Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Өзбекстанда «Жиһадшылар» экстремистік ағымның мүшелері ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым. Өзбекстанның Сурхандария облысында «Жиһадшылар» экстремистік тобы мүшелерінің заңсыз әрекетінің жолы кесілді, деп облыстың Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан хабарлайды. Экстремистік әрекетке күдікті азаматтардың ұялы телефондарының жадында және компьютерлерінің қатқыл дискілерінде тыйым салынған әдебиеттер сақталған. Бұл ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу, материалдарды алу мен тергеу әрекеттері нәтижесінде анықталды. Экстремистік топ […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Грузияда Фетуллах Гюленнің тағы бір мектебі лицензиясынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым. Грузиядағы білім сапасын дамытудың ұлттық орталығы Фетуллах Гюлен басқаратын «Параллельді мемлекет» (FETÖ) лаңкестік ұйымының қолдаушылары құрған Шота Руставели атындағы бастауыш мектебі мен лицейінің лицензиясынан айырды. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлады . Рустави қаласында жұмыс істейтін білім беру мекемесінің лицензиясы инфрақұрылым мен жылдық оқу жоспарының Грузия мемлекеттік стандарттарына сәйкес келмеуіне байланысты қайтарып алынды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде мас күйіндегі телефон “терристі” ұсталды

    АҚТӨБЕ, 10 маусым. Өтірік ақпарат таратып, қоңырау шалған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 9 маусым сағат 16.31-де Ақтөбе қаласының ПБ “102” телефонына белгісіз ер адамнан Гришин көшесіндегі шағын отбасылық жатақхана бөлмелерінің бірінде бомба салынғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы және шұғыл қызметтер жіберілді. Жатақхананы жан-жағынан қоршап, саперлер көрсетілген бөлмені тексерді, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияда ИМ-нің күдікті жеті мүшесі ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым. Түркия билігі елдің солтүстік-батысындағы Дюздже  провинциясында «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобының күдікті жеті мүшесін ұстады. Бұл туралы Анадолу ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Дюздже Бас прокуратурасы жүргізген тергеу барысында күдіктілердің осы радикалды топтағы жоғары дәрежелі жарылғыш сарапшылар екені анықталды . Олар провинциялық қауіпсіздік қызметі анықтаған мекен-жайлар бойынша бір уақытта […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомали әскери күштері «Аш-Шабаб» тобының отыз жеті содырын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 маусым. Могадишодан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Сомали армиясы өткен сенбі күні елдің оңтүстігінде өткізген әскери операция кезінде «Аш-Шабаб» экстремистік тобының 37 содырын өлтірді, деп хабарлады Синьхуа агенттігі. Үкімет армиясының қолбасшысы Одав Юсуф Радждың мәліметінше, тиісті ақпарат алғаннан кейін әскерилер Сомалидың оңтүстігіндегі «Аш-Шабаб» содырларының күштеріне шабуыл жасады . Операция кезінде 37 содыр өлтірілді, соның […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда әскери операция кезінде кемінде 70 содыр жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 маусым. Нигерияның солтүстік-батысындағы Кадуна штатындағы әскери операция кезінде кемінде 70 содыр өлтірілді. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі армия өкілі Джон Эненчеге сілтеме жасап хабарлады. Оның айтуынша, билік қарулы бандиттер мен мал айдап әкетушілер деп санаган содырлар жұма күні Кашия орманындағы баспаналарының бірінде жойылды. «Келісім » операциясы — бірнеше жылдар бойы зорлық-зомбылықпен бүлінген , […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның Эль-Хасака провинциясында болған бомба жарылысынан сегіз адам қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 маусым. Бүгін Эль-Хасака провинциясында (Сирияның солтүстік-шығысы) болған бомба жарылысынан кемінде сегіз адам қаза тауып, тағы жетеуі жарақат алды. Бұл туралы SANA Сириялық мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Агенттіктің хабарлауынша, жарылыс Эль-Хасака провинциясының солтүстік-батыс бөлігіндегі Рас-эль-Айн қаласынан оңтүстікке қарай орналасқан Таль Халаф аймағында болған.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тұрғын үйді «миналаған» ақмолалық ұсталды

    КӨКШЕТАУ, 07 маусым. Ақмола облысында терроризм актісі туралы телефон арқылы көрінеу жалған хабар берген ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, келеңсіз жағдай Аршалы кентінде тіркелген. Маусымның 5-де жергілікті полиция бөлімінің «112» арнайы телефон желісіне ер адам қоңырау шалып, тұрғын үйлердің біріне «бомба» қойылғанын хабарлаған. Ол жарылғыш зат […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Малиде «Аль-Каиданың» Солтүстік Африкадағы көшбасшысы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Малидің солтүстігінде жүргізілген операцияның нәтижесінде Солтүстік Африкадағы «Аль-Каида» лаңкестік ұйымының жетекшісі Абдельмалек Друкдаль және оның қасындағы адамдар жойылды, деп Францияның қорғаныс министрі Флоренс Парлиге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «3 маусым күні  Малидің солтүстігінде француз күштері серіктестерінің қолдауымен өткізген операция кезінде «Ислам Мағрибіндегі (AQMI) Аль-Каида» әмірін, Абдельмалек Друкдальды және оның көптеген серіктерін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның батысында «Талибан» қозғалысының 16 содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Ауғанстанның батысындағы Фарах провинциясында ауған әскери-әуе күштері жасаған әуе соққылары нәтижесінде «Талибан» қозғалысының  16 содыры жойылды, тағы бесеуі жарақат алды. Бұл туралы провинция полициясының өкілі Мухибулла Мухибке сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. «Талибан» қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым)  содырлары жұма күні таңертең Фарахтың маңындағы Дехак ауылына шабуыл жасамас бұрын қауіпсіздік күштерінің […]
    • 4 Years ago
    • 0