гар аймағындағы армия бекеттеріне «Талибан» содырларының шабуылы кезінде бес әскери өлтірілді. Бұл туралы жергілікті шенеунік Мохаммад Омарға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі жазады. Қаруланған содырлар сенбі күні таңертең аудандық штабтың сыртындағы Хава Шинаси аймағындағы бақылау-өткізу бекетіне шабуыл жасады, атыс басталды, деп мәлімдеді шенеунік. Ұрыс кезінде бес сарбаз қаза […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияда КЖП-ның 14 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша. Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» операциясының аймағына енуге тырысқан КЖП лаңкестік  ұйым мүшелері залалсыздандырылды, деп TRT жазады. Ұлттық Қорғаныс министрлігі КЖП (PKK/YPG) лаңкестік ұйымның 14 мүшесінің залалсыздандырылғанын хабарлады.  Министрлік әлеуметтік желідегі хабарламасында «Бейбітшілік бұлағы» операция аймағында лаңкестік ұйымына тыныштықты бұзуға жол берілмейтінін білдірді. Түрік Қарулы күштері Сирияның солтүстігін «Бейбітшілік бұлағы» операция арқылы терроризмнен тазалаған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда «Өзбекстан ислам қозғалысының» жетекшісінің көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша. Ауғанстан қауіпсіздік күштері елдің солтүстік-батысындағы Фарьяб провинциясында «Өзбекстан ислам қозғалысы» халықаралық лаңкестік ұйымының жетекшісі Азиз Юлдаштың көзін жойды, деп Ауғанстан Ислам Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан жазады.  «Өзбекстан ислам қозғалысының»* басшысы Азиз Юлдаш өлтірілді. Оның ұлы Хикмат Фарьяб провинциясының Гормач аймағында Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік күштерінің әрекеті нәтижесінде жарақат алады. Азиз […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда әскери операциясы кезінде «Боко Харамның» бірнеше содырлары жойылған

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша.  Нигерия әскери-әуе күштері елдің солтүстік-шығысындағы «Боко Харам» бекіністеріне шабуыл жасап, бірнеше содырды өлтірді. Бұл туралы Нигерия қарулы күштерінің ресми өкілі Джон Эненчеге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.  «Ұлттың  барлық дұшпандары бейтараптандырылмайынша және барлық тынышсыз  аймақтарда қалыпты өмір қалпына келтірілмейінше Нигерияның қарулы күштері шегінбейді», — деп толықтырды Дж.Эненче. Оның айтуынша, операция сейсенбі күні […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ИМ Джидда қаласындағы зиратта болған лаңкестік шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша.  «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы (ҚР тыйым салынған ұйым) Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы зиратқа жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп НСН жазады. Интерфакстың хабарлауынша, топпен байланысты Telegram-каналдарында ИМ мүшелерінің Джиддаға жарылғыш құрылғы орнатқаны туралы ақпарат пайда болды. Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы мұсылман емес зиратта жарылыс сәрсенбі күні 1918 жылғы Компьене бітіміне […]
    • 4 Years ago
    • 0