Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Кәрім Мәсімов ҚР Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде. 10 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдері 2018 — 2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың аралық қорытындыларын жасады. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Таразда банкке «бомба қойған» күдікті ұсталды

    ТАРАЗ, 11 шілде. Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 112 желісіне ер адам қоңырау шалып, «Сбербанк» АҚ Жамбыл филиалының ғимаратына жарылғыш зат қойылғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   Хабарлама алғаннан кейін банк аумағын патруль полициясының «Боран-22» және «Боран-24» экипаж жасақтары қоршап, қаржы-несие мекемесінің 47 қызметкері қауіпсіз жерге көшірілген. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Банк мекемесіне шұғыл […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Лаңкестер сириялықтардан босқындар лагерінен шыққаны үшін ақша бопсалайды

    НҰР-СҰЛТАН 10 шілде. «Джейш Магавир ат-Таур» лаңкестері Сириядағы «Эр-Рукбан» босқындарының лагерінен шығу үшін өтеу құнын $1,5 мыңға дейін көтерді, деп ФАН-ға сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды Соңғы айда бір отбасына өтеу құны $ 1,2 мың теңгеге өсті, деп хабарланады. Сондай-ақ, содырлар лагердің айналасындағы өз блокпостарының санын 12-ден 14 данаға дейін арттырды. Бұл ретте террористер лагерьде қалған босқындардың […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның арнайы күштері талибтердің үш бөлімшесін жойды

    НҰР-СҰЛТАН 10 шілде. Ауған арнайы қызметі оңтүстік Гильменд провинциясында талибтердің үш бөлімшесіне шабуыл жасады, деп хабарлайды АфТАГ.   Арнайы операциялар корпусы шығарған мәлімдемесіне сәйкес, арнайы қызметтер сейсенбі күні кешкісін Каяка ауданындағы талибтердің позициясына шабуылдады. Мәлімдемеде арнайы қызметтер операция кезінде үш бөлімшені жойған делінген. Сонымен қатар, арнайы қызметтер  қаруды, 3 радиоқабылдағышты, 3 компьютерді, пәкістандық ұлттық жеке куәлігін, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Одессада бірқатар қонақ үйлер «миналанды»

    НҰР-СҰЛТАН, 09 шілде. Құқық қорғау органдары Одессағы бірқатар қонақ үйлердің миналануы туралы ақпаратты тексеріп жатыр, деп Украина  Ұлттық полициясының облыстық басқармасының  баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости  хабарлайды.   «Полиция Одесса қаласындағы бірқатар қонақ үйлердің миналануы туралы ақпаратты тексеруде. Ғимаратттардың миналануы  туралы хабарлама бүгін полицияға сағат 15.45 — те келіп түсті (Мәскеу уақытымен сәйкес келеді)», […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркияда КЖП үш мүшесі «бейтараптандырылды»

    НҰР-СҰЛТАН, 09 шілде. Түркияның құқық қорғау органдары Хаккари провинциясындағы Күрдистанның жұмыс партиясының үш мүшесін «бейтараптандырды» деп 9 шілде күні Anadolu Ajansi-ге сілтеме жасап  REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлайды.   «Бейтараптандырылған» термині ел әскерилерімен  тек физикалық жойылған жауға ғана емес, сондай-ақ өз еркімен берілген немесе тұтқынға түскендерге қатысты қолданылады. Естеріңізге сала кетейік, Күрдістанның жұмыс партиясы өзі туралы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан және Қытай әскерилері бірлескен терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізеді

    НҰР-СҰЛТАН, 09 шілде. Тәжікстан мен Қытай қарулы күштерінің бірлескен оқу-жаттығулары Таулы Бадахшан автономиялық облысында өтеді, деп ТР Қорғаныс министрлігі баспасөз орталығының бастығы Ориф Нозимиенге сілтеме жасап «Авеста» хабарлайды. Оның айтуынша, екі елдің қарулы күштері бөлімшелерінің ТБАО-да бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу ағымдағы жылдың шілде айының соңына белгіленген. «Бұл алғашқы толыққанды бірлескен тәжік – қытай оқу-жаттығулары», — деп атап […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Камерун мен Нигерия терроризмге қарсы бірлескен күрес туралы келісім жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 09 шілде. Камерун және Нигерия билігі екі елдің шекарасындағы терроризммен күрес саласындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында қосымша шараларды қабылдау туралы  келісім жасасты, деп «ZanzibarLeo» жаңалықтар басылымына сілтеме жасай отырып  REGNUM хабарлайды.   Келісім Яунде қаласында өткен Камерун мен Нигерияның трансшекаралық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комитетінің жетінші сессиясының екі күндік мәжілісінен кейін жасалды. Осы кездесуге қатысқан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Иракта лаңкестікке қарсы әскери операция басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 шілде. Ирак Сириямен шекаралас аймақта «Ирак және Левант лаңкестік ұйымына» қарсы арнайы әскери операциясын бастады,деп 24.kz хабарлайды. Шараға шейіттің қарулы күштері мен Ирактың әскери әуе күштері де жұмылдырылды. Әскери іс-қимыл Салах а-Дин, Анбар мен Найнава провинцияларында өтуде. Жергілікті билік операция бірнеше күнге созылатынын хабарлайды. Әзірге адам шығыны жайлы ақпарат жоқ.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы жарылыс: 12 адам қаза тауып, 43-і жараланды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 шілде. Ауғанстандағы жарылыстан 12 адам қаза тауып, 43 адам жараланды. Бұл туралы бүгін Pajhwok агенттігі Twitter-де мәлім етті,  деп xабарлайды ҚазАқпарат. Қайғылы оқиға Ғазна провинциясының орталығы саналатын Ғазна қаласында болған. Агенттіктің xабарына қарағанда, Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік директораты ғимаратының алдында автомобиль жарылған. Қаза тапқандардың сегізі қауіпсіздік қызметкерлері, тағы төртеуі бейбіт тұрғындар. Ал зардап шеккендердің […]
    • 5 Years ago
    • 0