Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сириядағы содырларға ақша аударып келген азамат анықталды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан.  Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігі QIWI-әмиян көмегімен сириялық содырларға демеуші болған азаматты анықтады, деп Sputnik Қазақстан жазады. Тергеу көрсеткендей, азамат Сириядағы содырлардың шетелдік QIWI-әмиянына жүйелі түрде ақша аударып келген. «Айта кетері, азаматтың күмәнді операциялары жайлы алғашқы ақпарат QIWI-дің өзінен түсті. Соның арқасында құқық қорғау органдары жедел ден қойып, терроризмді қаржыландыру схемасын жойды», — деп […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ҰҚК: Алматыда тоғыз келі психотропты зат анықталды  

    АЛМАТЫ, 18 ақпан. Ақпанның басында Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті психотропты заттар дайындайтын заңсыз зертхананы анықтады, деп ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлады.  «Көрсетілген заңға қайшы әрекетке қатысы бар болғаны үшін Алматы тұрғыны ұсталды. Заңсыз айналымнан шамамен тоғыз келі психотропты зат мефедрон пен «α-PVP» тәркіленді. Оның заңсыз нарықтағы бағасы шамамен 149 миллион теңгеге бағаланып отыр», — делінген […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматы ҰҚК департаментінің және ҰҚК 5-департаментінің бұрынғы басшылары тергеліп жатыр

    АЛМАТЫ, 17 ақпан. Бас прокуратура ҰҚК-нің тағы екі қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ақпаратты бас прокуратура Sputnik Қазақстанға берген жауабында растады, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. «Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері Н.Мәжілов пен Р.Ысқақовқа қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлаймыз», — делінген бас прокуратураның жауабында. Сондай-ақ бас прокуратура «тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтерді жария етуге болмайтынын» хабарлады. Айта […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Краснодар өлкесінде «Иегова куәгерлері» ұяшығының қызметі тоқтатылды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан. Краснодар өлкесі бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Ресей Федерациясында экстремистік деп танылған және тыйым салынған «Иегова куәгерлері» діни ұйымының әрекеті  Выселки ауылында анықталды, тергеушілер төрт ұйымдастырушыға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп РФ Тергеу комитетінің Краснодар өлкесі бойынша тергеу комитеті мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС  агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Владимир облысында әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттаған ер адам сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан.  Ресейдің Владимир облысы бойынша ФҚҚБ-сы интернетте терроризм идеологиясын насихаттаған Орталық Азия республикаларының бірінің тумасы Ресей азаматының әрекетін тоқтатты. Ер адам екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп аймақтағы ФҚҚБ баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. «Радикалды діни идеологияға қосыла отырып, өзін «Ислам мемлекеті» […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасында бірнеше бомбалы шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан.  Сомалидің бас қаласы Могадишода азаңғы уақытта бірнеше жарылыс болды, деп TRT агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Жарылыстардың Кахда полиция бөлімшесі маңында және Якшид ауданы аймағында жасалғаны білідрілді. Бомбалы шабуылдардың артынан қарулы қақтығыс дыбыстары естілді. Шабуылдар мен кейінгі қарулы қақтығыстар кезінде қаза тапқандар немесе жараланғандарға қатысты ақпарат берілмеді. Шабуылдардың […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды

    ТҮРКІСТАН, 16 ақпан. Түркістан облысының полицейлері экстремистік материалдарды жариялаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысының полицейлері мен Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері интернетте экстремистік сипаттағы тыйым салынған материалдарды орналастыру дерегін анықтады. Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі ВКонтакте және Telegram парақшаларында діни алауыздық белгілері бар экстремистік бейнероликтер мен […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қазан мешітінің имамы экстремизм үшін 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан.  Қазанда Ресейде тыйым салынған «Нұрджулар» экстремистік ұйымының ұяшығын ұйымдастырып, оның қызметіне балаларды тартқан 46 жастағы «Әл-Имам» мешітінің имамына қатысты сот үкімі күшіне енді, деп ТР бойынша ФҚҚБ мәлімдеді, деп Islam Today агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Татарстан Республикасы бойынша Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ульянов облысының колонияларының бірінде экстремистік ұяшық  анықталды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан.  Ульяновск облысында Димитровградтағы түзеу колонияларының бірінде анықталған экстремистік ұйымның қызметі тоқтатылды, деп аймақтағы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп REGNUM агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Жедел мәліметтерге сәйкес, қылмыстық иерархияда жоғары орынға ие болған тұтқындардың бірі экстремистік ұйымның ұяшығын ұйымдастырып, оған тағы үш сотталушыны тартты. «Олар сотталғандар арасында […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ҰҚШҰ Бас хатшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты талқылайды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы «Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаудағы БҰҰ мен өңірлік және субөңірлік ұйымдар арасындағы ынтымақтастық: БҰҰ мен ҰҚШҰ арасындағы ынтымақтастық» тақырыбы бойынша бейнеконференция форматында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады, деп ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов мәлімдеді, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» […]
    • 2 Years ago
    • 0