Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Күрдтер Сириядағы лагерьлерден содырлардың отбасы мүшелері қашып шыққанын хабарлады

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан. Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтердің автономия әкімшілігі Айн-Исса лагерінен «Ислам мемлекеті» террористік тобына қатысы бар бірнеше жүз адамның қашып шыққанын хабарлады. Лагерь «Сирия демократиялық күштері» бақылауындағы аумақта орналасқан, деп Азаттық хабарлайды.  Күрдтер «Ислам мемлекеті» террористік тобының қайта күшеюі мүмкін екенін айтып, ендігәрі «жиһадшыларды» күзетуге басымдық бере алмайтынын хабарлады. Бұл лагерьлерде шамамен 12 мың тұтқын […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сирия-Түркия шиеленісі: БҰҰ мен ЕО алаңдап отыр

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан. Түркия әскері Сириядағы күрд жасақтарын шабуылдап жатқаны белгілі. Ондаған адам опат болды. Олардың арасында бейбіт тұрғындар да бар. Дүниежүзілік қауымдастық осыған алаңдап, «Бейбітшілік қайнары» деп аталған әскери операцияның арты гуманитарлық дағдарысқа әкеліп соғуы мүмкін деп дабыл қақты, деп жазады 24.kz.  Өкінішке қарай соғыстың аты соғыс. Қарулы қақтығыста содырлар мен қоса жазықсыз жандар […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда дәмхананы «жарып» жібермек болған азамат ұсталды

    ҚАРАҒАНДЫ, 14 қазан. Терроризм актiсi туралы жалған хабарлама берген 47 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Baq.kz хабарлады.  13 қазан күні сағат 14:30 шамасында «102» нөміріне Қарағанды қаласы Ленин көшесінің бойында орналасқан кафелердің бірінде белгісіз азамат ғимаратты жарамын деп қорқытқандығы туралы хабарлама түскен. «Оқиға орынына барлық жедел қызметтер жұмылдырылды. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері оқиға орынында 47 жастағы […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан 64 баланы Ирактан әкелді

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. 39 ұл, 25 қыз бала отырған ұшақ Ташкент әуежайына жұма, 11 қазанда қонды. Бұл туралы Өзбекстанның АҚШ-тағы елшісі Явлон Вахаповқа сілтеме жасап Азаттық хабарлайды. «Олардың 14-і үш жасқа да толмаған, екі нәресте бар» деп жазды дипломат Twitter желісінде. Бұл балалардың ата-аналары бірнеше жыл бұрын «Ислам мемлекеті» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) экстремистік […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сирияның Камышлы қаласында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. Сирияның Түркия шекарасына жақын жатқан Камышлы қаласында жарылыс болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды  24.kz.  Тағы 9 тұрғын жарақат алды. Ақпарға қарағанда, көлікке жасырылыған бомба іске қосылған. Лаңкестікті «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» мойнына алды. Еске сала кетейік, Түркия бірнеше күн бұрын Сирияның солтүстігіндегі күрд жасақтарына қарсы әскери операция бастаған болатын. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • ИМ Сириядағы Ресей әскеріне жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті алды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. «Ислам мемлекеті «террористік ұйымы (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) Ресей әскери полициясының қозғалысы жолындағы жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп SITE Intelligence Group порталына сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Бұған дейін, 11 қазанда, Сирияда Ресей әскери полициясы патрулінің қозғалысы бағытында екі жарылғыш құрылғы іске қосылды. Оқиға Анхуль елді мекенінде орын алды. REGNUM  хабарлағандай, […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • БАҚ – Галледе оқ атқан айыпталушы кінәсін мойындады

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан. Штефан Б. (жергілікті заңдар бойынша толық аты жарияланбайды) немістің Галле қаласындағы (Саксония федералды жері)  синагоганың жанында атыс кезінде ұсталған сотта өз кінәсін мойындап, шабуылды экстремистік себептер бойынша жасағанын хабарлады. Бұл туралы 11 қыркүйекте Dpa-international порталына сілтеме жасап Regnum  хабарлады. Тергеудің алдын ала болжамы бойынша, 27 жасар ер адам 9 қазан күні синагога […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Таразда «Теміржол-Антитеррор – 2019» оқу-жаттығуы өтті

    ТАРАЗ, 11 қазан. 2019 жылғы 11 қазанда Тараз қаласында  республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Мемлекеттік органдардың теміржол инфрақұрылымы объектілерінде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл дағдылары пысықталды. Оқу-жаттығу ой-ниеті шеңберінде теміржол инфрақұрылымы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы мен ақпараттық жүйелері киберқорғанының жай-күйі тексерілді. Арнайы мақсаттағы бөлімшелер поездың вагонында кепілдегілерді босату […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Алматы соты деструктивті діни идеология ұстанушысын 10 жылға соттады

    АЛМАТЫ, 10 қазан. Алматы қаласы Алмалы аудандық қылмыстық соты А.Ж. Бітімбаевты терроризм актісіне дайындалу, терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша 10 жылға соттады, деп Ktk.kz хабарлайды.  Үкім заңды күшіне енді. Ол ҰҚК назарына деструктивті діни идеологияны ұстанушы және Қазақстан Республикасында тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымының жақтасы ретінде ілікті. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Лаңкестік аймақтан келген балаларды оңалтумен Білім министрлігі айналысады

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан. Мемлекет лаңкестік белсенділік жоғары аймақтардан келген балаларға кепілдендірілген көмек көрсетеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сонымен қатар министрліктің лаңкестік белсенділік жоғары аймақтардан келген балаларды оңалтуға бағытталған шараларды үйлестіру және аталған санаттағы балаларға мемлекеттің кепілдендірілген көмегін көрсету үшін оларды өмірлік қиын жағдайда қалған тұлғаларға жатқызу […]
    • 6 Years ago
    • 0