Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркия қорғаныс министрлігі: бір айда 34 терроризмге қарсы операция жүргізіліп, 80 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша. Түрік әскерилері терроризмнің барлық көріністеріне қарсы табанды күрес жүргізуде,деп Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі жазады. Өткен айда Түрік Қарулы Күштері терроризмге қарсы 34 операция өткізді, оның сегізі ауқымды болды, осы операциялар аясында 80 террорист залалсыздандырылды.Бұл туралы Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің өкілі Пынар Караның мәлімдемесінде айтылған. Түрік әскерилері терроризмнің барлық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирактағы лаңкестік шабуыл, 3 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша.ДАИШ террористік ұйымының содырлары Салахаддин провинциясында белсенділіктерін арттырды, деп Анадолу агенттігі жазады. Ирактың Салахаддин провинциясындағы жарылыс салдарынан үш бейбіт тұрғын қаза тапты. Ирак ішкі істер министрлігінің өкілі, Салахаддин провинциясының капитаны Ахмет Экрем Анадолу агенттігіне берген сұхбатында ДАИШ террористерінің Ширгат елді мекенінің жанындағы алқапқа жарылғыш зат қойғанын хабарлады.  «Жарылғыш құрылғы қашықтан басқару құралымен іске […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Global Terrorism Index 2020: Ауғанстан терроризмге ең көп ұшыраған мемлекет

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша.Ауғанстан — 2019 жылы терроризмнен ең көп зардап шеккен мемлекет. Бұл туралы Халықаралық экономика және бейбітшілік институты (IEP) (штаб-пәтері Сиднейде) жариялаған Global Terrorism Index 2020 аналитикалық есебінде айтылған, деп жазады Анадолу агенттігі. IEP әлемнің 163 елінде 2019 жылы болған оқиғаларды талдады. Есепке сәйкес, Ауғанстан, 2018 жылғыдай терроризмнен ең көп зардап шеккен ел болып […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ИМ Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдеріндегі көптеген терактілерге жауапты – талдау орталығы

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша.Терроризм тенденцияларына жыл сайынғы шолу Сахарадан оңтүстікке қарай Африка елдеріндегі экстремистік шабуылдардың көбі «Ислам мемлекеті» тобымен (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) және оның филиалдарымен байланысты болғандығын көрсетті. Бұл туралы Экономика және бейбітшілік институтының талдау орталығы жасаған Әлемдік терроризм индексіне сілтеме жасай отырып BBC Swahili хабарлады, деп REGNUM АА жазады . Зерттеу нәтижелері бойынша, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан мен Пәкістан терроризммен бірлесіп күресуді жоспарлап отыр

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша.Тәжікстан мен Пәкістан өкілдері трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты талқылады, деп Авеста ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады. 25 қараша күні Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода Пәкістанның Қарулы күштері штаб бастықтары төрағасымен Надим Разамен кездесті. Тараптар қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде терроризммен, экстремизммен және есірткі бизнесімен бірлескен күресті талқылады. Бұған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Францияда мұғалімнің өлтіру ісіне байланысты төрт мектеп оқушысы қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша. Франция полициясы 16 қазанда Конфлан-Сент-Онорин коммунасында тарих пәнінің мұғалімі Сэмуэл Патидің өліміне кесуге байланысты тағы төрт оқушыны қамауға алды. Бұл туралы Le Figaro-ға сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. 13-14 жас аралығындағы мектеп оқушылары «лаңкестік шабуылға қатысушылық»  және «лаңкестік қауымдастық құру» деген күдікпен қамауға алынды. Естеріңізге сала кетейік, 19 қарашада Францияның Анси қаласында […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Дохада терроризммен күрес офисі ашылады

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша. Катар мен Біріккен Ұлттар Ұйымы терроризммен күрес бағдарламасы аясында Дохада үш ай ішінде офис ашылуы жайлы келісімге қол қойды, деп TRT хабарлайды.  Катар хабар агенттігі «QNA»-ның хабарына қарағанда офистің террормен күресу тақырыбында жаһандық көлемде парламенттердің жұмыстарына үлес қосуы көзделуде. Келісімге Катар Халық Мәжілісі төрағасы Ахмет ибн Абдуллах Әл-Мұхаммед  пен Біріккен Ұлттар Ұйымы террормен күресу […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы шабуылда 4 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша. Ауғанстанның Кандагар провинциясында екі бөлек шабуыл ұйымдастырылды. Шабуылда 4 адам қаза тапты және 13 адам жарақат алды, деп TRT жазады. Кандагардың Панджвай аймағында жол шетіне төселген бомбаның жарылуы кесірінен біреуі бала, үшеуі әйел 4 адам қаза тапты және 6 адам жарақат алды. Басқа бір шабуыл болса Лахори аймағында ұйымдастырылды. Бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда 7 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда екі жойқын жарылыс болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер бар

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша. Ауғанстанның Бамиан қаласында болған екі жарылыс салдарынан кем дегенде 17 адам қаза тауып, 50-ден астамы жараланды, деп Tolo News-ке сілтеме жасап  REGNUM АА хабарлайды. Елдің Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, екі магниттік бомба Бамиян қаласындағы базарда  атылған. Әзірге бірде-бір үкіметке қарсы немесе радикалды топ бұл жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. REGNUM […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ресей мен Тәжікстан әскери күштерінің бірлескен жаттығулары кезінде заңсыз қарулы құрылымдарын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша. 201-ші Ресей әскери базасы мен Тәжікстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Тәжікстандағы Ляур полигонында кезекті әскери жаттығулар өткізді, деп Ресейдің Орталық әскери округінің қолбасшылығына сілтеме жасап Аннадолу агенттігі хабарлады. Жаттығулар сценариі бойынша қатысушылар шекараны бұзып өтпек болған заңсыз қарулы топтарды анықтауы керек болатын. «Аңызға сәйкес, «Орлан-10» ұшқышсыз ұшатын аппараттар тобы барлау бөлімшелерімен бірлесе […]
    • 3 Years ago
    • 0