Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • БҰҰ: «Талибан» мен «Әл-Қаида» арасындағы байланыс жалғасуда

    НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр. БҰҰ-ның соңғы есебіне сәйкес Тәліптер («Талибан» қозғалысы*) «Әл-Қаидамен»* тығыз байланысын жалғастыруда,  деп «Афганистан.Ру» сайтына  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Баяндамаға сәйкес, «Әл-Қаида» жетекшісі Айман әз-Завахири «Талибан» жетекшісі Хайбатулла Ахунзадеге адал болуға ант берді. БҰҰ сарапшылары тәліптер шетелдік лаңкестік топтарға қауіпсіз баспана беруді жалғастырып жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • БҰҰ Малиде тоғыз бітімгер жарақат алғанын хабарлады

    НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр. БҰҰ-ның Малидегі көп салалы кешенді тұрақтандыру миссиясының (МИНУСМА) кем дегенде тоғыз әскери қызметкері сенбі күні елідің шығысында жарақат алды, деп БҰҰ миссиясы мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «28 мамыр күні таңертең MINUSMA тыл жағынан қамтамасыз ету колоннасының бір көлігі Агелок қаласының оңтүстік-батысындағы ауданда […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Мароккода 1,5 тонна марихуана тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр. Марокко әскери-теңіз күштері Танжер қаласының солтүстік-батысында 1,5 тонна марихуана тәркіледі, деп MAP мемлекеттік ақпарат агенттігі жазады.Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Әскери-теңіз күштерінің жағалау күзеті жұма күні патрульдеу кезінде контрабанда әрекетінің жолын кесіп, заңсыз затты корольдік жандармерия қызметкерлеріне тапсырды, деп хабарлады MAP. Естеріңізге сала кетейік, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  •  2021 жылы Ауғанстаннан Орталық Азияға есірткі тасымалы екі есеге артты

    НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр. 2021 жылы Ауғанстаннан Орталық Азия елдеріне есірткі тасымалының көлемі екі есеге өсті, деп РФ ФҚҚ Шекара қызметінің бастығы — директордын бірінші орынбасары армия генералы Владимир Кулишов мәлімдеді, деп РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.  «Қазір Ауғанстандағы жағдай күрделі. Бұған саяси-экономикалық себептерден басқа, республикада билік құрылымдарындағы өз […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • 50 бейбіт тұрғын Буркина-Фасодағы шабуылдын құрбаны болды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр. Буркина-Фасоның Компиенга уәлаятында куәлігі белгісіз адамдар бейбіт тұрғындарды нысанаға алды. Шабуылда 50 адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Компиенга әкімі Хурбет Ямеого куәлігі белгісіз адамдардың 25 мамырда Компиенга уәлаятының Маджоари өңірінде бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағанын білдірді. Шабуылда 50 адамның қаза тапқанын баяндаған Ямеого қайтыс болғандардың отбастары мен туыс-туғандарына көңіл […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нигер қарулы күштері «Боко Харамның»  40 мүшесін залалсыздандырды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр.Нигер Қарулы Күштерінен жасалған мәлімдемеде мемлекеттің оңтүстік-шығысындағы Диффа аймағына 24-25 мамырда «Боко Харам» мүшелеріне операция жасалғаны білдірілді, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Операцияда көптеген әскери жабдықтың қолға түсірілгені білдірілген мәлімдемеде мөлшермен 40 «Боко Харам» мүшесінің залалсыздандырылғаны баяндалды. Көрші ел Малиде әрекет жасаған Әл-Каида және ДАИШ-пен байланысы бар террорист топтар Буркина-Фасо […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қазақстанның СІМ Сирия бойынша «Астана форматында» жаңа келіссөздер өтетінін хабарлады

    НҰР-СҰЛТАН, 25мамыр. 14-16 маусымда Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша «Астана форматындағы» келіссөздердің келесі раунды өтеді, деп ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Келіссөздердің он сегізінші раунды 14-16 маусымда Нұр-Сұлтанда өтеді», — деді Смадияров журналистерге. Оның айтуынша, министрлік барлық кепілгер елдерге, сондай-ақ басқа […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Техас штатындағы мектепте жаппай атыс салдарынан 22 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. АҚШ-тың Техас штатында қайғылы оқиға болды. Бастауыш мектепте атыс болып, 21 адам ажал құшты, деп Хабар24 сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Аймақ губернаторының сөзінше, көз жұмғандардың 18-і бала, 3-уі ересек адам. Тағы ауыр жарақат алған 3 адам шұғыл ауруханаға жеткізілген. Қайғылы оқиға Ювалд қаласында болды. Жазықсыз жандардың қанын төккен 18 […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • АҚШ-та 2021 жылы жаппай кісі ату оқиғаларының өсуі тіркелді

    НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. Өткен жылы АҚШ-та адам көп жиналатын орындардағы атыс саны 2020 жылмен салыстырғанда 52,5%-ға өсті, деп ФТБ мәлімдеді.Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Ведомтсвоның  таратқан баяндамасына сәйкес, ФТБ барлығы «белсенді атыс оқиғалары» санатына 61 оқиғаны жатқызды. Бұл терминге ФТБ атыс қаруымен қаруланған «бір немесе бірнеше адам» […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ирактық қауіпсіздік күштері ИМ-нің 5 содырының көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр. Жексенбі күні ел астанасы Бағдадтың солтүстігіндегі ауылдық жерде Ирак қарулы күштері «Ислам мемлекеті» (ИМ)* ұйымының бес содырын өлтірді, деп әскерилерге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Салах ад-Дин провинциясының батысындағы Тартар көлінің солтүстігіндегі көпірдің жанында жүк көлігіндегі  ИМ-нің екі содыры өлтірілді, деп Бірлескен жедел […]
    • 2 Years ago
    • 0