Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Малиде теракт салдарынан Францияның үш әскери қызметші қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан.Дүйсенбі күні Малиде үш француз сарбазы қаза тапты. Бұл туралы Франция президенті кеңсесінің баспасөз хабарламасына сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі жазады. Мәлімдемеде 28 желтоқсан күні таңертең әскери тапсырмада болған француз әскерінің бронетранспортеріне жарылғыш затпен шабуыл жасалып, үш сарбаз қаза тапқаны айтылған. Франция президенті Эммануэль Макрон бұл сарбаздарға деген құрметін білдіріп, елдің терроризмге қарсы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Аден әуежайда бірнеше жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан.Йеменннің ең ірі қалаларының бірі Аден әуежайында үш бірдей жарылыс болды. Оқиға үкіметтің жаңадан жасақталған құрамы ұшып келген кезде болған. Бұл туралы Al Arabiya-ға сілтеме жасап 24.kz хабарлайды. Басылым мәліметінше, жарылыс министрлер ұшақтан түсетін кезде әуежай терминалында болған. Көз жұмғандар мен зардап шеккендер көп көрінеді. БАҚ-та атыс болғаны туралы да ақпарат тарауда. Йемен үкіметінің […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сириядағы шабуылда 2 адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан.Азез ауданында көлікке тиелген бомбамен ұйымдастырылған шабуылда 2 адам жарақат алды, деп TRT жазады.  Сирияның солтүстігінде оппозициялардың бақылауындағы Азез ауданында көлікке тиелген бомбамен ұйымдастырылған шабуылда 2 адам жарақат алды. Килис провинциясының қарсы жағында орын алған Азез ауданы орталығында таңғы уақыттарда бір дүкеннің алдына тасталған бомба жарылды. Жарылыста ешбір адам қаза тапқан жоқ. Бірақ маңы зақымдалды, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирактың солтүстігінде КЖП-ның 8 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан.Түркия әуе күштері Ирактың солтүстігіндегі Авашин-Басьян аймағында КЖП-ның сегіз террористерін залалсыздандырды, деп жазады Анадолу агенттігі Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. «Операциялар террористер толығымен жойылғанға дейін жалғасады»,- деп атап өтілді министрлікте. КЖП террористері Түркиядағы жағдайды тұрақсыздандыру және мемлекеттілікке нұқсан келтіруге бағытталған террористік шабуылдыр жасайды. Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап PKK содырлары […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Польшада лаңкестерге қаржылай жәрдем көрсетті деген күдікпен Ирак азаматтары ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан.Польшаның Ішкі қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері террористік ұйымдарға қаржылай көмек көрсетті деген күдікпен осы елде тұратын Ирактың екі азаматын ұстады. Бұл туралы Polskie Radio 24-ке сілтеме жасап  REGNUM АА  хабарлады. Польша құпия қызметтерінің үйлестірушісі Станислав Жарин құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұсталған екі Ирак азаматы өз қаражаттарын «Ислам мемлекетіне» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) жәрдем […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалиде бомбалы шабуылда 7 адам жазым болды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан.Жолға орналастырған мина жарылып, 7 адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Сомалиде бір көлік жолға орналастырылған минаның үстінен өтіп бара жатқанда жарылды, 7 адам қаза тапты. Сомали ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда жарылыс Жуба аймағында Кисмайо мен Доблей арасындағы автожолда болды. Жарылыста араларында 6 айлық нәресте де бар 7 адам опат болды. Шабуылды қазірше […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қырғызстанның ҰҚМК: Ел аумағына заңсыз кірген лаңкестер ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан. Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында ТМД елдерінің бірінің екі азаматы ұсталды. Бұл туралы ҰҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап centralasian.org хабарлады. Арнайы қызмет мәліметіне қарағанда, олар террористік шабуылдарды жетілдіру үшін Қырғызстан аумағына заңсыз кіріп, жалған құжаттармен Сирияға кетпек болған. Комитеттің хабарлауынша, ұсталғандар Жалал-Абадтағы терегу изоляторында отыр. Оларға көмектескендерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр. ҰҚМК-нің 2018 жылғы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияда 5 ай ішінде Yıldırım операциясы аясында 148 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан. 13 шілдеден бері жалғасып келе жатқан Yıldırım (Йылдырым) операциясының түрлі кезеңдері аясында Түркияда 148 КЖП террористі залалсыздандырылды, деп хабарлайды Anadolu агенттігі. Түркия ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Шырнак пен Сиирт провинцияларында басталған операция Жандармерия қолбасшылығының басшылығымен жалғасуда. Операцияға қауіпсіздік күштерінің 3 251 қызметкері, соның ішінде жандармерия арнайы жасағы мен полицияның арнайы жасағы қатысты. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Талибан» содырлары Ауғанстанның батысында шабуыл жасады, бір адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан. «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның батысындағы Фарах провинциясының Анардере ауданына шабуыл жасады, деп хабарлады Анадолу агенттігі. Тадж провинциясының губернаторы Мұхаммед Джахидтің журналистерге берген сұхбатында тәліптер Анардере орталығында бомба қойылған машинаны жарып, содан кейін оқ жаудырғанын айтты. Шабуыл салдарынан бір тәртіп сақшысы қаза тапты, тағы екеуі жарақат алды. Джахидтің айтуынша, атыс кезінде көптеген содырлар […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Грозныйда содырлармен атыс кезінде екі полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан. Грозныйда шабуыл салдарынан құқық қорғау органдарының екі қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС дереккөзге сілтеме жасап.  «Алдын ала ақпарат бойынша, Грозныйдағы атыс салдарынан екі тәртіп сақшысы қаза тапты. Бір содырдың көзі жойылды », — деді агенттіктің сұхбаттасы. Тағы бір ақпарат көзі Путин даңғылында тәртіп сақшыларына қарулы содыр шабуыл жасады деп мәлімдеді. «Атыс […]
    • 3 Years ago
    • 0