Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ирактың солтүстігінде КЖП-ның 8 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан.Түркия әуе күштері Ирактың солтүстігіндегі Авашин-Басьян аймағында КЖП-ның сегіз террористерін залалсыздандырды, деп жазады Анадолу агенттігі Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. «Операциялар террористер толығымен жойылғанға дейін жалғасады»,- деп атап өтілді министрлікте. КЖП террористері Түркиядағы жағдайды тұрақсыздандыру және мемлекеттілікке нұқсан келтіруге бағытталған террористік шабуылдыр жасайды. Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап PKK содырлары […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Польшада лаңкестерге қаржылай жәрдем көрсетті деген күдікпен Ирак азаматтары ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан.Польшаның Ішкі қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері террористік ұйымдарға қаржылай көмек көрсетті деген күдікпен осы елде тұратын Ирактың екі азаматын ұстады. Бұл туралы Polskie Radio 24-ке сілтеме жасап  REGNUM АА  хабарлады. Польша құпия қызметтерінің үйлестірушісі Станислав Жарин құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұсталған екі Ирак азаматы өз қаражаттарын «Ислам мемлекетіне» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) жәрдем […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалиде бомбалы шабуылда 7 адам жазым болды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан.Жолға орналастырған мина жарылып, 7 адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Сомалиде бір көлік жолға орналастырылған минаның үстінен өтіп бара жатқанда жарылды, 7 адам қаза тапты. Сомали ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда жарылыс Жуба аймағында Кисмайо мен Доблей арасындағы автожолда болды. Жарылыста араларында 6 айлық нәресте де бар 7 адам опат болды. Шабуылды қазірше […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияда 5 ай ішінде Yıldırım операциясы аясында 148 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан. 13 шілдеден бері жалғасып келе жатқан Yıldırım (Йылдырым) операциясының түрлі кезеңдері аясында Түркияда 148 КЖП террористі залалсыздандырылды, деп хабарлайды Anadolu агенттігі. Түркия ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Шырнак пен Сиирт провинцияларында басталған операция Жандармерия қолбасшылығының басшылығымен жалғасуда. Операцияға қауіпсіздік күштерінің 3 251 қызметкері, соның ішінде жандармерия арнайы жасағы мен полицияның арнайы жасағы қатысты. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Талибан» содырлары Ауғанстанның батысында шабуыл жасады, бір адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан. «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның батысындағы Фарах провинциясының Анардере ауданына шабуыл жасады, деп хабарлады Анадолу агенттігі. Тадж провинциясының губернаторы Мұхаммед Джахидтің журналистерге берген сұхбатында тәліптер Анардере орталығында бомба қойылған машинаны жарып, содан кейін оқ жаудырғанын айтты. Шабуыл салдарынан бір тәртіп сақшысы қаза тапты, тағы екеуі жарақат алды. Джахидтің айтуынша, атыс кезінде көптеген содырлар […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Пәкістанда футбол алаңының жанында жарылыс кезінде екі адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан. Сенбі күні Пәкістанның оңтүстік-батысында Белуджистан провинциясындағы Панджгур ауданындағы футбол алаңының жанында бомба жарылысы болып, екі адам қаза тауып, сегізі жарақат алды. Бұл туралы провинция үкіметінің баспасөз хатшысы Лиакват Шахваниге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Жарылыс ойыншылар мен футбол матч үшін стадионға келгендердің  тарала бастаған кезде болған, деп хабарлады баспасөз хатшысы. Оның айтуынша, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирак қауіпсіздік қызметі  жаңа жылда теракт жасамақ болғандарды ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан. Ирак ұлттық қауіпсіздік қызметі Бағдадтағы жаңа жыл мерекесінде террорлық акт жасауды жоспарлаған лаңкестерді ұстады. Бұл туралы Al Sumaria басылымына сілтеме жасап 24.kz хабарлайды. Ирак күштік құрылымдарының мәліметінше, барлығы төрт адам қолға түскен. Лаңкестердің біреуі мереке кезінде өзін өзі жарып жіберуді ойластырғаны да анықталды. Ұсталғандар өзге біреулердің нұсқаулығы бойынша әрекет еткендерін мойындады.  
    • 3 Years ago
    • 0
  • Эфиопия әскері 40-тан астам лаңкестің көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан. Эфиопия әскері жүз бейбіт тұрғынның өмірін қиған 40-тан астам содырдың көзін жойды, деп хабарлайды 24.kz. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құрбандар арасында балалар да бар. Террористер 23 желтоқсанда елдің батысындағы ауылға түн ортасында шабуыл жасап, ұйықтап жатқан адамдарды атып, үйлерін өртеп жіберген. Қырғынға қатысы бар тағы 5 шенеунік қамауға алынды. Бұл шабуыл аталған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомали қауіпсіздік күштері «Аш-Шабабтың» жеті содырының көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан. Сомалидің қауіпсіздік күштері бейсенбі күні Гедо облысының оңтүстігіндегі Гарбахаррей қаласындағы операция кезінде «Аш-Шабаб» тобының жеті содырын өлтірді, деп хабарлады Синьхуа агенттігі. Гарбахаррейдің жедел командирі Адам Абди Хирсидің айтуынша, армия айналадағы ауылдарда содырлардың болуы туралы барлау мәлімет алған. «Біз содырлар жасырынған жерлерге аттандық және қиян-кескі ұрыс кезінде «Аш-Шабабтың» жеті мүшесін өлтірдік», — деді […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда әуе шабуылы нәтижесінде 19 «Талибан» содыры өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан. Әуе соққысы қозғалыстың Балх провинциясындағы нысандары бойынша жасалды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясындағы әуе соққысы нәтижесінде «Талибан» қозғалысының 19 содыры қаза тапты, деп хабарлайды Ислам Республикасының қауіпсіздік органдары. Әуе шабуыл Шарбұлақ пен Шөлгере аймақтарындағы «Талибан» нысандарына бағытталған.
    • 3 Years ago
    • 0