Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • АҚШ Сириядағы «Әл-Каида» басшыларының бірінің көзі жойылғанын хабарлады

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан. АҚШ Сирияның солтүстік-батысында «Әл-Каида» лаңкестік ұйымы жетекшілерінің бірі Абдулхамид әл-Матардың көзін жойғанын хабарлады, деп Анадолу агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлағандай, әл-Матар Сирияның Таль-Абъядтағы Сулук ауданында MQ-9 ұшқышсыз ұшағының әуе соққысынан қаза тапты. Бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. CENTCOM «Аль-Каида» […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҰҚШҰ тәжік-ауған шекарасында әскери оқу-жаттығу өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан. Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымына мүше елдер тәжік-ауған шекарасында осындай әскери-оқу жаттығу өткізді, деп Хабар24 жазады. Одақтың шұғыл әрекет ету күштері Тәжікстан аумағына кірген содырлар колоннасын талқандады. Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымына мүше елдер тәжік-ауған шекарасында осындай әскери-оқу жаттығу өткізді. Шараға 4 мың сарбаз бен 500-ден аса техника жұмылдырылды. Сарапшылар Ауғанстандағы ахуал әлі де […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда тәліптерге шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан. Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясының әкімшілік орталығы Джелалабад қаласында белгісіз біреулер шабуыл жасады, деп хабарлайды Хабар 24 Тасс агенттігіне сілтеме жасап. Нәтижесінде «Талибан» радикалды қозғалысының қарулы отрядтарының екі содыры қаза тапты.  Бұл туралы сенбіде жергілікті TOLO News телеарнасында айтылды. Алдын-ала болжам бойынша, тәліптерге «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының тармағы болып табылатын «Хорасандағы Ислам мемлекеті» […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда төрт айдан астам уақыт бұрын ұрланған мектеп оқушылары босатылды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. Нигерияның солтүстік -батысындағы Кебби штатындағы орта мектептен төрт айдан астам уақыт бұрын ұрланған 30 бала босатылды. Бұл туралы аймақтық үкіметке сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Мәлімдемеде айтылғандай, осы жылдың 17 маусымында содырлар Кеббидегі мемлекеттік мектепке шабуыл жасап, оқушыларды ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта босатылған балалар […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Дамаск қаласында әскери автобусқа жасалған шабуылда 14 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан. Автобус сәрсенбі күні Дамаск қаласындағы президенттік көпірге орнатылған екі минаға жарылды.  Бұл туралы SANA агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Алынған ақпаратқа сәйкес, жарылғыш құрылғыларды лаңкес іске қосқан. Сириялық 13 сарбаз қаза тауып, тағы үшеуі жараланды. Кейінірек зардап шеккендердің саны 14 адамға дейін артқаны белгілі болды. «Сәрсенбі күні […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда шекара полициясының штабының жанында жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан. Сәрсенбі күні Кабулда жойқын жарылыс болды. Бұл туралы 1TV арнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Ауғанстан Ішкі істер министрлігіндегі ақпарат көзінен алынған ақпаратқа сәйкес, жарылыс шекара полициясы штабының ғимаратына қарама-қарсы Дехмазанг ауданында болды. Белгісіз біреу, елдегі билікті басып алған «Талибан*» радикалды қозғалысының содырларына тиесілі өтіп бара жатқан көлікке граната лақтырды. Тәлібтер Ауғанстан Ішкі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда арнайы операция кезінде «Боко Харамның» 16 террористі залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан. Нигерияның солтүстік -шығысындағы Борно штатында «Боко Харам» лаңкестік ұйымының 16 содырының көзі жойылды, деп жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап Анадолу ақпараттық агенттігі хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Терроризмге қарсы операция Жере аймағында ұйымдастырылды. Тыйым салынған ұйымның ондаған содырлары жараланғаны туралы хабарланды. Көптеген терроризмге қарсы операцияларға қарамастан, «Боко Харам» Нигерия […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Шешенстан тұрғыны терроризмге жәрдемдескені үшін 5,5 жылға бас бостандығынан айрылды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан.Дондағы Ростов қаласының Оңтүстік аудандық әскери соты Шешенстан Республикасының тұрғыны Магомед Дакаевты террористік әрекетке жәрдемдескені үшін айыпты деп танып, оны 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.1-бабының 1-бөлігінде («Террористік әрекетке жәрдемдесу») […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Чикаго тұрғыны ИМ-не материалдық қолдау көрсету әрекеті үшін кінәсін мойындады

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан. Иллинойс тұрғыны «Ислам мемлекеті*» террористік тобына материалдық қолдау көрсетуге тырысқаны үшін кінәсін мойындады. Бұл туралы АҚШ әділет министрлігінің сайтына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. АҚШ билігінің мәліметінше, 2014-2015 жылдары Чикагодан келген 36 жастағы Дилшод Хусанов АҚШ-тың бірнеше тұрғынын ИМ қатарына қосылуына жәрдемдескен. Атап айтқанда, ол адамдар тобының құрамында қаржы жинаумен айналысты, сонымен қатар […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигериядағы қарулы шабуылда 43 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан. Нигерияның Сокото уәлаятында бір базарға жасалған қарулы шабуылда қаза тапқан адам саны 43-ке ұласты, деп TRT агенттігі хабарлайды. Сокото губернаторы Амину Вазири Тамбувал қарулы адамдардың Горонио аймағындағы бір базарға жасаған шабуылда қаза тапқандар санының 43-ке жеткенін білдірді. Тамбувал мәлімдемесінде «Өкінішке орай бұл опасыз шабуылда 43 кісіден айырылып қалдық» деді. Нигерия Президенті Мұхаммед Бухари шабуылды […]
    • 3 Years ago
    • 0