Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Астанада жасөспірім мектепке «жарылғыш зат» орнатты

АСТАНА, 14 қараша. 14 қараша күні сағат 08:00 шамасында 102 нөміріне мектеп директоры хабарласып, белгісіз біреудің сағат 11:00-де мектептің жарылатыны туралы хабар бергенін жеткізген.Бұл туралы Zakon.kz сайты хабарлайды.

«Бірер минуттың ішінде оқиға орнына полиция қызметкерлері жетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аумақты қоршауға алып, оқушыларды, педагогтар мен персоналды сыртқа шығарды. Жалпы, жиыны 1800-ге тарта адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сағат 10:05 шамасында тексеру жұмыстары аяқталып, қоршау алынып тасталды. Тексеру барысында ешқандай қауіпті немесе тыйым салынған зат табылған жоқ. Жедел іздестіру жұмыстарының барысында кәмелет жасына толмаған 15 жастағы бала ұсталды. Ол бұзақылық пиғылмен мектептің жарылатыны туралы хабарлап, қоңырау шалған. Қазір терроризм актісі туралы жалған хабарлама тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», — Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталмыш іс бойынша бала кәмелет жасына толмағандықтан, оқушының қылмысы үшін ата-анасы немесе заңды өкілдері жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *