Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • АҚШ тұрғыны ИМ атынан лаңкестік шабуылдар жасау қастандағын мойындады

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша. Оңтүстік Каролина тұрғыны «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының атынан АҚШ-та және шетелде лаңкестік шабуылдар жасау үшін астыртын сөз байласқанын мойындады, деп хабарлайды РИА Новости АҚШ Әділет министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Әділет министрлігінің мәліметінше, 34 жастағы Кристофер Шон Мэттьюс (Али Джибрил атымен белгілі) ИМ-не (ҚР-да тыйым салынған ұйым) қолдау көрсету мақсатында жасалған қастандықты мойындады. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирактың солтүстігінде ДАИШ-тың 5 лаңкесі қолға түсті

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша.Лаңкестер Киркук қаласының орталығындағы пәтерлерге жүргізілген рейдтер кезінде қолға түсті, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Ирактың солтүстігінде терроризмге қарсы операция кезінде ДАИШ лаңкестік ұйымының бес содыры қолға түсті. Киркук полиция Басқармасының бастығы Амир Нури «Анадолу» ақпарат агенттігінің тілшісіне  қауіпсіздік күштерінің қала орталығындағы екі пәтерінде рейд жасағанын айтты. Рейдтер кезінде бес ДАИШ лаңкесі ұсталды. ДАИШ […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның Эль-Баб ауданындағы лаңкестік шабуылда 5 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша.Сирияның Эль-Бабындағы бомбаның жарылуы салдарынан үш бейбіт тұрғын қаза тауып, 18 адам жарақат алды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. «Евфрат Қалқаны» операциясы нәтижесінде террористерден тазартылған Эль-Баб ауданындағы көлікке жарылғыш құрылғы орнатылды. Кем дегенде үш бейбіт тұрғын қаза тауып, 18 адам жарақат алды. Зардап шеккендердің саны артуы алаңдатуда. Жарылыстан кейін маңайдағы көптеген көлік күйреді. Қауіпсіздік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирактың солтүстігінде аса қауіпті КЖП-ның террористі залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша. Ирактың солтүстігінде содырлардың Сирияға жіберуін қадағалаған «Дыхлаз» лақап атымен белгілі КЖП-ның лаңкесі Хизрет Чалкын залалсыздандырылды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Ирактың солтүстігінде содырлардың Сирияға жіберуін қадағалаған «Дыхлаз» лақап атымен белгілі КЖП-ның лаңкесі Хизрет Чалкынның көзі жойылды. Қауіпсіздік дереккөздерінің хабарлауынша, бұл операцияға Түркияның Ұлттық барлау ұйымы (MİT) қолдау көрсеткен. Хизрет Чалкын Түркия ішкі істер […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Иракта ДАИШ содырлары полиция қызметкерлеріне шабуылдады

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша. Ирактың Анбар провинциясында ДАИШ содырлары полиция қызметкерлері мінген көлікке шабуылдады, деп TRT хабарлайды.  Анбар провинциясының орталығына қарасты Саккар аймағында 3 полиция қызметкері мінген көлікке ДАИШ (ҚР тыйым салынған ұйым) ұйымының содырлары шабуыл жасады. Анбар Полиция дирекциясынан жасалған мәлімдемеде Полиция жүзбасы Ахмед Дулейми лаңкестердің 3 полиция қызметкерін өлтіріп, көлікті өртегендерін, өртеуге тырысқандары бір танкердің […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харам» содырларының шабуылы салдарынан тоғыз адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша. «Боко Харам» лаңкестері Нигерияның Борно штатының губернаторы Бабаган Зулумның автокөліктер колоннасына шабуыл жасады: тоғыз адам қаза тауып, көптеген адамдар жараланды, деп хабарлайды Anadolu агенттігі . Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиғаның Жаалта аймағындағы Гажирам-Монгуно тас жолында болғанын хабарлайды. Қаза тапқандардың жетеуі әскери, екеуі полиция қызметкерлері. Шабуыл нәтижесінде Зулум жарақат алған жоқ, көліктер […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияның оңтүстік-шығысында КЖП-ның үш содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша.«Yıldırım» операциясының сегізінші кезеңі аясында жандармерия офицерлерімен КЖП-ның лаңкестері залалсыздандырылды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. «Yıldırım» операциясының сегізінші кезеңі аясында Мардин провинциясының оңтүстік-шығысында КЖП-ның үш лаңкесі залалсыздандырылды, деп дүйсенбі күні Түркия ішкі істер министрлігі хабарлады. Даргечит аймағында операция жандармерия күштерінің қатысуымен және авиацияның қолдауымен жалғасуда. Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап PKK содырлары […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирактың солтүстігінде жүргізілген арнайы операцияда барысында ИМ 16 содыры өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша. Ирактың терроризмге қарсы күштері бірнеше күн бұрын елдің солтүстігіндегі Киркук провинциясында жүргізген операция нәтижесінде «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым) тобының он алты содыры  жойылды, деп Ирак қарулы күштерінің Біріккен қолбасшылығының өкіліне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды. Ирак қарулы күштері Біріккен қолбасшылығының ресми өкілі Яхья Расул жұма күні мәлімдегендей, АҚШ бастаған халықаралық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Американың Висконсин штатында атыс  болды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша. Белгісіз ер адам жұма күні Висконсин штатындағы Уоватос қаласындағы сауда орталығынын бірінде оқ жаудырды, сегіз адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полиция департаментінің Twitter-дегі парағында жарияланған мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды ТАСС . Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды. Олардың арасында жеті ересек адам мен жасөспірім бар. Атушының жеке басы әлі анықталған жоқ. Полиция […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қызылордада облысының түзеу мекемелерінің бірінде терроризмді насихаттаумен айналысқан азамат анықталды

    ҚЫЗЫЛОРДА, 21 қараша. Қызылорда облысының түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан Түркістан облысы тұрғынының діни алауыздықты қоздырға бағытталған уағыздар таратумен айналысып жүргені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің департаментінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген іс-шаралар барысында түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан Түркістан облысының 43 […]
    • 3 Years ago
    • 0