Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркияның арнайы қызметтері Ирактың солтүстігінде аса қауіпті террористтің көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз. Түркияның арнайы қызметтері Ирактың солтүстігінде сәтті операция жүргізіп, Түркия аумағында лаңкестік шабуыл  дайындаған террористердің көзін жойды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Түркияның қауіпсіздік қызметіндегі дереккөздердің хабарлауынша, операция Метин аймағында 22 ақпанда жүргізілген, нәтижесінде «Каркер Кюреджик» лақап атымен белгілі аса қауіпті террорист Хусейн Иналды қосқанда КЖП-ның үш содыры жойылды. Инал Грециядағы «Лаврион» КЖП лагерінде […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде КЖП лаңкестер қаруының ірі партиясы тәркіленді 

    НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз.  «Күрдістан жұмысшы партиясының» Сириядағы қанаты PYD/YPG-нің Сирияның солтүстігінде шабуыл жасау үшін Манбиджге апаруға талпынған көптеген қару-жарақ пен бомба материалдары қолға түсірілді, деп TRT агенттігі жазады.  Ішкі істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Полиция ұйымының Барлау басқармасы мен террормен күрес кеңсесінің ұйымдастыруымен Сирия Міндет күшінің Азезде жасаған операциясында танк жоюшы аталған 2 TOW зымыраны, 24 Калашников мылтығы, мерген мылтығы, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Колумбиядағы жарылыс: 17 адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз. Колумбияның оңтүстік-батысындағы Каука департаментінде бомба қойылған көлік жарылып, 17 адам жарақат алды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Жарылыс Коринто қаласының муниципалитетіні ғимаратының жанында болды. Зардап шеккендердің көпшілігі шенеуніктер болды. Жақын маңда үйлер мен көліктерге қатты зақым келді. Президент Иван Дуке Маркес бұл шабуылды айыптады. «Терроризм — қорқақтардың қаруы. Мен қауіпсіздік күштеріне қылмыскерлерді іздеуді […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде «Талибан» шабуылынан екі полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз.  Ауғанстанның солтүстігіндегі Фарьяб провинциясындағы Дехендере су қоймасын күзететін ауған полициясының қызметкерлеріне жасалған «Талибан» содырларының қарулы шабуылында екі полиция қызметкері қаза болды. Бұл туралы Ауғанстанның Ұлттық сумен жабдықтау қызметінің өкілі Низамуддин Хипилвакқа сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, екі полиция қызметкері «Талибан» содырларының су қоймасына жасаған шабуылының құрбаны болды, ал тағы біреуі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия Қорғаныс министрі: 1 наурыздан бастап  220-ден астам террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 1 наурызға дейін көбі Сирияның шығысында 200-ден астам террористің залалсыздандырылғанын айтты, деп TRT жазады.  Журналистердің сұрақтарына жауап берген Акар Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен телефонда Сириядағы атысты тоқтатуға жасалған қайшылықтарды кеңескенін жариялады. «Сириядағы атысты тоқтатуға жасалған қайшылықтарды өзара кеңестік, өзара шаралар жасау жөнінде келістік және жұмыстарымызды осылай жалғастырамыз,» […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Францияда Күрдістан жұмысшы партиясына мүше 10 адам тергеуге алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Француз полициясы жасаған операциямен бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға мүше 10 адам тергеуге алынды, деп TRT агенттігі жазады.  Француз баспасөзінің заң органдарына сүйенген хабарында Париж террормен күрес сот төрешісінің талабымен КЖП-на (PKK)  бағытталған бір операция жасалғаны атап көрсетілді. Француз полициясының «Террор ұйымы құру және қаржыландыру» айыбымен 1 әйел, барлығы 10 адамның тергеуге алынғаны […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалиде миномет шабуылында 3 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Сомалидің бас қала Могадишодағы БҰҰ және Африка Одағы ғимараттарын нысанаға алған миномет шабуылында 3 адам қаза тапты, деп TRT агенттігі хабарлайды.  Даркенлей Аймақтық полиция бөлімшесі лауазымдысы Абди Юсуф БҰҰ және Африка Одағы орталықтары орналасқан Халане лагерьіне миномет шабуылы жасалғанын мәлімдеді. Юсуф минометтердің лагерьдің айналасындағы үйлерге құлауы салдарынан кем дегенде 3 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигердің оңтүстік-батысындағы шабуылдардан кем дегенде 10 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Нигерде аты-жөні белгісіз шабуылшылардың азаматтарды нысанаға алған шабуылында кемінде 10 кісі қаза тапты, деп TRT агенттігі хабарлайды.  Елдің Тиллабери аймағында қарулы шабылшылар екі ауылға қарулы шабуыл ұйымдастырды, салдарынан 10 адам қаза тапты. Шабуылда үйлер өртенді. Лауазымдылар жан шығынының артуынан алаңдауда. Шабуылды әлі ешкім мойнына алған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда  «Боко Харамның» 57  содыры залалсыздандырылды 

    НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харам» террористік ұйымының 57 содыры залалсыздандырылды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Өзінің жасырын болып қалуын қалаған әскери шенеуніктің хабарлауынша, терроризмге қарсы операциялар Борно штатының Дамбоа және Гвоза аудандарында өткізілген. Оның айтуынша, көптеген содырлар жараланды, олар қашып үлгерген. «Боко Харам» Нигерияда 2000-шы жылдардың басынан бастап әрекет етеді. 2009 жылдан бері 20 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-шығысында содырлардың шабуылынан Камерунның екі әскери қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз. Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харам» террористік тобының исламистері Камерунның кем дегенде екі сарбазын өлтірді. Бұл туралы Нигерияның Vanguard газетіне сілтеме жасап ТАСС жазады .  «Содырлардың отряды 20 наурыз күні кешке Вулго орман алқабындағы армия лагеріне шабуыл жасады», — деді ақпарат көзі. — Бір сағатқа созылған атыс кезінде Камерун қорғаныс күштерінің екі сарбазы қаза […]
    • 3 Years ago
    • 0