АТЫРАУ, 25 мамыр. Атырау облысы Терроризмге қарсы комиссиясының аппараты өткен аптада «Террористік тұрғыдан осал білім және ғылым объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру» тақырыбында сабақ ұйымдастырып, өткізді, деп ҚР ТҚО сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Іс-шараға Атырау қаласының мемлекеттік білім беру мекемелерінің басшылығы мен оқытушылар құрамы жалпы саны 67 адам қатысты.
Облыстық ТҚК мүшелері қатысушыларды террористік тұрғыдан осал объектілерін терроризмге қарсы қорғауды реттейтін құқықтық актілер, сондай-ақ осы объектілердің қауіпсіздігін бағалау және мемлекеттік бақылау тәртібі туралы өзекті ақпаратпен таныстырды.
Ұйымдастырушылар өткізу режимін ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді жаппай енгізу, террористік және басқа да қауіптер туындаған кезде білім беру нысандарын қажетті хабарлау құралдарымен қамтамасыз ету туралы бөлісті.
Облыстық ТҚК өкілдері мұғалімдердің, қызметкерлердің және балалардың лаңкестік қауіп төнген кездегі әрекеттері туралы ең өзекті сұрақтарды талқылады.
Соңында жиынға қатысушылар білім беру нысандарының лаңкестікке қарсы қорғаныс деңгейін арттыру бойынша өзара пікір алмасып, тиісті ұсыныстарын білдірді.