Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  •  Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама жасаған Рудный қаласының тұрғыны ұсталды

    ҚОСТАНАЙ, 17 наурыз. Рудный қаласында орталық базарда жарылғыш зат қойылғанын айтқан 34 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Рудный қаласы полиция бөлімінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 14:00 шамасында болған. Полицияға 50 лет октября көшесіндегі «Бак-Бак» базарына «бомба» қойылғаны туралы анонимді хабарлама түскен. «Тергеу амалдарын жүргізу барысында осы ақпарат тексерілді. Жарылғыш зат табылған жоқ. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында «телефон террорисі» сотталды

    ТАЛДЫҚОРҒАН, 17 наурыз. Алматы облысының Талғар аудандық соты терроризм акт ісі туралы жалған хабарлаған азаматты екі жарым жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  2019 жылдың 25-сәуір күні сағат 9:35-те белгісіз біреу Талғар аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне қоңырау шалып, Талғар ауданындағы кенттердің бірінде орналасқан су каналында жарылғыш құрылғы орнатылғандығы туралы хабарлаған. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Содырлармен байланыста болған полиция қызметкері Ауғанстанның оңтүстігінде төрт әріптесін атып өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз.Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында полиция қызметкері төрт әріптесін атып өлтірді, деп хабарлайды РИА Новости Tolo News-ке сілтеме жасап. Арнаның мәліметінше, оқиға Жерай ауданында жексенбіге қараған түні орын алған. Олардың айтуынша, оқ атқан адам содырлармен байланысты болған.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ханты-Мансы автономды округінің дәрігері лаңкестерге қолдау көрсетті деп айыпталуда

    НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз. Сургут қаласының дәрігері (Ханты-Мансы автономиялық округі) терроризмді қаржыландырды және Сириядағы қарулы топқа қатысты деп айыпталуда. Бұл туралы Ресей тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлады. Солтүстік-Кавказ федералдық округі бойынша РФ ТК Бас Тергеу басқармасы Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметімен және РФ ІІМ Бас басқармасының «Э» Орталығымен бірлесе отырып Югра тұрғыны Зураб М.-ге […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҰҚК:Алматыда Наурыз мейрамы кезінде теракт ұйымдастырмақ болған күдікті қолға түсті

    Алматы, 14 наурыз. Алматыда «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымының идеологиясын ұстанушыны қолға түсті. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. «2020 жылғы 13 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы қаласында «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымы идеологиясын ұстанушыны ұстап, сот санкциясымен қамауға алды. Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде халық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирия астанасында көлік жарылысы салдарынан бір адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз. Жұма күні Дамаск қаласында бомба жарылып, бейбіт тұрғын қайтыс болды, деп САНА АА сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды. Елорданың полиция департаментінің хабарлауынша, Дамаскідегі көше қиылысында көлік жарылып, көлікте отырған бір адам ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болған. «Лаңкестер» жарылғыш қондырғыны көлікке алдын ала орнатқаны туралы хабарланған. Әзірге болған оқиға үшін жауапкершілікті ешкім […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жарылыс қаупіне байланысты Мәскеудің он соты эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз. Мәскеудің он соты жарылыс қаупіне байланысты эвакуацияланды, деп Мәскеу қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. «Кунцевский, Лефортовский, Чертановский, Басманный, Головинский, Коптевский, Зеленоградский, Измайловский, Щербинский, Савеловский аудандық соттары жарылыс қаупіне байланысты эвакуациялануда», — деді ақпарат көзі. Бұған дейін хабарлағандай , 2019 жылдың аяғынан бастап Мәскеу мен Санкт-Петербургтің соттарын, метро және мәдени […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Бахчисарайда ұсталған «Хизб-ут-Тахрир» қатысушылары қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз. Симферопольдің Киев аудандық соты Ресей Федерациясында тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир аль-Ислами» халықаралық лаңкестік ұйымының мүшелері Сейтумер Сейтумеровті, Осман Сейтумеровті және Рүстем Сейтмеметовті қамауға алды. Лаңкестік топтың тағы бір мүшесі Амет Сүлейманов денсаулығына байланысты үй қамауына алынды, деп хабарлайды ТАСС соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Сотта айыптаушы күдіктілердің барлығы Украинаның азаматтары екенін, соттан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде «Талибанның» үш содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз. Ауғанстанның солтүстігіндегі Тахар провинциясының Ховджа-Гар аймағында жұма күні болған қақтығыста үш содыр қаза тапты. Бұл туралы жергілікті полиция офицері Нур Мохаммадқа сілтеме жасап « Синьхуа» ақпарат агенттігі хабарлады . Шенеуніктің айтуынша, қақтығыс полиция таңертең ерте  Хавджа-Гар аймағындағы «Талибандардың» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) бақылау бекетіне шабуыл жасағаннан кейін басталды, нәтижесінде үш содыр […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркияда ИМ үш содыры ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз. Түркия билігі елдің оңтүстігінде орналасқан Адана провинциясындағы арнайы операция кезінде ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  үш содырын қамауға алды, деп Anadolu Ajansi агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды. Агенттік тілшілерінің айтуынша, тұтқындалған лаңкестер Сирия азаматары. Еске салайық, 2013 жылдан бастап Түркияда ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  тобының содырлары қолынан 315 азамат […]
    • 5 Years ago
    • 0