Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Оралда сауда орталығына «бомба» қойған ер адам ұсталды

    ОРАЛ, 26 ақпан. Оралда ер адам «City Center» сауда ойын-сауық орталығына бомба қойылғаны жөнінде жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 102 телефонына кеше  шамамен сағат 16.45-те қоңырау шалынған. Жедел іздестіру шаралары барысында Орал қаласының 1989 жылғы тұрғыны анықталып, ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша ол «бомба» қойылғанын хабарлаған кезде мас […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қырғызстанда қамауда отырған адам «телефон терроризмі» актісін жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан. Қырғызстанда түрмедегі тұтқын арнайы қызметке қоңырау шалып, Бішкекте дайындалып жатқан терактілер туралы хабарлады, деп Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі жазады. Колонияның айыптық изоляторында ұсталған «телефон лаңкесі» жауап алу барысында кінәсін мойындады. Бұндай әрекетке бару себебі басқа қамаудағылар тарапынан түскен қауіп-қатерлер болды,  делінген хабарламада. Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Самарқандта Орталық Азиядағы шекара қауіпсіздігі мәселелері талқыланады

    НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан. Самарқандта ТМД-ға мүше мемлекеттердің шекара ведомстволары басшыларының аймақтық кездесуі өтеді, деп хабарлайды УзТАГ . «2020 жылдың наурыз айында Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің шекара ведомстволарының басшыларының 5-ші аймақтық кездесуі өтеді», — деп хабарлайды Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің үйлестіру қызметі. Кеңеске Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстанның шекара ведомстволарының басшылары мен Шекара […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Трамп тәліптермен бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан. АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстандағы бастапқы бітім сақталса, ауған тәліптерімен бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеді, деп centralasian.org хабарлайды.  23 ақпанда Үндістанға сапары алдында журналистер сұрағына жауап берген Трамп «Біз оларды [тәлібтер] келісім жасасқысы келеді деп санаймыз. Біздің де келісім жасасқымыз келеді. Менің ойымша, болатын сияқты, көреміз», — деді. Бұған дейін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Пәкістанның солтүстік-батысында полиция бес содырдың көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан. Сенбі күні Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласында атыс кезінде полиция бес содырды өлтірді, деп жазады Синьхуа агенттігі . Терроризмге қарсы басқармасы баспасөз хатшысының айтуынша, полиция қызметкерлері  елдің солтүстік-батысында Хайбер-Пахтунхва провинциясының әкімшілік орталығында іздеу жұмыстарын бастады. Өкілдің айтуынша, атыс полиция қызметкерлері операция кезінде болжалды содырлардың панасына кіруге тырысқаннан кейін басталған , нәтижесінде бес содырдың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Израиль әскерилері жарылғыш зат қоймақ болған палестиналықтарға оқ жаудырды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан. Израиль әскерлері Газа шекарасындағы бөлу қоршауына жарылғыш зат қойғысы келген палестиналықтарға оқ жаудырды, деп хабарлайды РИА Новости армияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Біраз уақыт бұрын ЦАХАЛ әскери қызметкерлері Газа секторының оңтүстігінде қауіпсіздік қоршауына жақындап  жарылғыш қондырғы орната бастаған екі палестиналықты байқады. Оларға оқ атылды », — деді әскери қызметкерлер. Көздеген нысан жойылды, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Орталық Азия елдеріне қару-жарақ жеткізілімі тоқтатылады

    Ресей БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінде террористерге қару-жарақтың жеткізілуіне жол бермеу жөніндегі жобаны жүзеге асыру үшін 500 мың доллар бөлді. Бұл туралы жұмада Ресейдің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Василий Небензя БҰҰ-ның терроризмге қарсы кеңсесінің қолдауымен жаңа жобаны бастау жөніндегі шарада сөз сөйлегенде мәлімдеді, деп gossluzhba.kz   хабарлайды.  «Бұл БҰҰ қамқорлығындағы антитеррор, қарусыздану және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес астасқан алғашқы кешенді техникалық көмек […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда зардап шеккендер саны жүз мыңнан асты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан.Ұйымның баяндамасында көрсетілгендей, БҰҰ-ның Ауғанстандағы көмек миссиясы есеп жүргізе бастағаннан бері  Ауғанстандағы қақтығыстарда соңғы 10 жыл ішінде 100 мыңнан астам адам жараланды немесе қаза болды, ал 2019 жылы өлгендер мен зардап шеккендер саны 10 мыңнан асты, деп gossluzhba.kz хабарлайды.  Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті Мемлекеттік хатшы Майк Помпео атынан жасаған мәлімдемесінде АҚШ-тың 29 ақпанда «Талибан» қозғалысымен келісімге қол қоюға дайындалып жатқанын айтқан болатын. Tolo […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан 200 әйел мен баланы Сириядан шығару үшін келіссөз жүргізіп жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан. Тәжік билігінің мәлімдеуінше, қазір Сирия түрмелерінде Тәжікстанның шамамен 500 азаматы отыр, деп centralasian.org хабарлайды.  Олардың дені «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы жағында қарулы әрекеттерге қатысты деген айыппен ұсталған. Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддиннің мәлімдеуінше, Сирия аумағында 219 әйел мен бала елге оралғысы келеді. Тәжік билігі Дамаскімен келіссөздер жүргізіп жатыр. ЮНИСЕФ және Қызыл Крест […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сахель аймағында терроризмге қарсы күресті Франция мен АҚШ президенттері талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан. АҚШ пен Франция президенттері Дональд Трамп пен Эммануэль Макрон сейсенбі күні телефон арқылы сөйлесу барысында НАТО мен Африканың тропикалық Саванна аймағы — Сахель аймағында терроризмге қарсы күресті талқылады. Бұл туралы Ақ үй баспасөз хатшысының орынбасары Джадда Дирге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Екі көшбасшы НАТО — ның маңыздылығын, АҚШ пен Францияның Сахелдегі терроризмге […]
    • 4 Years ago
    • 0