Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Нигерияның солтүстік-шығысында исламшылдардың екі шабуылы кем дегенде 60 адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым. Сенбі күні Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында исламшыл-содырлардың екі шабуылынан кем дегенде 40 бейбіт тұрғын мен 20 әскери қызметкер қаза болды. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады . Олардың айтуынша, шабуылдар Монгуно мен Нганзай жергілікті өзін-өзі басқару аймақтарында болған. Еске сала кетейік, бұған дейін 9 маусым күні  Борно штатының Губио аймағында […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның шығысында «Талибан» шабуылы салдарынан аудандық полиция бастығы қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым. Ауғанстанның шығысындағы Пактика провинциясында «Талибан» қозғалысының содырларымен болған қақтығыста аудандық полиция бастығы өлтірілді, тағы төрт полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі провинциялық полиция бөлімшесінің өкіліне сілтеме жасап. «Сәрсенбі күні кешке Баак-Хиль ауданында «Талибан» қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) содырларымен болған қақтығыста Баак-Хиль ауданының полиция бастығы Абдулла Джан өлтіріліп және […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Талибан мен Ауғанстан келіссөздері жақын арада басталады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым. АҚШ-тың Ауғанстан арнайы өкілі Залмай Халилзад Талибан мен Ауғанстан арасында келіссөздердің басталуына аз уақыт қалғанын айтты, деп TRT жазады.  Америка Құрама Штаттарының Ауғанстан арнайы өкілі Залмай Халилзад Талибан мен Ауғанстан арасында келіссөздердің басталуына аз уақыт қалғанын айтты. Халилзад твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде Талибан мен Ауғанстан үкіметі арасында жалғасқан тұтқын алмасу жұмысының қысқа уақыт […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда шабуыл кезінде жеті әскери қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым. Ауғанстанда «Талибан» мүшелерінің шабуылынан қауіпсіздік қызметінің жеті сарбазы қаза тапты, деп Tolo News сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.  Оқыс оқиға Гор провинциясында болған. Шабуыл таяудағы кеште Пасабанд уезінде жасалған.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Пәкістанның шығысындағы провинциясында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым. Пәкістанның шығысындағы Пенджаб провинциясының Равалпинди қаласындағы базарда  жұма күні кешке жарылыс болды, салдарынан бір адам қаза тауып тағы 11 жарақат алды, деп Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлайды. Жергілікті полициядағы дереккөздің хабарлауынша, жарылыс салдарынан бір саудагер қаза тапты, тағы 11 адам, оның ішінде саудагерлер мен жолаушылар жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Оның айтуынша, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Норвегияда сот мешітте оқ атқан адамды 21 жылға бас бостандығынан айырды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым. Аскер мен Бэрум аудандық соты 2019 жылы тамызда өзінің өгей әпкесін өлтірді және Осло қаласының маңындағы мешітте оқ атты деп айыпталған Филип Мансхаусқа Норвегияда ең жоғары 21 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп  отырыстың жазбаша трансляциясың өзінің веб-сайтында таратқан NRK телерадиокомпаниясы хабарлады. Бұл туралы РИА Новости жазады. «Филип Мансхаус 21 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БҰҰ Бас хатшысы Малиді қолдауды жалғастыруға шақырды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым. Мали саяси тұрақтылыққа қол жеткізу үшін әрекет жасап жатыр, бірақ әлі де терроризм және COVID-19 эпидемиясы сияқты көптеген қиындықтарға кезігеді. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді. Ол халықаралық қауымдастықты осы елге қолдау көрсетуді жалғастыруға шақырды, деп жазады Синьхуа агенттігі . «Саяси тұрғыдан тұрақты және қауіпсіз Малиді құру үшін, біздің ұжымдық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы мешітте болған жарылыстан төрт адам қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым. Ауғанстанда кезекті лаңкестік әрекет болды, деп хабарлайды 24.kz. Ел астанасы Кабул қаласының батыс бөлігінде мешіт ішінде бомба жарылды. Одан төрт адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Жарылыс жұма намазы кезінде болған. Әзірге бұл лаңкестік шабуыл үшін ешбір ұйым жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Бұл елде Тәлібан және Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ұлыбритания футбол матчтары қайта бастағаннан кейін лаңкестік шабуылдардан қауіптенеді

    НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым. Англия премьер-лигада  17 маусымнан бастап футбол матчтарын қайта бастауға дайындалуда. Олар коронавирус індетіне байланысты көрерменсіз өтеді, деп Daily Mail-ге сілтеме жасап zakon.kz  хабарлайды.   Лига жетекшілері бос стадиондардағы матчтар кезінде лаңкестер арандату мен түрлі шабуылдар ұйымдастыруы мүмкін деп қауіптенеді. Әр клубқа жіберілген «Жабық есіктер артында өткізілетін іс-шаралары жөніндегі нұсқаулық» құжатында EFL «футбол […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Саратов қаласының тұрғыны Сириядағы лаңкестер қатарына қосылуға тырысқаны үшін сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым. Сот Сирияға барып лаңкестер қатарына қосылуға тырысқан ер азаматқа үкім шығарды.Ол қатаң тәртіптегі колонияға бес жарым жылға  қамалды, деп Саратов облысы бойынша ФҚҚБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Ер адам Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 208-бабы («Шет мемлекеттің аумағында заңмен белгіленбеген қарулы құрылымға қатысу») бойынша кінәлі деп танылды. Оған қатаң режимдегі түзеу […]
    • 4 Years ago
    • 0