Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Конгодағы ауылға жасалған шабуыл салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 01 наурыз. Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан Итури провинциясындағы ауылға жасалған шабуыл салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тапты, деп Синьхуа жаңалықтар агенттігі хабарлайды. Өткен жұмада шабуылдаушылардың қолынан тағы 12 адам ауыр жарақат алды. Бұл туралы провинция әкімшілігіндегі қауіпсіздік күштеріне жақын дереккөз хабарлады. Куәгерлер әскери киім киген шабуылдаушылар ауыл көшелерінде кездескендердің барлығына оқ жаудырғанын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мадуро Венесуэланы қорғау үшін лаңкестікке қарсы корпусын құру туралы мәлімдеді

    НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан. Венесуэла президенті Николас Мадуро бейсенбі күні Колумбия мен АҚШ қолдайтын қылмыскерлерден Боливариан Республикасын қорғау үшін лаңкестікке қарсы ұлттық корпус құру туралы жариялады. Тиісті мәлімдемені ол Каракаста сөз сөйлеу кезінде жасады, деп хабарлайды ТАСС. «Елдің қорғанысын қамтамасыз ету үшін және Колумбия мен Құрама Штаттардан жіберілген барлық лаңкестік топтарды анықтау үшін лаңкестікке қарсы Ұлттық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ИМ 39 содыры Ауғанстан қауіпсіздік күштеріне берілді

    НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан. Бейсенбі күні  Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясында «Ислам мемлекеті» (ИМ) тобының 39 содыры соғысудан тан бас тартып, қауіпсіздік күштеріне берілді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жұма күні жергілікті үкіметке сілтеме жасап хабарлады . Мәлімдемеге сәйкес, Яр Ханның басқаруындағы бұрынғы содырлар соңғы бірнеше жыл ішінде Кунар провинциясының кейбір аудандарында үкіметке қарсы іс-қимылдарға қатысқан. Соңғы бірнеше […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомалидің оңтүстігінде «Аш-Шабабтың» жеті содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Сомалидің ұлттық армиясы оңтүстік-батыс штаттары күштерінің қолдауымен сейсенбі күні елдің оңтүстігіндегі Бай аймағындағы Динсор қаласында операция кезінде «Аш-Шабаб» тобының жеті содырын жойды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап. Динсор әкімшілігінің басшысы Абди Салам Сидоу журналистерге бірлескен операция әскерилер бұл аймақта содырлардың болуы туралы барлау мәліметтерін алғаннан кейін жүргізілгенін айтты . […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияда Ыстамбұлдағы лаңкестік шабуылдарды дайындады деген күдікпен 10 адамды қамауға алды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Түркия қауіпсіздік күштері Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекеттерді жоспарлады деген күдікпен 10 адамды ұстады. Билік қамауға алынғандарды елде тыйым салынған Күрд жұмысшылар партиясының және Сирияның күрдтік «Халықтың өзін-өзі қорғау отрядтарының» мүшелері деп санайды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Анадолу ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлады . Олардың айтуынша, қауіпсіздік органдарына Түркияға «үкімет шенеуніктері, жергілікті әкімшілік жетекшілері […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ташкентте Сириядағы террористік топқа қосылмақ болған 21 адам ұсталған

    НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. 26 ақпанда Ташкент және Ташкент облысы аумағында халықаралық террористік ұйымдардың ықпалына тап болған бір топ адам ұсталды деп хабарлайды Өзбекстанның ішкі істер министрлігі, деп centralasian.org хабарлайды.  Мәлімдемеде көрсетілгендей, ұсталғандар Сириядағы террористік ұйымдарды қолдап, қатарына қосылмақ болған. Оларға қарсы қылмыстық іс қозғалған. Тергеу ісі барысында 24 мекен-жайға тінту жүргізіліп, 21 адам ішкі істер […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тунистегі арнайы операция кезінде екі лаңкес жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Тунистің қауіпсіздік күштері екі лаңкестің көзің жойды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Tunis Afrique Presse-ке сілтеме жасап хабарлады . Лаңкестер сейсенбі күні кешке Тунистің батысындағы Кассерин провинциясында алдын-ала операциясы кезінде өлтірілді, деп мәлімдеді жасырын болып қалуды қалаған құқық қорғау органдарындағы дереккөз. Сейсенбіден  сәрсенбіге қараған түні Тунистің Ұлттық гвардиясы мен әскері  «Ислам мемлекетімен» (ҚР […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 19 жасар американдық Пентагон жанындағы автотұрақта көлікті жармақ болды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Арканзас штатының 19 жастағы тұрғыны Пентагон ғимаратының алдындағы тұрақта біреудің Land Rover көлігін жарып жіберуге тырысқан. Бұл туралы The Washington Post  сілтеме жасап baq.kz жазды. Оқиға 24 ақпанда болды. Полиция қызметкері Пентагонның солтүстік тұрағында Арканзастан келген Мэттью Ричардсонды байқап қалады. Жас жігіт темекі тұтандырғыш арқылы матаны Land Rover көлігінің жанармай құятын багына […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Арнайы операциялар кезінде Ирактың солтүстігінде ИМ 39 содырлары жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Ирактың Салах-эд-Дин  провинциясындағы ИМ-не қарсы ұрыс қимылдарының барысында «Ислам мемлекеті» (ИМ) (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  экстремистік тобының 39 содыры қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Ирак ҚК Біріккен қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Мәлімдемеде айтылғандай, барлау деректері негізінде әрекет ете отырып, терроризмге қарсы қызметтің арнайы күштері халықаралық коалиция авиациясының қолдауымен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігінде жол бойындағы бомба жарылып, төрт әскери қызметші жараланды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Сейсенбі күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі Забуль провинциясында жол жиегіне салынған бомба жарылысынан әскери автокөлік жарылып, төрт ауған әскери қызметшісі жараланды. Бұл туралы жергілікті үкіметтің ресми өкілі Гүль Ислам Саял мәлімдеді, деп жазады Синьхуа агенттігі. Оның айтуынша, оқиға түскі уақытта Арғандаб ауданындағы жолда орын алған, жарылыс салдарынан Ауғанстан ұлттық армиясының төрт мүшесі жарақат алған. […]
    • 4 Years ago
    • 0