Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • 2015 жылы Thalys пойызына шабуыл жасаған террорист өмір бойына сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан. Thalys жүрдек пойызына жасалған шабуылдан кейін бес жыл өткен соң Париж сотының үкімімен басты айыпталушы — марокколық Аюб әль-Хаззани 17 желтоқсанда өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Оның үш сыбайласы жеті жылдан 27 жылға дейінгі мерзімге сотталды, деп жазады  Deutsche Welle . 2015 жылдың тамызында жасалған әл-Хаззанидің шабуылы жолаушы АҚШ-тың үш азаматының, оның […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигердегі «Боко Харам» тобының шабуылы 27 адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан.Нигерде  «Боко Харам»  лаңкестік тобы ұйымдастырған шабуылда  27 адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Диффа аймағындағы Тоумоур ауылына жексенбіге қараған түні  «Боко Харам» лаңкестік ұйымы тарапынан қарулы шабуыл ұйымдастырылды. Шабуылда 27 адам қаза тапты. Нигер полициясы 70-ке тарта содырдың қалашыққа шабуыл жасағаны, сондай-ақ қалашықта 1000-ге тарта үйдің, жұмыс орнының және көптеген көліктің өртеп жіберілгенін мәлімдеді. «Боко […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Интерпол іздеу салған Франция азаматы Түркияда ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан. Сириямен шекаралас Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында Интерполдың қызыл циркулярымен іздеуде болған лаңкес ұсталды, деп жазады Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап  Анадолу агенттігі хабарлайды. Лаңкес Түркия аумағына заңсыз кірмек болған кезде ұсталды. Ол Франция азаматы. Тергеу мүддесі үшін аты-жөні жарияланбаған лаңкес Сирияда әрекет еткен және негізінен шетелдік жалдамалылардан тұратын «Фыркатул Гурба» тобының […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда губернатор орынбасары шабуылда қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 желтоқсан.Ауғанстанның астанасы Кабулда губернатор орынбасары Мухибби бомбалы шабуылда қаза тапты, деп TRT хабарлайды. Ауғанстан Ішкі істер министрлігі мәлімдемешісі Тарык Арйен баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Кабулдың шағын аймағында губернатор орынбасары Махбубуллах Мухиббидің көлігіне тиелген бомбаның жарылғанын айтты. Шабуылда Мухибби мен хатшысының қаза тапқанын түсіндірген Арйен екі оққағарының да жарақат алғаны білдірілді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия Қорғаныс министрлігі: Соңғы 1 айда 68 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан.Соңғы 1 айда ел көлемінде және шетелде жүзеге асқан операцияларда 68 террорист залалсыздандырылды,деп TRT хабарлайды.  Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Соңғы 1 айдың ішінде ел көлемінде және шетелде жүзеге асырылған 9-ы ауқымды, 24 шағын барлығы 33 операцияда 68 террорист залалсыздандырылды» делінді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда бомба жарылысы 4 бейбіт тұрғынның өмірін қиды 

    НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан. Ауғанстанның Нангархар провинциясында жасалған бомбалы шабуылда 4 бейбіт адам қаза тапты, деп TRT  хабарлайды. Провинцияның Хогяни ауданына қараған Зави аймағында жолға орналастырылған бомба бейбіт адамдар мінген көлік аймақтан өтіп бара жатқанда жарылды. Жарылыста 4 бейбіт адам қаза тапты. Шабуылды қазірше ешкім мойынына алған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Пәкістанның Пенджаб провинциясында болған жарылыста кем дегенде 25 адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан. Жексенбі күні Пәкістанның солтүстік-шығысындағы Пенджаб провинциясындағы Равалпинди қаласында болған жарылыста кем дегенде 25 адам жарақат алды. Бұл туралы Geo TV арнасына сілтеме жасап ТАСС жазады. Бұған дейін Xinhua  агенттігі құрбан болған он адам  туралы хабарлаған. Geo TV дереккөздерінің хабарлауынша, үш адамның жағдайы өте ауыр. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харамның» тоғыз содырының көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан. Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харамның» тоғыз лаңкесі өлтірілді, деп хабарлайды Anadolu жаңалықтар агенттігі . Нигерия қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, терроризмге қарсы операциялар Борно және Йобе штаттарында өтті. Көптеген содырлар жарақаттанды, олар қашып үлгерді. Операциялар барысында Нигерия әскерінің бір сарбазы қаза болды, лаңкестердің мотоциклдері мен көптеген оқ-дәрілері алынлы. «Боко Харам» тобы Нигерия, Камерун, Чад және […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабул тәлібтермен диалогты Ауғанстанда жалғастыруды қолдайды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан. Ауғанстан президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдуллах Мухиб ауғанаралық келіссөздерді Дохада емес  Ауған аумағында жалғастыруға ниет білдірді, деп жазады Анадолу агенттігі. Ауған үкіметі мен «Талибан» қозғалысының өкілдері(ҚР-да тыйым салынған ұйым) арасындағы келіссөздердің қалған кезеңдерін Ауғанстанның өзінде ұйымдастыру керек, деп жазды Мухид әлеуметтік желілерде. «Ауғанстан үкіметі «Талибан» қозғалысы келіссөздер үшін ұсынатын кез-келген орынды қарастырада. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда болған жарылыстардан кем дегенде төрт адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында жұма күні болған екі жарылыста кем дегенде төрт адам қаза тауып, сегізі жараланды. Бұл туралы Халықаралық Қызыл Крест комитетінің  Нигерия делегациясына сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі хабарлады . Оқиға штаттың әкімшілік орталығы Майдугуриден шығысқа қарай 90 шақырым жерде орналасқан Диква қаласында болды, деп хабарлады Қызыл Крест өкілі Алию […]
    • 3 Years ago
    • 0