Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанда автокөлік жарылысы кезінде сегіз полицей қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 маусым. Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында бомба салынған автокөліктің жарылысы нәтижесінде  кем дегенде сегіз полиция қызметкері қаза болып, біреуі зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. Хабарламада айтылғандай, автокөлікті басқарған жанкешті-лаңкес  полиция лагеріне шабуыл жасауға тырысты. Басқа ешқандай мәліметтер әлі берілмеген.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кабулда автобус жарылысынан 10 адам зардап шекті

    НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр. Кабул орталығында автобус жарылысынан кем дегенде 10 адам зардап шекті, деп RT сілтеме жасап Хабар 24 жазады. Автобуста Қажылық істері бойынша министрлік қызметкерлері болған. Агенттіктің мәліметі бойынша болған оқиғаға ешқандай лаңкестік топ әлі жауапкершілік алмаған.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстан СІМ: Лионадағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ

    НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр.Лионадағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ деп ҚР СІМ сілтеме жасап Эхо Казахстана хабарлайды.  Француздық Лион орталығында, Виктор Гюго көшесінде 24 мамырда лаңкестік әрекет орын алды. Жарылыстың себебі көшенің жаяу жүргіншілер бөлігінде қалған жарылғыш зат салынған орама болды. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеу барысында ораманы жеткізген велосипедші екені анықталды. Жергілікті бұқаралық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда мешіттегі жарылыстан 3 адам көз жұмды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр —  Ауғанстан астанасы мен Пәкістанның Кветта қаласында екі жарылыс болды, деп  РИА Новости сілтеме жасап  Sputnik Kazakhstan хабарлайды. Кветта мешітінде жұма намазы кезінде жарылыс болды. Намазға 40-қа жуық адам жиналған. Қолдан жасалған жарылғыш зат мінбердің артына қойылыпты. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, көрші үйлердің терезелеріне дейін сынып кеткен. Соңғы мәліметтерге сәйкес, оқиға салдарынан 25 адам […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Үндістанда лаңкестердің шабуылынан 11 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр. Үндістанның Аруначал-Прадеш штатында қаруланған топтың шабуылынан 11 адам көз жұмды.Бұл туралы Хабар 24 ақпараттық портал хабарлайды.  Қаза тапқандардың ішінде жергілікті парламенттің депутаты бар. Марқұм Ассам штатынан келе жатқанда лаңкестердің шабуылына тап болған. Атыс-шабыстан тағы екі адам ауыр жарақат алып ауруханаға түсті. Тәртіп сақшыларының болжауынша, лаңкестік оқиғаға аймақтағы атышулы террорлық ұйымның қатысы бар болуы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысырдағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ — ҚР СІМ

    НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр. Мысырда туристік автобустың жарылысынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Telegram-каналында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2019 жылғы 19 мамырда Каир қаласындағы Гиза ауданында автокөлік жолында орналастырылған жарылғыш қондырғының жарылысынан туристік автобус пен бірнеше жеңіл автокөлік жарылды. Салдарынан шетелдік туристер мен жергілікті тұрғындар зардап шекті. Мысыр Араб […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Буркина-Фасода 4 адам лаңкестерден азат етілді

    НҰР-СҰЛТАН,11 мамыр. Буркина-Фасода Францияның арнайы әскери тобы лаңкестердің қолынан 4 азаматты босатты.Бұл туралы Хабар 24 агенттігі хабарлайды.  Операция осы елдің солтүстігіндегі Сахель ауданында жүргізілді. Оның барысында 4 содырдың көзі жойылып, 2 жауынгер оққа ұшты. Тағы 2 содыр қашып кеткен. Ал лаңкестердің қолында тұтқында болғандар Франция, АҚШ жән Оңтүстік Корея азаматы. Олар мамырдың 1-і күні Бенинде […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Пәкістанда жарылыс кезінде бес адам қаза тапты

      НҰР-СҰЛТАН, 08 мамыр. Пәкістанның Лахор қаласындағы (Пенджаб провинциясы)  Дата-Дарбар храмының жанында сәрсенбі күні таңертең жарылыс кезінде бес адам қаза тапты,оның ішінде үш полицей, ондаған адам жарақат алды,  деп хабарлайды РИА Новости Geo TV-ге сілтеме жасап. Алдында  үш адам қаза тауып, 18 адам жарақат алған делінген. Алдын ала деректер бойынша, жарылысты қалада әрекет ететін  террорлық ұяшықтың бірі жасаған. Шабуылдың мақсаты […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде миналау туралы хабарламалардан кейін 40-қа жуық нысан тексерілді

    НҰР-СҰЛТАН, 07 мамыр. Мәскеуде құқық қорғау органдары қызметкерлері  «миналау»  туралы анонимдік хабарламалардан  кейін адамдар көп жиналатын 40-қа жуық объектілерді тексереді, деп елорданың шұғыл қызметтер өкіліне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Жалпы  Мәскеуде 36 нысанға  жарылыс қаупі төніп тұр. Олардың сегізінде тексеру аяқталды, одан жеті мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді», — деді агенттік өкілі. Қаңтар айында […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирияда бомба орнатылған көлік жарылысынан кем дегенде он адам қаза тапты

      НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір. Ислам мемлекеті ұйымының  террористері Сирияның Ракка қаласында бомба орнатылған автокөлікті жарып жіберді, деп Al Mayadeen телеарнасына сілтеме жасап ИА REGNUM  хабарлайды . Жарылыс «Сирияның Демократиялық күштері» казармаларының жанында болған деп хабарланады. Жарылыста кем дегенде 10 адам қаза тапты. Қаза болғандар «Сирияның Демократиялық күштерінен» кұрд жауынгерлері болған . Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 9 сәуірде  Раккада кем дегенде сегіз адам, оның […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 7 of 8« Бiрiншi...«45678 »