Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркия әуе күштері Ирактың солтүстігінде 10 террористтің көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан. Ирактың солтүстігіндегі Кандил тауы аймағында КЖП-ның  10 содыры залалсыздандырылды, деп Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап TRT жазады. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің (ҰҚМ) Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде Кандил аймағында КЖП-ның содырларының анықталғанын білдірді. Мәлімдемеде «Ирактың солтүстігіндегі Кандил тауы аймағында анықталған КЖП-ның 10 содыры  Түрік Қарулы күштері және Ұлттық барлау ұйымының әуе операциясымен залалсыздандырылды» делінді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғаныстан астанасындағы жарылыста екі бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан.  Ауғанстанның бас қаласы Кабулда қатарынан жасалған бомбалы шабуылдарда екі бейбіт адам қаза тапты, деп жергілікті полицияға сілтеме жасап TRT хабарлайды.  Кабул полиция дирекциясы мәлімдемешісі Фердевс Фарамарз Джуй Шир және Селим Керуен аймақтарында бомбалы шабуылдар жасалғанын білдірді. Фарамарз шабуыл кезінде 2 бейбіт тұрғынның қаза тауып, 4 адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Әзірге шабуылдардың жауапкершілігін ешкім […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ингушетияда «Имарат Кавказ» террористік қоғамдастығының мүшелері ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан.   «Имарат Кавказ» (Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының шешімімен террористік деп танылды және Ресей Федерациясының аумағында тыйым салынған) террористік қоғамдастығының жетекшілері мен мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде Ресей Тергеу Комитетінің аса маңызды істерді тергеу жөніндегі бас басқармасында Күрейш Джандигов, Ислам Жандигов, сондай-ақ Адам Хашиев ұсталды, деп Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі С.Петренко мәлімдеді. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы жарылыс 2 адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.   Ауғанстан астанасының Женгелек ауданында дүйсенбіде болған жарылыс екі адамның өмірін қиды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Жергілікті полиция өкілі Фердевс Фарамарз жарылғыш зат әскери көлікке салынғанын хабарлады. Қаза тапқандардың бірі — әскери қызметкер, тағы бір әскери қызметкер жарақат алды. Бүгін Кабулдың төртінші ауданында Бейбітшілік министрлігінің өкілі Хошнуд Набизаденің көлігі жарылды. Зардап шеккендер жоқ. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қостанай автовокзалына «бомба» қойылды

    ҚОСТАНАЙ, 01 ақпан. Қостанай облысы полиция департаменті қызметкерінің электронды поштасына автовокзалға қойылған «бомба» туралы хабарлама түсті. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте облыстық полиция департаментін экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Сембин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2021 жылғы 1 ақпан күні​ полиция департаменті қызметкерінің электрондық поштасына автовокзал аумағына жарылғыш заттың қойылғаны, террорлық акт туралы хабарлама […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияның солтүстік-батысында ДАИШ террористі ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.  Түркияның солтүстік-батысындағы Ялова провинциясында арнайы операция нәтижесінде  Түркияда қастандық жасауды жоспарлаған ДАИШ-тің содыры ұсталғанын Ішкі істер министр Сүлейман Сойлуға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. «Яловадағы операция сәтті аяқталды.  Полиция басқармасының терроризммен күрес тобы, барлау қызметі, Ялова полиция ұйымын құттықтаймын», — деп жазды министр Twitter-ге.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ингушетияда террористердің үш жәрдемдесі ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.  Ингушетияда 2020 жылдың жазында республикада арнайы операция кезінде жойылған лаңкестердің үш сыбайласы ұсталды, деп аймақтың құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Ингушетиядағы жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде республикада өткен жазда болған арнайы операция барысында жойылған террористерге көмек көрсетуге қатысы бар деген күдікпен үш жергілікті тұрғын ұсталды. Барлық ұсталғандар жауап алу үшін Владикавказға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігіндегі террорлық шабуылдарда 10 кісі қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.  Сирияның солтүстігіндегі Баб пен Азиз аудандарында ұйымдастырылған террорлық шабуылдарда 10 кісі қаза тапты, 24 адам жараланды, деп TRT хабарлайды.  Азиздің аудан орталығында Сирия өтпелі үкіметі ғимаратына және Азиз Мәдениет орталығының қасындағы көлікке орналастырылған бомбалар жарылды. Шабуылда 4 кісі қаза тапты, 20 кісі жараланды. Азиздегі жарылыстан кейін Баб ауданының 5 километр шығысындағы Зерзур аймағындағы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасындағы террорлық шабуыл үшін «Аш-Шабаб» тобы жауапкершілікті өз мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.  Сомали астанасы Могадишода жанкешті-лаңкес жарылғыш зат тиелген көлікті жарып жіберді, салдарынан, кем дегенде бес адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды, деп ел полициясына сілтеме жасап Синьхуа хабарлайды. Оқиға 31 қаңтарда шамамен 17.00-де болған, Могадишодағы Аден Адде халықаралық әуежайына жақын орналасқан бақылау-өткізу пунктінің жанындағы Afrik Hotel қонақ үйінің жанында бомба салынған көлік жарылды […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Францияда 2020 жылы мұсылмандарға қарсы шабуылдар 53% артты

    НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар.  Францияда Исламға қарсы шабуылдар 2020 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 53 пайызға өсті.Бұл туралы Франция Исламофобия бақылау орталығының басшысы Абдулла Зекри мәлімдемесіне сілтеме жасап  TRT хабарлайды.  Француз Ислам Кеңесіне қарасты Франция Исламофобия бақалау орталығы басшысы Абдулла Зекри мәлімдемесінде елде шабуылдардың көбінесе Рона-Альпі провинциясы, Паджа, Париж және Иле-де-Франс аймақтарында болғанын мәлімдеді. Былтыр мұсылмандарға қарсы 235 шабуыл […]
    • 4 Years ago
    • 0