Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • БАҚ: АҚШ Ауғанстан мен Ирактағы әскери қызметшілердің санын қысқартты

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар.  АҚШ Қорғаныс министрлігі жұма күні Ауғанстан мен Ирактағы американдық әскери контингенттің әр мемлекетте 2,5 мыңға дейін қысқарғанын мәлімдеді. Бұл туралы министрліктің сайтында жарияланған Пентагон басшысының міндетін атқарушы Кристофер Миллердің мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС  хабарлайды.  «Бүгін Америка Құрама Штаттары Президент Трамптың нұсқауымен Ирактағы әскер санын 2 500 адамға дейін қысқартты», — делінген баспасөз […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда бомба орнатылған көлік жарылып, екі полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Сенбі  күні Кабулда қолдан жасалған жарылғыш заттың жарылуы салдарынан екі тәртіп сақшысы қаза тауып, біреуі жарақат алды. Бұл туралы Ауғанстанның Tolo News телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Полициядағы дереккөз бомба қызметтік көлікке қойылған деп мәлімдеді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан Президенті: Ауғанстанда 40 мыңнан астам кісі қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар. Ауғанстан Президенті Эшреф Ғани 2015 жылынан осы таңға дейін ел көлемінде 40 мыңнан астам кісінің қаза тапқанын айтты, деп TRT хабарлайды.  Ауғанстан Президенті Эшрев Ғани 9 қаңтарда Америка  CNN теледидарына жасаған мәлімдемесінде президент болғаннан кейін ел көлемінде болған қанды қақтығыстарда 40 мыңнан астам кісінің қаза тапқанын білдірді. Ғани осы процесте НАТО тармағында міндет атқарған Америка […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда «Талибанға» қарсы операция кезінде 12 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар.  Ауғаныстан әуе күштері Нимруз провинциясындағы «Талибан» нысандарына соққы жасады, деп Нимруз провинциясы кеңесінің басшысы Баз Мохаммад Насырге сілтеме жасап  Анадолу агенттігі хабарлайды. Ауғанстанда «Талибанға» қарсы операция кезінде 12 бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы екеуі жараланды. Ауғанстанның әскери әуе күштері елдің батысында Нимруз провинциясының Хашруд үезіндегі тәлібтердің нысандарына шабуыл жасады. Операция кезінде бомбалардың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • 5 қаңтарда Дохада ауғанаралық келіссөздер  қайта басталады

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қаңтар.  Ауғанстандағы бейбіт келісімдердің екінші кезеңі 5 қаңтарда басталады, деп centralasian.org хабарлайды. Дохада желтоқсанның ортасында өткен келіссөздерден кейін үш аптаға үзіліс жарияланған. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, келіссөздің екінші кезеңінде ресми Кабул мен «Тәлибан» радикалды қозғалысы арасында соғысты, зорлық-зомбылықты толығымен тоқтату мәселелері талқыланады. Ауғанстанның бейбітшілік министрлігің баспасөз хатшысы Наджиа Анвари, үкімет делегациясы Катар астанасына белгіленген күні […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның шығысында полицейлерге шабуыл жасалды, 3 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қаңтар.  Белгісіз біреулер Ауғаныстанның шығысындағы полиция бөлімшесіне шабуыл жасады, деп Газни полиция басқармасыныңы баспасөз хатшысы Ахмад Хан Сиретке сілтеме жасап  Анадолу агенттігі хабарлайды. Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясындағы полиция бөлімшесіне жасалған қарулы шабуыл үш тәртіп сақшысының өмірін қиды. Шабуылдан кейін белгісіздер қашып кеткен. Әзірге ешқандай топ шабуылға жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда әуе шабуылы нәтижесінде 19 «Талибан» содыры өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан. Әуе соққысы қозғалыстың Балх провинциясындағы нысандары бойынша жасалды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясындағы әуе соққысы нәтижесінде «Талибан» қозғалысының 19 содыры қаза тапты, деп хабарлайды Ислам Республикасының қауіпсіздік органдары. Әуе шабуыл Шарбұлақ пен Шөлгере аймақтарындағы «Талибан» нысандарына бағытталған.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде болған жарылыста 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан.Ауғанстанда бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған шабуылда 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты, деп TRT жазады.  Ауғанстанның солтүстігіндегі Фариаб қаласының Девлет Абад ауданында Талибан сарбаздарының бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған шабуылда 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты. Фариаб Қауіпсіздік басқармасы мәлімдемешісі Абдулкерим Юриш  сарбаздардың Девлет Абал ауданы орталығында көлікке тиілген бомбаны жарып жібергенін айтты. Жарылыста 3 қауіпсіздік қызметкерінің […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда 3 ай ішінде 500 бейбіт тұрғын лаңкестердің құрбаны болды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан.Ауғанстанда үш ай ішінде 500 бейбіт тұрғын «Талибан» қозғалысы содырларының шабуылының құрбаны болды, ал 1050-ден астам адам жарақат алды, деп Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Тарык Арйенге сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Тарык Арйеннің айтуынша, тәліптер елдің әртүрлі аймақтарында шабуылдарын жалғастыруда. Бейбіт тұрғындарды өлтіру — бұл әскери қылмыс, деп баса айтты Арьен. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыс сегіз бейбіт тұрғынның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Жексенбі күні Ауғанстан астанасының 5-ші полиция округінде болған жарылыстан сегіз бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі . Министрліктің хабарлауынша, жарылыс бүгін таңертең Кабулдың 5-ші полиция округіне қарасты Спин-Кули маңында болған, салдарынан «сегіз бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы […]
    • 3 Years ago
    • 0