Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанның Урузган қаласындағы лаңкестік шабуыл, 2 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар.  Ауғаныстанның оңтүстігіндегі Урузган қаласында бірінен соң бірі жарылыс болып, салдарынан екі бейбіт тұрғын қаза тауып, он адам жараланды, деп провинция губернаторы әкімшілігінің өкілі Ахмад Шах Сахилге сілтеме жасап  Анадолу агенттігі хабарлайды. Оның айтуынша, миналанған мотоциклдер Урузган провинциясының әкімшілік орталығының адам көп жүретін көшелерінің бірінде жарылған. Жарақат алғандардың арасында үш тәртіп сақшысы бар. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда көлік жарылысы салдарынан 1 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар.  Кабул провинциясындағы лаңкестік әрекет салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза тапты, деп провинция полициясының өкілі Фердевс Фарамарзға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Фарамарздың айтуынша жарылыс Адех Газни ауданында болған. Террористер бомба салынған көлікті жарып жіберді.Жарылыс салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза болды. Әзірге ешқандай топ шабуылға жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігінде лаңкестік шабуыл

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар.  Ауғанстанның оңтүстігінде Кандагардағы бомбалы шабуылда 6 бейбіт тұрғын жарақат алды, деп TRT хабарлайды.  Кандагар провинциясының Майванд ауданына қарасты Мирахур ауданында жолдың бойына орналастырылған бомба бейбіт тұрғындар мінген автобус өтіп бара жатқанда жарылды. Бомбалы шабуылда 6 адам жарақат алды. Әзірге шабуылды ешкім мойындаған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда Орталық банктің көлігіне шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ауғанстан астанасы Кабулда көлік жарылысынан бір адам қаза болды. Көлікте елдің Орталық банкінің қызметкерлері болған, деп Кабул полиция бөлімінің өкілі Фирдевс Фарамарзаға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Фарамарзаның айтуынша Кабулдың оңтүстік-шығысындағы Шах Шехид аймағында бомба қойылған көлік жарылды. Ауғанстанның Орталық банкі шабуыл кезінде оның бір қызметкері қаза тауып, екеуі жарақат алғанын хабарлады. Әзірге […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы қарулы қақтығыс: әскери қызметкерлер жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ауғанстанда қауіпсіздік күштері мен «Талибан» қозғалысының содырлары арасындағы қақтығыста алты әскери қызметкер жарақат алды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Оқиға елдің солтүстігінде, Балх провинциясының Шөлгере аймағында болды. Содырлар бақылау бекетіне қарулы шабуыл жасады, атыс салдарынан алты сарбаз жарақат алды. Бес содыр өлтірілді, үшеуі жараланды. «Талибан» қозғалысы бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Ауғанстанның шығысында 16 содырдың көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Бейсенбі күні Ауғанстанның үкіметтік күштері елдің шығысындағы Нангархар провинциясындағы Хогиани және Ширзад аудандарындағы «Талибан» қозғалысының жасырынған жерлеріне шабуыл жасаған кезде барлығы 16 содыр өлтірілген. Бұл туралы провинция әкімшілігі таратқан мәлімдемеге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі жазады. Мәлімдемеде операциялардың бейсенбі күні кешке Хогиани амағының Акрам-Хил ауданында және Ширзад аймағының Хашим-Хил ауданында жүргізілгені атап өтілді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда әскери көлікке шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар.Ауғанстан бас қаласы Кабулда әскери көлікке жасалған қарулы шабуылда екі әскер қаза тапты, деп TRT  хабарлады.  Ауғанстан Ішкі істер министрлігі баспасөз хатшысы Тарық Арьен Кабулдың Коте-и Санги аймағында кім екені белгісіз адамдардың әскери көлікке қарулы шабуыл жасағанын жариялады. Арьен шабуылда 2 әскердің қаза тапқанын және шабуылдаушылардың аймақтан қашқанын мәлімдеді. Шабуылды қазірше ешкім мойындамады.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның батыс бөлігіндегі содырлардың шабуылынан үш адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар. Сәрсенбі күні Ауғанстанның батысындағы Герат қаласында белгісіз содырлар әскери көлікке оқ жаудырды, оқиға орнында үш адам қаза тапты. Бұл туралы полицияға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.  «Жергілікті уақыт бойынша сағат 07: 00-де екі белгісіз қарулы содыр Герат қаласында әскери көлікке оқ жаудырды, оқиға орнында үш әскери қаза тапты, оның ішінде бір офицер мен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан атыстың тоқтауын қалайды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар. Ауғанстан Ұлттық келісім жоғары кеңесінің төрағасы Абдуллах Абдуллах Катардың бас қаласы Дохада Талибанмен жүргізілген келіссөзде бітім қалайтындарын айтты.Бұл туралы TRT хабарлайды.  Абдуллах Кабулдағы бір сөзінде Ауғанстанда келіссөз делегациясының Дохада Талибанмен кездесулер жүргізіп жатқанын айтты. Ауғанстан делегациясының басымдығы – атыстың тоқтауы. «Дохада жалғасып жатқан ауғандар арасы келіссөзде қақтығыстың тоқтауын және бітім жасалуын қалаймыз» деді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде әуе шабуылдары кезінде 11 «Талибан» содыры өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар. Жексенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Бадахшан провинциясындағы Рагистан аймағында тәлібтердің жиыны өтіп жатқан кезде әскери авиацияның әуе шабуылынан барлығы 11 содыр өлтірілді, тағы үшеуі жараланды. Бұл туралы елдің қарулы күштеріне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. «Талибан» содырларының тобы (ҚР-да тыйым салынған ұйым) бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасау үшін Рандихан ауданына жиналған, бірақ Ауғанстан армиясының […]
    • 3 Years ago
    • 0