Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  •  Өткен жылы Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 349 келіден астам есірткі тәркіленді

    ҚЫЗЫЛОРДА, 02 ақпан. Қызылорда облысында 2020 жылы заңсыз айналымнан 349 келіден астам есірткі тәркіленген, – деп хабарлайды Polisia.kz. Облыс көлемінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу бағытында атқарылған шаралар нәтижесінде өткен жылы есірткінің заңсыз айналымына қатысты 386 құқық бұзушылық анықталды. Есірткіні өсіру мен сақтау орындарын анықтау, сондай-ақ тасымалдаудың жолын кесу мақсатында шалғайдағы учаскелерге және […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында героин сатушысы қолға түсті

    ТАРАЗ, 02 ақпан. Жамбылдық полицейлер героин сатқан азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қордай ауылында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі затын сатқан 57 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның үйінен жалпы салмағы 570 грамм героин есірткісі тәркіленді. Ол 2016 жылы есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қостанай автовокзалына «бомба» қойылды

    ҚОСТАНАЙ, 01 ақпан. Қостанай облысы полиция департаменті қызметкерінің электронды поштасына автовокзалға қойылған «бомба» туралы хабарлама түсті. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте облыстық полиция департаментін экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Сембин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2021 жылғы 1 ақпан күні​ полиция департаменті қызметкерінің электрондық поштасына автовокзал аумағына жарылғыш заттың қойылғаны, террорлық акт туралы хабарлама […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда есірткі жеткізу арнасын жою бойынша арнайы операция жүргізілді

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.  Елордада арнаулы операция барысында қалаға тұрақты есірткі затын жеткізіп отырған арна жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  «Нұр-Сұлтан қаласына есірткі жеткізу арнасының жолын кесуге бағытталған, нақты жоспарланған іс-шара барысында 37 жастағы Жамбыл облысының тумасы ұсталып, одан Калашников автоматы мен оның 2 магазині, 50-ге жуық оғы тәркіленді. Сараптама тағайындалды. Ұсталған күдіктінің тұрғын үй жайын тінту […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жамбылдық полицейлер Алматы тұрғынынан ірі көлемде гашиш тәркіледі 

    НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар. Жамбылдық полицейлер ірі көлемде гашиш тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жамбыл облысында Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының қызметкерлері Шу-Қордай автожолында Алматы қаласының 43 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Шевролет» маркалы көлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру кезінде капоттың астынан скотчпен оралған үш түйіншек табылды, оның ішінде жалпы салмағы 1 келі 880 грамм «гашиш» есірткі заты болған. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Көкшетау әкімдігін «миналаған» әйел анықталды

    КӨКШЕТАУ, 30 қаңтар. Көкшетау қаласы әкімдігінің ғимаратына бомба қойылғаны туралы ақпаратқа байланысты әкімдік қызметкерлері эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтардың 30-да Көкшетау қаласындағы жедел басқару орталығының «102» арнайы желісіне 46 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, қалалық әкімдіктің маңына бомба қойылғанын айтқан. «Осыған байланысты әкімдікте болған бірқатар қызметкерлер эвакуацияланды. Полиция департаментінің жарылғыш […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Е. Нүкежанов: Өткен жылы 21 мыңнан астам радикалды материалдар жойылған және бұғатталған

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алқа отырысында Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов сөз сөйлеп, 2020 жылғы дін саласындағы жұмыс нәтижелері және ағымдағы жылы ведомствоның алдына қойылған міндеттері туралы хабарлады, деп kazislam.kz жазады.  Е. Нүкежанов Комитет қызметінің стратегиялық бағыттары, ең алдымен, ел дамуының зайырлылық қағидаттарын нығайту, үйлесімді конфессияаралық қатынастарды қамтамасыз ету және халық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  •  Алматы полицейлері өткен жылы 129 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі

    АЛМАТЫ, 28 қаңтар. Өткен жылы Алматы полициясы 129 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бүгінгі күні синтетикалық есірткілер мен оларды шығаруға арналған зертханалар әлемдік мәселелердің бірі болып табылады. – 2019 жылғы 5 шілдеде “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі құралдарының, олардың аналогтары мен прекурсорларының айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Елордада наркологиялық көмек мәселелері бойынша сенім телефоны іске қосылды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар.  Елордада iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығының аясында наркологиялық көмек мәселелері бойынша сенім телефоны іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына наркологиялық көмекті мамандандырылған Психикалық денсаулық орталығы кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында көрсетеді. Елорда әкімдігінің мәліметінше, орталық қызметі психоактивті заттарға, яғни есірткі секілді дәрілік заттарға тәуелділіктен зардап шегетіндерді емдеуге, оңалтуға, оларға консультация беруге […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • СҚО полицейлері 14,5 келі марихуанамен облыс тұрғының ұстады

    ПЕТРОПАВЛ, 27 қаңтар. Петропавлда полицейлермен қала маңындағы ауылдардың бірінің 57 жастағы тұрғыны 14,5 кг астам марихуанамен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен қала маңындағы ауылдардың бірінің 57 жастағы тұрғынының есірткі қылмыстарына қатыстылығы туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған ақпарат расталды: ер адам Астана және Бөкетов көшелерінің […]
    • 3 Years ago
    • 0