Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Кабул орталығында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар. Жарылыс сәрсенбі күні Кабулдың орталық аудандарының бірінде болды, деп ауғанстандық Asvaka агенттігі  хабарлайды.Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Агенттіетің хабарлауынша, оқиға Кабулдың 9-шы қауіпсіздік аймағында болған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыстан кейін атыс дыбыстары естілген. Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, Ауғанстан астанасының аталған ауданында қолдан жасалған жарылғыш зат жарылған. Жарылыс полиция көлігіне бағытталған. Құрбандар туралы ақпарат жоқ.   […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысындағы жағдай туралы

    ТАРАЗ, 12 қаңтар.Жамбыл облысы бойынша терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб өңірдегі жағдайды тұрақтандыру бойынша кешенді шараларды қабылдап, іске асыруда, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Тараз қаласында негізгі қайғылы оқиғалар 2022 жылғы қаңтардың 5-нен 6-сына қараған түні болды. 350 адамға жуық топ атыс қаруы мен «Молотов […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қызылордада блок-бекеттен өтпек болған көліктен 1,5 келіге жуық марихуана табылды

    ҚЫЗЫЛОРДА, 12 қаңтар.  Қызылордада блок-бекеттен өтпек болған көліктен 1,5 келіге жуық есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 9 қаңтар күні сағат 16:50 шамасында полицейлер қала аумағындағы блок-бекетте Honda Odyssey автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан 1,5 келіге жуық “марихуана” есірткі заты анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Атырау облысында есірткіні жарнамалаған 17 сайт бұғатталды

    АТЫРАУ, 12 қаңтар. Атырау облысында есірткіні жарнамалаған 17 сайт бұғатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб отырысында белгілі болды. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаевтың мәліметінше, талдау мәліметтеріне сәйкес, есірткімен байланысты қылмыстардың саны өскен. «Қазіргі […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Екатеринбургте миналау туралы хабарламадан кейін мектептерді жаппай эвакуациялау басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар. Сәрсенбі күні таңертең Екатеринбургтегі 93 мектептің оқушылары мен қызметкерлері «миналау» туралы ақпаратқа байланысты эвакуацияланды, деп қалалық әкімшіліктің білім басқармасы хабарлайды. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Бүгін таңертең Екатеринбургте миналау  туралы хабарға байланысты мектептерді жаппай эвакуациялау болды. 9.00-де (Мәскеу уақытымен 7.00) 93 ғимараттан балалар мен қызметкерлердің эвакуацияланғаны туралы белгілі болды », […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • АҚДМ діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар. Әлеуметтік желілерде діни экстремизмге қарсы үгіт-насихат күшейтіліп, радикалды топтардың қазақстандық жазылушыларымен атаулы жұмыс жүргізуге назар аударылады, деп Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Үкімет отырысында  хабарлады. Бұл туралы Zakon.kz агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Министрлік тарапынан дін саласында азаматтардың радикалдануына жол бермеу және дінді деструктивті мақсатта […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК ШҚ Алматы қаласының стратегиялық маңызды нысандарын басып алуға жол бермеді

    АЛМАТЫ, 12 қаңтар. ҚР ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаментінің жеке құрамы құқық қорғау органдарымен және әскери құрылымдармен бірлесе отырып, Алматы қаласының Әкімшілігі мен стратегиялық маңызы бар нысандарын қорғауға тікелей қатысты, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Митинг кезінде қылмыскерлер «Көктөбе» теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында есірткі жасаумен айналысқан екі шетел азаматы ұсталды

    АЛМАТЫ, 11 қаңтар. Алматылық екі тұрғын есірткі жасаумен айналысқан шетелдік таныстарын ұстап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz . Оқиға 11 қаңтарда таңертең Алматы облысы Талғар ауданында болған. Таңғы сағат 5.00 шамасында Тұздыбастау ауылында әкімдік қызметкерлері мен еріктілер түнгі тексеріс барысында Mercedes автокөлігін байқаған. Көлік ішінде күдікті адамдар болған. «Көлікте екі ер адам және екі әйел отырды. Олардың […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Германияның министрлер кабинеті ИМ-ге қарсы операция жүргізу мандатын ұзартады

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар. Германия «Ислам мемлекеті» террористік тобына қарсы күрес жөніндегі батыс коалициясының операциясына ГФР Қарулы Күштерінің қатысу мандатын ұзартпақшы. Бұл туралы DPA агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Бұған дейін мандат Бундесвердің Иракта және ресми түрде Сирияда болуын білдірді, өйткені неміс барлау ұшақтары Сирия әуе кеңістігіне ұшып […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ҰҚШҰ бітімгершілік контингентін шығару екі күннен кейін  басталады

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар.ҰҚШҰ әскерлерін шығару процесі екі күннен кейін — 13 қаңтарда басталады, ол 10 күннен аспайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімдеме жасады, деп Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «ҰШҚҰ жеке тоқталғым келеді. Бұған қатысты түрлі қауесеттің, әсіресе, шетелде тарап жатқан жаңсақ пікірдің алдын алу қажет. Бұл ұйым ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. […]
    • 2 Years ago
    • 0