Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркия іздеу салған тізімінің қызыл категориясында болған террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 ақпан.  Түркияның Хатай Аманос тау жүйесінде «Күрдістан жұмысшы партиясы» (PKK) террор ұйымына тағы бір соққы енгізілді. Бұл туралы елдің  ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу өзінің Твиттердегі аккаунтынан жариялады деп TRT жазады.  Аманос тау жүйесінде шабуылға дайындалған кезде залалсыздандырылған 4 террористің бірінің іздеу салған террористтер тізімінде қызыл категорияда орын алған террор ұйымының Аманос аймақтық жауапкері Ибрахим Шенгүл […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігіндегі террорлық шабуыл, қаза тапқандар бар

    НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан.  Сирияның солтүстігіндегі Эль-Баб ауданында бомба қойылған автокөліктің жарылуы салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды, деп Анадолу агенттігі жазады. Оқиға Эль-Бабтың «өнеркәсіптік аймақ» деп аталатын  жерде болған. Жарақат алғандар ауруханаға жатқызылды. Өрт сөндірушілер шыққан өртті ауыздықтады. Жарылыс салдарынан жақын жерде тұрған көліктер зақымдалды. Апат орнына іргелес аумақта орналасқан сауда нысандарына зиян келтірілді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы бомбалы шабуылдарда 5 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан. Ауғанстанның Урузган провинциясы мен Кабул қаласында бомбалы шабуыл жасалды, деп TRT жазады.  Ауғанстанның Урузган провинциясындағы әскери учаскеге бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты. Урузган губернаторы Мұхаммед Өмер Ширзад баспасөзге жасаған мәлімдемесінде шабуылдаушылардың Урузганның Чынарак аймағындағы әскери учаскені бомба тиелген көлікпен нысанаға алғанын мәлімдеді. Ширзад шабуылда 4 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тауып, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия терроризммен күресті жалғастыруда: бір айда 112 содыр залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан.  Қаңтар айында мемлекет іші және шетелде жүргізілген әуе және құрлық операцияларында 112 террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.  Қаңтар айында Күрдістан жұмысшы партиясына (КЖП) қарсы өткен  мемлекет іші және шетелде жүргізілген операцияларда 112 террорист залалсыздандырылды. Түрік Қарулы күштері, Қауіпсіздік басқармасы және Жандармерия қолбасшылығы мемлекеттің тыныштығы мен елдің бірлігін бұзуға тырысқан террор ұйымдарына қарсы операциялар жасауда. Қауіпсіздік күштері қала орталықтары […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда бомба қойылған көлік жарылып, полицей қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан.  Сәрсенбі күні таңертең Кабулда полиция қызметкерлерінің көлігі  жарылысынан бір қызметкер қаза тауып, үшеуі жараланды, деп хабарлайды TOLO News полиция мәлімдемесіне сілтеме жасап. Оқиға жергілікті уақытпен сағат 08:30 шамасында PD15 Кабул учаскесінің Танги-Тарахил аймағында орын алған, полиция көлігіне магниттік бомба жарылған. Полиция оқиға туралы толық ақпарат берген жоқ. Әзірге шабуыл үшін жауапкершілікті бірде-бір […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияның екі провинциясында терроризмге қарсы операциялар басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан.  Битлис және Сиирт провинцияларында полиция арнайы жасағы мен жандармерия 1453 мүшесінің қатысуымен терроризмге қарсы Eren операциясының алтыншы кезеңі басталды, деп Түркия ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. «Eren» терроризмге қарсы операциялар 2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап КЖП-ның  террористтерін анықтау және жою мақсатында жүргізіліп келеді. Операцияның алғашқы үш кезеңі Тендюрек, Лидже […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия әуе күштері Ирактың солтүстігінде 10 террористтің көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан. Ирактың солтүстігіндегі Кандил тауы аймағында КЖП-ның  10 содыры залалсыздандырылды, деп Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап TRT жазады. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің (ҰҚМ) Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде Кандил аймағында КЖП-ның содырларының анықталғанын білдірді. Мәлімдемеде «Ирактың солтүстігіндегі Кандил тауы аймағында анықталған КЖП-ның 10 содыры  Түрік Қарулы күштері және Ұлттық барлау ұйымының әуе операциясымен залалсыздандырылды» делінді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғаныстан астанасындағы жарылыста екі бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан.  Ауғанстанның бас қаласы Кабулда қатарынан жасалған бомбалы шабуылдарда екі бейбіт адам қаза тапты, деп жергілікті полицияға сілтеме жасап TRT хабарлайды.  Кабул полиция дирекциясы мәлімдемешісі Фердевс Фарамарз Джуй Шир және Селим Керуен аймақтарында бомбалы шабуылдар жасалғанын білдірді. Фарамарз шабуыл кезінде 2 бейбіт тұрғынның қаза тауып, 4 адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Әзірге шабуылдардың жауапкершілігін ешкім […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы жарылыс 2 адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.   Ауғанстан астанасының Женгелек ауданында дүйсенбіде болған жарылыс екі адамның өмірін қиды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Жергілікті полиция өкілі Фердевс Фарамарз жарылғыш зат әскери көлікке салынғанын хабарлады. Қаза тапқандардың бірі — әскери қызметкер, тағы бір әскери қызметкер жарақат алды. Бүгін Кабулдың төртінші ауданында Бейбітшілік министрлігінің өкілі Хошнуд Набизаденің көлігі жарылды. Зардап шеккендер жоқ. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияның солтүстік-батысында ДАИШ террористі ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.  Түркияның солтүстік-батысындағы Ялова провинциясында арнайы операция нәтижесінде  Түркияда қастандық жасауды жоспарлаған ДАИШ-тің содыры ұсталғанын Ішкі істер министр Сүлейман Сойлуға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. «Яловадағы операция сәтті аяқталды.  Полиция басқармасының терроризммен күрес тобы, барлау қызметі, Ялова полиция ұйымын құттықтаймын», — деп жазды министр Twitter-ге.
    • 3 Years ago
    • 0