Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Самара облысында терроризмді жақтағаны үшін қырғыз азаматы сотталған

    НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз. Самара облысында терроризмді жария түрде ақтағаны үшін Қырғызстан азаматы тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы 12 наурызда Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің облыстық тергеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлады. Тергеу мен сот ер адам 2017 жылдан кешіктірмей «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) идеологиясын қабылдады деп […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ТМД шекара ведомстволарының басшылары Орталық Азия мемлекеттерінің Ауғанстанмен шекарасындағы жағдайды талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз. Самарқандта ТМД шекара ведомстволарының басшыларының кездесуі өтті, деп хабарлайды УзТАГ. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекара ведомстволарының басшыларының бесінші аймақтық кездесуіне Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан шекара ведомстволарының,  сондай-ақ Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің үйлестіру қызметінің делегациялары қатысты. Кездесу барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Ауғанстанмен сыртқы шекараларындағы ахуал, сондай-ақ оның жақын болашақтағы даму тенденциялары талданды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мысырда 110-нан астам адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз. Мысырдың әскери трибуналы терроризм айыптары бойынша 112 адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды. Бұл туралы ВВС Africa сілтеме жасап REGNUM хабарлады. Телерадиокомпания журналистерінің айтуынша, сотталғандарға 14 операцияға, оның ішінде полицияның өткізу пункттеріне шабуыл жасағаны және ел прокурорының көмекшісін өлтіруге әрекеттенгені үшін айып тағылған. Сотталушылар бір топ мүшелері болған деп болжануда.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Бахчисарайда «Хизб ут-Тахрирге» қарсы күрес аясында іздестіру жұмыстары өткізіліп жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз. Құқық қорғау органдары сәрсенбі күні Қырымның Бахчисарай қаласында алты мекен-жай бойынша тінту жүргізуде. Ресейде тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымымен күресу үшін жедел шаралар қабылдануда. Бұл туралы адвокат Николай Полозовқа сілтеме жасап ТАСС хабарлады . «Таңертеңнен бері кем дегенде алты мекен-жайда жаппай тінту жүргізіледі. ФҚҚ хабарлағандай, ресми түрде  Ресейде тыйым салынған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан президенті қамаудағы тәліптерді босату туралы жарлыққа қол қойды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз. Ауғанстан президенті Ашраф Гани сейсенбі, 10 наурызда «Талибан» қозғалысының 5 мың мүшесін тұтқыннан босату туралы жарлыққа қол қойды, деп centralasian.org жазады.  9 наурызда инаугурациялау салтанатында Гани тұтқындарды босатуға уәде берген. Президент жарлығы 11 наурызда БАҚ өкілдеріне таратылады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Сиддик Сиддикидің айтуынша, Кабулдағы Парван түрмесінде отырған 1,5 мың тәліп 14 наурыздан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда терроризмге қарсы тәжік-өзбек оқу-жаттығулары басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз. Тәжікстанның Хатлон әскери гарнизонының құрамына кіретін барлық күш құрылымдары бүгін таңғы сағат 6-да қауіп-қатер дабылы бойынша көтерілді, деп  ТаджикТА хабарлайды. «Хатлон облысының барлық қалалары мен аудандарында орналасқан Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің, Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің және басқа да құқық қорғау органдарының сарбаздары мен офицерлері, тәжік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда наурыз айына жоспарланған жиын өткізілмеуі мүмкін

    Наурыз айына жоспарланған Астана процесі аясындағы Сирия бойынша кездесудің XIV раунды өтпеуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді хабарлады, деп жазады sputniknews.kz. «Әзірге (келіссөз өтетін күн жайлы) ешқандай ақпарат жоқ. Наурызда өткіземіз деген жоспар болды. Алайда қазір жағдай өзгерді. Өтпеуі де мүмкін», — деді ол. Бұған дейін коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Буркина-Фасода содырлардың шабуылынан қырық үш адам қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Буркина-Фасоның солтүстігінде болған шабуылдарда кемінде 43 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Кеше белгісіз біреулер шабуылдарды ұйымдастырды, деп хабарлайды БАҚ үкіметтің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Шабуыл Буркина-Фасоның солтүстігіндегі Мали шекарасына жақын орналасқан екі ауылға жасалды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Буркина-Фасоның солтүстігіндегі ауылға жасалған шабуыл салдарынан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Камерунның батысында содырлардың шабуылынан кем дегенде 5 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 09 наурыз. 7 наурыздан 8 наурызға қараған түні белгісіз бір топ содырлар Камерунның батыс аймағындағы Галим елді мекеніндегі полиция бөлімшесіне шабуыл жасады, кемінде 5 адам қаза  болды. Бұл туралы елдің қауіпсіздік күштері өкіліне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Өкілдің айтуынша, бұл топ шамамен 20 адамнан құралған. Олар мотоциклмен жүріп оқ жаудырған. Нәтижесінде 2 полицей, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Пәкістанда бомбаның жарылуынан алты адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 08 наурыз. Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Чаман қаласында болған жарылыстан алты адам зардап шекті. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Жарылыс Ауғанстанмен шекаралас Балучистан провинциясының Чаман қаласындағы Тадж-Роуд жолы бойында орналасқан әскерилендірілген күштер орталығының жанында болған . Оқиға орнына келген құтқарушылар мен қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері  зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді. Жараланғандардың арасында қауіпсіздік […]
    • 4 Years ago
    • 0