Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Елордада «Рухани келісім – бейбітшілік негізі» атты халықаралық конференция өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан. Нұр-Сұлтанда Рухани келісім күні және Дүниежүзілік рухани мәдениет форумының 10 жылдығына орай жоспарланған “Рухани келісім – бейбітшіліктің негізі” атты халықаралық онлайн-конференция өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо. Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, «Бейбітшілікке мәдениет арқылы» халықаралық ассоциациясының президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Төлеген Мұхамеджанов, діни бірлестіктердің өкілдері, конфессияаралық келісім […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Франция президенті министрлерден терроризмге қарсы күресте шұғыл әрекет етуді талап етті

    НҰР-СҰЛТАН, 19  қазан.Франция президенті Эмманюэль Макрон әлеуетті министрлерінен терроризмге қарсы күресте шұғыл әрекет етуді талап етті.Француз басшысы жексенбі күні оның басшылығымен өткен Қорғаныс Кеңесінің кезектен тыс отырысында осы бағытта жедел және батыл шаралар қабылдау қажеттілігіне назар аударды, деп Елисей сарайының мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Республика Президенті бұл қауіпке қарсы шұғыл әрекет етуді талап етті», […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сауд Арабия билігі Әл-Харам мешітінде дұға жасауға рұқсат берді

    НҰР-СҰЛТАН, 19  қазан.Сауд Арабиясының билігі  патшалық азаматтары мен елде тұрақты тұратын басқа адамдарға Әл-Харам мешітінде дұға етуге рұқсат берді, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан Сауд Арабиясының «Әл-Ихбария» телеарнасына сілтеме жасап. Әл-Харам мешіті — әлемдегі басты және ең үлкен мешіт. Елде коронавирустың таралуына байланысты,  Исламның басты қасиетті орны — Қағба орналасқан кешенде намаз оқуға тыйым  жеті айға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Е.Бабақұмаров Алматы қаласының Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мүшелерімен кездесу өткізді

    АЛМАТЫ, 18 қазан. Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мүшелерімен кездесу өткізді, деп Аlmaty akshamy жазады. Бүгін Қазақстан бойынша Рухани келісім күні аталып өтеді. Бұл мереке қала тұрғындарын ұлты мен дініне қарамастан біріктіруге, қоғамдағы тұрақтылық мен келісміді сақтуға және одан әрі дамытуға бағытталған. Аталған шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, Орыс православтық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Франция мен Марокко есірткі саудасымен күрес бойынша келісім жасасады

    НҰР-СҰЛТАН, 18  қазан. Францияның Ішкі істер министрі Жеральд Дарманен Мароккоға барып, әріптесі Абделуафи Лафтитпен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Le Figaro-ға сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Марокконың астанасы Рабат қаласында өткен екіжақты кездесу барысында тараптар көші-қон, терроризмге қарсы күрес және Дарманен бар жігерін салып күресіп жатқан есірткінің заңсыз айналымы мәселелерін талқылады. «Біз ұлттық қауіпсіздік пен терроризмге қарсы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Елордада террористік тұрғыдан осал 7 ғимарат анықталды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан. Нұр-Сұлтанда террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. Жыл басынан бері 130-ға жуық нысан тексеріліп, кемшіліктерді жою үшін 40-тан астам ұйғарым енгізілген. Терроризмге қарсы қорғау талаптарын орындамайтын әртүрлі санаттағы 7 нысанның иелері ҚР ӘҚБтК 149-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай талаптарға заманауи күзет жабдықтарымен жабдықтау, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Камерунның солтүстігіндегі ауылға содырлардың шабуылынан үш бейбіт тұрғын қаза тапты

      НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан. «Боко Харам» экстремистік тобының содырлары бейсенбіден жұмаға қараған түні Нигерия шекарасына жақын орналасқан Камерунның Қиыр Солтүстік аймағындағы ауылға шабуыл жасады. Нәтижесінде кем дегенде үш бейбіт тұрғын қаза тапты, деп Камерундық БАҚ-қа сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды. Жергілікті тұрғындар «Боко Харам» мүшелері кем дегенде үш адамды өлтіріп, тағы бес адамды ұрлап әкеткенің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Париж маңында Ресейдің тумасы тарих пәні мұғалімінің басын кесіп тастады

    Париждің маңында 18 жастағы жергілікті тұрғын сыныпта Мұхаммед пайғамбарды мазақ еткен суреттерді көрсеткені үшін көшеде тарих пен география пәні мұғалімі П. Сэмюэлдің басын кесіп тастады, деп жазады Stan.kz. Оқиға 16 қазан күні түстен кейін болған. Нұсқалардың біріне сәйкес, мектеп оқушыларының бірінің әкесі болған адам дәл көшеде мұғалімге ас үй пышағымен шабуылдаған. Сондай-ақ, БАҚ қылмыскер 18 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомалиде терроризмге қарсы операция барысында он әскери қызметкер қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан. Сомали қарулы күштерінің кем дегенде 10 сарбазы ел астанасы Могадишодан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде «Аш-Шабаб» (Ресей Федерациясында қызметіне тыйым салынған ұйым) содырларына қарсы операция кезінде қаза тапты, деп әскери ақпарат көздері хабарлады, деп ВВС Somalia-ға сілтеме жасап REGNUM АА жазады. Сомали армиясының өкілі қақтығыс Афгое аймағында болғанын және  операция кезінде төрт […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Интерпол желісі бойынша іздеуде болған ИМ мүшесі Түркияның оңтүстігінде ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан. Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында Францияда Интерполдың қызыл циркуляры бойынша іздеуде жүрген ДЕАШ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) террористік ұйымының мүшесі Соумая Раисси ұсталды, деп хабарлайды Anadolu . Алынған ақпаратқа сәйкес, 30 жастағы террорист әйел Тунис тумасы. Ол Түркияға жалған сириялық паспортпен келген. Сейхан ауданында Адана полициясымен ұсталды.
    • 4 Years ago
    • 0