Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанның оңтүстігіндегі әуе шабуылдары нәтижесінде 27 содырдың көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан.Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гельменд провинциясының бірнеше бөлігінде «Талибан*» қозғалысының баспаеналары мен бекіністеріне жасалған әуе шабуылдары кезінде кем дегенде 27 содыр өлтірілді. Бұл туралы бейсенбі күні жарияланған әскери күштердің мәлімдемесіне сілтеме жасап Синьхуа жаңалықтар агенттігі хабарлады . Құжатта әуе шабуылдарының сәрсенбі күні Нава, Нахри-Сарадж және Гармсир аймақтарында жасалғандығы атап өтілген. 27 қарулы содыр, оның ішінде […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулдың бірнеше аймақтарында болған шабуылдарда 2 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан.Ауғанстанның астанасы Кабулда арт артынан ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 2 адам қаза тапты, деп TRT жазады.  Кабул қауіпсіздік басқармасы мәлімдемешісі Фердавс Фарамарз баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Кабулдың Кале-и Абдул Али, Куваи Орталық және Бараки  аймақтарында бомбалы шабуылдар  ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Фарамарз шабуылда 2 адамның қаза тапқанын және 5 адамның да жарақат алғанын білдірді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда СІМ қызметкерлеріне шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 ақпан. Кабулдағы лаңкестік әрекет салдарынан бір адам қаза болды.Шабуылдың мақсаты елдің сыртқы істер министрлігінің шенеуніктері болды, деп сейсенбі күні  Ауғанстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Жарылыс Чарахи Милли Бас аймағында дипломаттар мінген көліктің өтуі кезінде болды. Шабуылдың салдарынан автокөліктің жүргізушісі қаза тапты. Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі бұл шабуылды айыптады. Жарылыс […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда полиция учаскесіне Талибан содырлары жасаған шабуылда 5 полицей қаза тапты 

    НҰР-СҰЛТАН, 08 ақпан.  Бадгис провинциясындағы шабуылда 5 полиция қызметкері қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Ауғанстанның Багдис провинциясындағы полиция учаскесіне Талибан содырлары жасаған қарулы шабуылда 5 полиция қаза тапты. Багдис провинциясы кеңесінің депутаты Мұхаммед Насыр Назари содырлардың Багдиске қарасты Аб Кемери ауданындағы полиция бөліміне қарулы шабуыл жасағанын атап көрсетті. Шабуылда 5 полиция қызметкерінің қаза тапқанын атап көрсеткен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыстар сериясы, қаза тапқандар бар

    НҰР-СҰЛТАН, 07 ақпан. Сенбі күні Кабулдың екі ауданында болған жарылыстардан бір полиция қызметкері қаза тауып, алтауы жараланды, деп Кабул полиция департаментінің баспасөз хатшысы Фердевс Фарамарцқа сілтеме жасап Анадолу агенттігі жазады. Фарамарцтың айтуынша, бірінен соң бірі болған жарылыстар Хайир-хан мен Баг-Кази аймағында болды. Әзірге шабуылдар үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы бомбалы шабуылдарда 5 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан. Ауғанстанның Урузган провинциясы мен Кабул қаласында бомбалы шабуыл жасалды, деп TRT жазады.  Ауғанстанның Урузган провинциясындағы әскери учаскеге бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты. Урузган губернаторы Мұхаммед Өмер Ширзад баспасөзге жасаған мәлімдемесінде шабуылдаушылардың Урузганның Чынарак аймағындағы әскери учаскені бомба тиелген көлікпен нысанаға алғанын мәлімдеді. Ширзад шабуылда 4 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тауып, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда бомба қойылған көлік жарылып, полицей қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан.  Сәрсенбі күні таңертең Кабулда полиция қызметкерлерінің көлігі  жарылысынан бір қызметкер қаза тауып, үшеуі жараланды, деп хабарлайды TOLO News полиция мәлімдемесіне сілтеме жасап. Оқиға жергілікті уақытпен сағат 08:30 шамасында PD15 Кабул учаскесінің Танги-Тарахил аймағында орын алған, полиция көлігіне магниттік бомба жарылған. Полиция оқиға туралы толық ақпарат берген жоқ. Әзірге шабуыл үшін жауапкершілікті бірде-бір […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғаныстан астанасындағы жарылыста екі бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан.  Ауғанстанның бас қаласы Кабулда қатарынан жасалған бомбалы шабуылдарда екі бейбіт адам қаза тапты, деп жергілікті полицияға сілтеме жасап TRT хабарлайды.  Кабул полиция дирекциясы мәлімдемешісі Фердевс Фарамарз Джуй Шир және Селим Керуен аймақтарында бомбалы шабуылдар жасалғанын білдірді. Фарамарз шабуыл кезінде 2 бейбіт тұрғынның қаза тауып, 4 адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Әзірге шабуылдардың жауапкершілігін ешкім […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы жарылыс 2 адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.   Ауғанстан астанасының Женгелек ауданында дүйсенбіде болған жарылыс екі адамның өмірін қиды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Жергілікті полиция өкілі Фердевс Фарамарз жарылғыш зат әскери көлікке салынғанын хабарлады. Қаза тапқандардың бірі — әскери қызметкер, тағы бір әскери қызметкер жарақат алды. Бүгін Кабулдың төртінші ауданында Бейбітшілік министрлігінің өкілі Хошнуд Набизаденің көлігі жарылды. Зардап шеккендер жоқ. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Нангархар провинциясында сегіз қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар. Сенбі күні Нангархар провинциясындағы застава маңында болған жарылыс салдарынан кем дегенде Ауғанстанның қауіпсіздік күштерінің сегіз қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Tolo News телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Провинция губернаторы кеңсесіндегі дереккөздің хабарлауынша, Шерзад ауданындағы армия бақылау бекетінің жанында жарылғыш затқа толы автокөлік жарылған.
    • 3 Years ago
    • 0