Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • БАҚ: Австрия астанасындағы синагогада болған атыстан жеті адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Венада белгісіз адамдар синагогада оқ атты, деп centralasian.org жазады.  Жеті адам қаза тауып, төртеуі жараланды. Бір полиция қызметкері ауыр жарақат алды деп хабарлайды Kurier. Куәгерлер кемінде 50 рет оқ атылғанын айтады. Аустрия ішкі істер министрлігі синагогадағы атысты теракт деп атады. Шабуыл жасаушының бірі өлтірілген, екіншісі жасырынып үлгерген, қазір оны іздестіріп жатыр деп хабарлайды […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы лаңкестік шабуыл салдарынан үш адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қараша. Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз провинциясында болған екі лаңкестік әрекеттен үш ауған шекарашысы қаза тапты, деп Синхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады. Ақпарат бойынша, «Талибан» қозғалысының лаңкестері (ҚР тыйым салынған ұйым)  Хан-Абад аумағында әскери көлікті жарып жіберген. Жарылыс салдарынан үш әскери қызметкер қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды. Кундуз провинциясы губернаторының әкімшілігі де […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ГФР Бас прокуроры: Батыс Еуропа радикалды исламистердің назарында

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қараша. Франциядағы кісі өлтірулер Батыс Еуропаның радикалды исламистердің назарында қалып отырғанын көрсетеді деп санайды Германияның Бас прокуроры. Елде лаңкестік әрекеттерді жоспарлаған Тәжікстанның тумалары ұсталды, деді ол. Бұл туралы Deutsche Welle жазады  . Терроризм қаупі жоғары болып қала береді, дейді Германияның Бас прокуроры Петер Франк. 2020 жылы Германияда ауқымды шабуыл болмағандықтан ғана исламшыл террор […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нотр-Дам соборындағы шабуыл ісі бойынша ұсталғандар босатылды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қараша. Францияның құқық қорғау органдары Ниццадағы Нотр-Дам соборының келушілеріне жасалған шабуылды тергеу аясында қамауға алған үш адамды босатты. Бұл туралы France 24 телеарнасына сілтеме жасап  REGNUM хабарлады. Төрт адам қамауда қалады, оның ішінде басты күдікті — 21 жастағы Тунис азаматы. Бұл іс бойынша алғашқы түсінікті ұсталғандардың бірі, 29 жастағы жігіт берді. Ол Грас […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ниццадағы шабуыл ісі бойынша қамауға үш күдікті алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қараша. Франция полициясы Ниццадағы Нотр-Дам шіркеуіне шабуыл жасады деген күдікпен үш ер адамды ұстады, деп AFP агенттігіне сілтеме жасап Deutsche Welle хабарлайды. Қылмыс жасалған күні шабуылдаушымен байланыста болған 35 жастағы ер адам қамауға алынды. Қылмыскердің алғашқы ықтимал серіктесі  — 47 жастағы ер адам бірнеше сағат бұрын қамауға алынды. Тергеу оның шабуыл алдында террористпен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Лионда белгісіз шіркеу қызметшісіне от атқан

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қараша. Францияда тағы да атыс болды. Лион қаласында бір қаскүнем грекиялық православ шіркеуінің діни қызметшісіне екі рет оқ атқан, деп 24.kz жазады. .Ауыр жараланған ол ауруханаға жеткізілді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, полиция бір күдіктіні қамауға алды. Жалпы соңғы кезде Францияда діни тұрғыда жасалған шабуылдар жиілеп кетті. Бұған қыркүйек айында Мұхаммед пайғамбарды келемеждеген суреттердің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ниццада қырғын ұйымдастырған Тунис азаматы лаңкестік топпен байланыста болды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қараша. Ниццаның орталығындағы Нотр-Дам соборының келушілеріне шабуыл жасаған тунистік Ибраһим әл-Исауи бұған дейін «Тунистегі Ансар аш-Шария» лаңкестік тобының өкілдерімен байланыста болған. Бұл туралы Shems FM радиостанциясына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .  «Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сүйенсек, Ниццада шабуыл жасаған Тунис азаматы он бір жасқа толғаннан кейін 2012-2013 жылдары Кайруан провинциясында өткен «Тунистегі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ирактың солтүстігінде әуе операциясы барысында КЖП 8 мүшесі  залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан. Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағында КЖП лаңкестік ұйымының 8 мүшесі әуе операциясы барысында  залалсыздандырылды, деп TRT жазады. Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағында шабуыл жасауға дайындалған КЖП 8 мүшесі әуе операциясымен  залалсыздандырылды. Ұлттық Қорғаныс министрлігі тарапынан жасалған мәлімдемеде  КЖП ұйымына бағытталған операциялардың табандылықпен жалғасқаны баяндалды. Мәлімдемеде Түрік Қарулы күштері және Ұлттық Барлау ұйымы ортақ ұйымдастырған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ЕО саммиті терроризмге қарсы күресте Франциямен ынтымақтастық туралы декларацияны қабылдады

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан. ЕО басшылары бейнеконференция форматында өткен саммитте терроризм жағдайында Франциямен ынтымақтастық туралы бірлескен декларация қабылдады. Декларацияның мәтінін Еуропалық кеңестің баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды «Киевский ТелеграфЪ».  «Біз, ЕО басшылары, Франциядағы лаңкестік шабуылдарды ең қатал түрде айыптаймыз, бұл біздің ортақ құндылықтарымызға жасалған шабуылдар. Біз терроризм мен экстремизмге қарсы ортақ күресімізде Франциямен, оның халқымен және […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ниццадағы лаңкестік шабуылды кім ұйымдастырды?

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан. Францияның Ницца қаласында болған шабуылды 21 жастағы Тунистен келген жігіт ұйымдастырған, деп хабарлайды 24.kz. Белгілі болғандай, күдікті қазан айнының басында Италиядан Францияға келген. Бұл туралы лаңкестікке қарсы прокуратура басшысы Жан-Франсуа Рикар хабарлайды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қаскөй қыркүйек айының соңында заңсыз миграция ұйымдастыру ісі бойынша күдікті ретінде тергелген екен. Онымен бірге Лампедузаға бортында […]
    • 4 Years ago
    • 0