Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Өткен жылы СҚО-да заңсыз айналымнан 2 келіге жуық «синтетика» алынды

    ПЕТРОПАВЛ, 24 ақпан. Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі саудасына қатысты қылмыс саны артып келеді. Былтыр полицейлер заңсыз айналымнан 2 келі осындай жүйкеге әсер ететін заттар алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Синтетикалық есірткі «қара нарықты» жаулап, дәстүрлі есірткілерді ығыстырып жатыр. СҚО есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаевтың айтуынша, 2017 жылы есірткі саудасына қатысты 332 қылмыс […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ТЖД: 25 ақпанда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады

    АЛМАТЫ, 24 ақпан. 25 ақпанда Алматыда дабыл (сирена) белгісі іске қосылады, деп хабарлайды zakon.kz. Қаланың төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша, бұл жоспарлы тексеру жұмысы болып табылады. 2021 жылы 25 ақпанда сағат 12.55-те Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қоғамдық ескерту жүйесінің дайындығын жоспарлы техникалық тексеруден өткізеді. Жаттығу кезінде: «Назар аударыңыздар!» хабарламасымен бірге электронды дабыл іске қосылады. Оған қоса, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • CҚО-да синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана анықталды

    ПЕТРОПАВЛ, 23 ақпан. Солтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендердің бірінде синтетикалық есірткі жасайтын зертхана анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткіні жасап, сатумен айналысты деген күдікпен отбасыны ұстады. Жедел-тергеу іс-шарасы барысында есірткі заттарының Петропавлда қолдан-қолға берілу арқылы сатылып, психобелсенді есірткі препараттарының облыс орталығынан 120 шақырым […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматыда «Дәрмек» ЖАІШ аясында 100-ге жуық тыйым салынған жазба жойылды

    АЛМАТЫ, 23 ақпан. Алматы қаласында полиция қызметкерлері еріктілермен бірге тыйым салынған интернет-мекенжайлар көрсетілген 100-ден астам жазбаны бояды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алатау ауданының ПБ қызметкерлері “Дәрмек” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында еріктілердің қатысуымен есірткі сайттары көрсетілген жазбаларды жоюға арналған іс-шара өткізді. – Біз әрдайым осындай жазуларды үстінен бояп тастаймыз. Мұндай іс-шаралар әдеттегідей еріктілер лигасымен бірге жүзеге асырылды. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қостанай облысында героин қолданып, сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

    ҚОСТАНАЙ, 22 ақпан. Қостанай облысында есірткі сатушы героинді ішкі киіміне жасырған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақпан айының ортасында Жітіқаралық полицейлер есірткі сатумен айналысатын 37 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйелді  ұстады. Полиция бөліміне түскен жедел ақпараттан кейін қызметкерлер іздестіру іс-шараларын өткізді. Аталған факт расталды. Жітіқара тұрғынының пәтерінде есірткі заттары табылды. Ер кісі ішкі киімінде героиннің […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кентау тұрғынынан қару-жарақ пен есірткі тәркіленді

    ТҮРКІСТАН, 20 ақпан. Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғыннан заңсыз қару, оқ-дәрі және есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Кентау ҚПБ-ның полиция қызметкерлері қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Осындай кезекті көше бойын патрульдеу барысында, бір азамат күдік тудырған. Оны тексеру барысында бір дана мылтық, алты дана оқ және газет қиындысына оралған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Семейде есірткі жарнамалайтын граффити-сурет салған екі жасөспірім ұсталды

    СЕМЕЙ, 19 ақпан. Семей қаласында есірткі жарнамалайтын граффити-сурет салған екі жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған « Заря» кооперативінде орналасқан көлікжай иесі белгісіз біреулердің синтетикалық есірткіні насихаттайтын граффити-сурет салып кеткенін айтқан. «Олардың кім екенін анықтау үшін Әуезов полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Р.Кураков Бобровка саяжайын […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан Түркістан облысындағы кеден бекетінде есірткі тасымалына қатысты 4 оқиға тіркелген

    ТҮРКІСТАН, 18 ақпан. Биылғы жыл басынан Түркістан облысындағы «Жібек жолы» кеден бекетінде есірткі заттарын алып өту әрекетінің 4 оқиғасы тіркелген. Есірткіні заңсыз тасымалдаушылар әртүрлі тәсілдерді пайдаланбақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, осы жылдың 25 қаңтарында тіркелген оқиға бойынша, «Жібек жолы» кеден бекетінде Түркістан облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ҚР Ұлттық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нұр-сұлтан полицейлері «дизайнерлік» есірткі саудасымен айналысқан күдіктіні ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан.Елорда полицейлері «дизайнерлік» есірткіні саудалауда күдікті танылған ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елорда аумағында синтетикалық есірткіні жеткізу арнасының жолын кесу мақсатында қалалық полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздеу шараларын өткізді. Осылайша, полицейлер арнайы іс-шара барысында аса ірі көлемдегі «дизайнерлік» есірткіні саудалауда күдікті деп танылған 32 жастағы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БҚО «Жусан» операциясы аясында 120 адам елге қайтарылған

    ОРАЛ, 15 ақпан. Батыс Қазақстан облысында шетелдегі қарулы қақтығыс аумағынан қайтарылған 120 адам бар, оның 85-і балалар деп хабарлайды Egemen.kz. Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсат Раманқұловтың айтуынша, «Жусан» операциясы барысында Ақ Жайық өңіріне әкелінгендердің ішінде 32 әйел, 85 бала), 3 ер адам бар екен. Балалардың 46-сы – мектеп жасында, 38-і – мектепке дейінгі жаста, […]
    • 3 Years ago
    • 0