Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Нигерияда «Боко Харам» ұйымына қарсы операция жүргізілді

    НҰР-СҰЛТАН, 03 желтоқсан. Нигерияның солтүстік шығысындағы террор ұйымы «Боко Харамға» қарсы ұйымдастырылған операцияда ұйымның лагері бомбаланды. Бомбалауда көптеген террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды. Нигерия Қорғаныс министрлігі мәлімдемешісі Джон Эненче баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Борно уәлаятының Забармани аймағында апта аяғында жасалған қарулы шабуылдан кейін армияның Самбиса орманында террористтерге қарсы әуе операциясы ұйымдастырғанын білдірді. Эненче операцияда ұйымның лагерьлерінің жойылғанын, көптеген […]
    • 3 Years ago
    • 0
  •  Интерпол тарапынан қызыл бюллетеньмен ізделген террорист ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 желтоқсан. Халықаралық Полиция ұйымы Интерпол тарапынан қызыл бюллетеньмен ізделген террорлық ұйым PKK мүшесі бір террорист Шанлыурфаның Жейланпынар ауданында ұсталды, деп TRT хабарлайды. Қалалық полиция дирекциясына қарасты Терроризммен күрес және барлау филиалының қызметкерлері бір күдіктінің ізіне түсті.  Бұл күдікті террорлық ұйым PKK/KCK-PYD/YPG атынан Сирияға Түркияға жасалған шекарадан заңсыз өтулерді ұйымдастырғаны, қару, жарылғыш материал, оқ-дәрі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан жастарын Сирияға жіберумен айналысқан ер кісі ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 желтоқсан. Өзбекстан азаматтарын Сириядағы «Таухид және Джихад катибасы» халықаралық террористік ұйымының қатарына жіберумен айналысып келген адам қолға түсті,деп Ішкі істер министрлігінің ақпарат қызметіне сілтеме жасап  Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі хабарлайды. 1996 жылы Самарқанд облысында туған О.Хашимов 2019 жылы Египет Араб Республикасында оқуы барысында халықаралық террористік ұйым жетекшілерінің идеологиялық ықпалына түсіп, ол жерде елден […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Словения үкіметі «Хезболла» қозғалысын террористік ұйым деп таныды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 желтоқсан. Словения үкіметі ливандық шииттердің «Хезболла» қозғалысын террористік ұйымдардың қатарына қосты. Бұл туралы дүйсенбіде республиканың Министрлер Кабинетінің сайтында жарияланған кезекті сессиясының қорытынды хаттамасында айтылады, деп жазады ТАСС . «Словения үкіметі «Хезболла» тобының қызметіне байланысты шектеу шаралары жөніндегі  тұрақты үйлестіру тобының баяндамасын назарға алып, аталған ұйымды бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін қылмыстық және террористік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирактың солтүстігінде арнайы операция нәтижесінде ИМ-нің алты содырының көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 желтоқсан. Ирактың Терроризмге қарсы қызметінің арнайы күштері Найнава провинциясының оңтүстік бөлігінде «Ислам мемлекеті» (ИМ)* экстремистік тобының содырларына қарсы операция жүргізіп, алты террористті өлтірді. Бұл туралы Терроризмге қарсы қызметі дүйсенбіде мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа жаңалықтар агенттігі . Арнайы күштер АҚШ бастаған халықаралық коалицияның әуе күштерінің қолдауымен Багдадтан солтүстікке қарай 400 км жерде, содырлар жасырынып […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Пентагон ДАИШ-ке қарсы күрес жедел тобын таратты

    НҰР-СҰЛТАН, 01 желтоқсан. Пентагон басшылығы ДАИШ* террористеріне қарсы күрес жедел тобы таратылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Aнадолу агенттігі . Жедел топты құрылғаннан, 2017 жылдың наурызынан бастап басқарған директор Кристофер Майер отставкаға кетті. Майердің міндеттері АҚШ қорғаныс министрінің арнайы операциялар және төмен қарқынды қақтығыстар жөніндегі көмекшісінің кеңсесі мен Пентагон бастығы орынбасарының аймақтық штабы арасында бөлінеді . Пентагон […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалидің ортасындағы қақтығыстар кезінде кем дегенде 12 «Аш-Шабаб» содыры өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 01 желтоқсан. Орталық Мудуг аймағында болған қиян-кескі ұрыста «Аш-Шабабтың»  кем дегенде 12 содыры өлтірілді, деп жергілікті билік растады. Бұл туралы  Синьхуа хабарлайды. Мудуг аймағының губернатор Абдуррахман Али Диридің айтуынша, содырлар Бадуэйн қаласындағы әскери базаға шабуыл жасаған, бірақ қауіпсіздік күштері оларға  тойтарыс көрсетіп, қуып шыққан. «Біздің күштер содырлардың базаны басып алу әрекетін тоқтатты. Біз олардың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ДАИШ содырлары Ирактың солтүстігінде жарылыс ұйымдастырды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша. Ирактың солтүстігіндегі Киркук провинциясында ДАИШ лаңкестері орнатқан бомбаның жарылуы салдарынан полиция қызметкері қаза тапты, деп Киркук полициясындағы дереккөзге сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Лаңкестер Хавидже аймағында жол жиегіне орналастырылған жарылғыш затты іске қосқан. Бомба полиция көлігі өтіп бара жатқанда қашықтықтан іске қосылды. Ирактың бұрынғы премьер-министрі Хайдар Әл-Ибади 2017 жылы 9 желтоқсанда Ирактағы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Газни қаласындағы лаңкестік шабуыл, 31 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша.Лаңкестер арнайы жасақ бөлімшелері орналасқан ғимарат маңында миналанған «Хаммерді» жарып жіберді, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Ауғанстанның Газни қаласында 31 адам лаңкестік шабуылдың құрбаны болды, тағы 24-і жарақат алды. Tolo news Газни губернаторы әкімшілігінің баспасөз хатшысы Вахидуллах Джумазадаға сілтеме жасап хабарлағандай, лаңкестер арнайы күштер ғимараттың жанында миналанған «Хаммерді» жарып жіберген. Шабуыл үшін жауапкершілікті ешқандай […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-шығысында 44 фермер «Боко Харамның» құрбаны болды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша.«Боко Харам» лаңкестері Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатындағы фермерлерге шабуыл жасады, 44 адам қаза болды, көбі жарақат алды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға Гарин Квашебе ауылында орын алды, күріш алқабындағы фермерлерге шабуыл жасалған. Оқиға орнына қосымша күштер жіберілді. «Боко Харам» Нигерияда 2000-шы жылдардың басынан бастап әрекет етеді. 2009 жылдан бері […]
    • 3 Years ago
    • 0