Астана. 4 сәуір. Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев төралығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы басталды.
Күн тәртібінде – Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ресми сайт