Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ұлыбританияда қарулы шабуылдан 3 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Ұлыбританияның Рединг қаласында қарулы шабуыл болып, 3 адам қаза тапты, деп 24.kz хабарлайды.  Тағы екі азамат жарақат алған. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам саябақта демалып жүрген бір топ кісіге пышақ ала ұмтылған. Осыған байланысты олар оқиға орнына бірден полиция қызметкерлерін шақырыпты. Қазір қылмыскер қамауда. Тергеушілер оның мұндай қадамға неліктен барғанын анықтап жатыр. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның екі провинциясында «Талибанның» он жеті содыр жойылды

     НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым.Бейсенбіден жұмаға қараған түні Ауғанстанның екі провинциясында «Талибанның» 17 содыры жойылды, тағы біреуі жараланды. Бұл ақпаратты ауған арнайы күштерінің қолбасшылығы растады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі . «Талибан» қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) бір топ содырлары Кандагар оңтүстік провинциясының Мианшин ауданындағы бақылау-өткізу пункттеріне шабуыл жасады. Ауғанстан ұлттық армиясының Арнайы операциялар корпусының мәлімдемесінде Ауғанстан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігіндегі діни мектепте болған жарылыстан жеті адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым. Бейсенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Тахар провинциясының Ишкамыш ауданындағы діни мектепте бомбаның жарылуы салдарынан кемінде жеті адам қаза тауып, тағы сегізі жарақат алды. Бұл туралы провинция полициясының ресми өкілі Абдул Халил Асирге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, жарылыс түскі сағаттарда болған. Жарылыс салдарынан жеті адам оқиға орнында қаза болды, тағы сегізі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ Дағыстанға шабуыл жасағаны үшін Басаев бандасының мүшелерін ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым. ФҚҚ қызметкерлері 1999 жылы Дағыстанға жасалған шабуылға қатысқан Шамиль Басаев пен Хаттаб бандасының  екі мүшесін ұстады. Бұл туралы 17 маусымда ФҚҚ-нің қоғаммен байланыс орталығына  сілтеме жасап REGNUM хабарлады. Ставрополь өлкесінің тумалары Суртланбек Аджиньязов пен 51 жастағы Русланбек Арсланов ұсталғандығы айтылған. Жақын арада оларға «Құқық қорғау органының қызметкерінің өміріне қастандық жасау» бабы бойынша […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде содырлардың шабуылынан жеті полицей қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым. Ауғанстанның солтүстік-шығысында болған содырлардың шабуылынан кемінде жеті полицей қаза тапты, деп  қауіпсіздік қызметіндегі  дереккөз хабарлады. Бұл туралы 18 маусымда Tolo News-ке сілтеме жасап REGNUM жазады. Шабуыл Баглан Пули-Хумри провинциясының астанасында 17 маусым күні кешке болған. «Талибан» қозғалысының содырлар тобы (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) әскери базаға шабуыл жасады. Шабуыл кезінде бес қауіпсіздік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасында болған жарылыс салдарынан ондаған адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым. Сомали астанасы Могадишу қаласында лаңкестік әрекет орын алды. Бұл туралы 18 маусымда Anadolu Ajansi-ге сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Журналистердің айтуынша, бомба жарылысы салдарынан ондаған адам жарақат алған, олардың барлығы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Болған оқиға үшін әлі бір де лаңкестік топ жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Алайда, лаңкестік әрекетті «Аш-Шабаб» содырлары жасады […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сенегалдың оңтүстігінде мина жарылысынан екі әскери қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым. Сенегалдың  оңтүстігіңдегі Казаманс аймағында мина жарылысынан Қарулы Күштерінің екі әскери қызметкері қаза тапты, тағы екі адам жараланды. Бұл туралы Сенегалдық армия жариялаған коммюникеге сілтеме жасап Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады . Дүйсенбі күні әскери қызметшілер заңсыз контрабандалық және қарулы топтармен күресу бойынша тапсырмаларды орындау кезінде танкке қарсы минада жарылды деп айтылады. Бұл Казаманс […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда Ресей әскери қызметкерлерінің екі күндік оқу-жаттығулары аяқталды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым. Тәжікстандағы Ресейдің 201-ші әскери базасының мотоатқыштар бөлімшелерінің әскери қызметкерлері Ляур полигонында тактикалық жаттығулар өткізді, деп Орталық әскери округінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Таджикистан жазады. Артиллериялық батареяның мина атқыштар тобы оқ ату шебіне келіп, 120 мм «Сани» мина атқыштарын қолдана отырып, шатқалдарда және қол жетпейтін биіктікте жасырынған шартты түрдегі жаудың маневрлі бронды […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияда лаңкестер қатарында соғысқаны үшін Ингушетия тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым. Ингушетияда Сириядағы лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы республика тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды . Бұл туралы аймақтағы РФ ТК Тергеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті 2015 жылы Сириядағы содырлар лагерінде физикалық және психологиялық даярлықтан өткен. Ол жерде, атап айтқанда, қару мен жарылғыш құрылғылармен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияда ИМ байланыста болды деген күдікпен сегіз адам ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым. Түркияның құқық қорғау органдары ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  байланысы бар деп айыпталған Ирактың сегіз азаматын ұстады. Бұл туралы 15 маусымда Anadolu Ajansi хабарлады, деп REGNUM жазады. Тұтқындаулар ел астанасы, Анкара қаласында өтті. Ұсталғандар мемлекет аумағына заңсыз кірген. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталғандардың барлығы ИМ қатарында (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) […]
    • 4 Years ago
    • 0