Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Лаңкестер әскери қалашықтарға шабуыл жасаған

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Қару-жарақтарды ұрламақшы болған қылмыскерлердің әрекетіне әскерилер тойтарыс берді, деп қорғаныс министрлігі хабарлады. Бұл туралы baq.kz агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ведомствоның мәліметінше төтенше жағдай енгізілген күннен бастап әскери бөлімдер, әуежай, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз етудің аса маңызды нысандары күзетке алынды. Сондай-ақ бақылау-өткізу режимі ұйымдастырылған. Тұрғындарға қауіпсіз және жайлы жағдай қамтамасыз етілген.  
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматыда екі экстремистік топ құрықталды

     АЛМАТЫ, 10 қаңтар. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетімен жаппай тәртіпсіздік пен террористік актіге қатысқандарды ұстау және жасалынған қылмыстардың себептерін анықтау бойынша кешенді іс-шара жүзеге асырылып жатыр, деп ҚР ҰҚК баспасөз-қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Соның нәтижесінде 2022 жылдың 4 мен 8 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатынасқан 2 экстремистік топ […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қазақстан СІМ шетелдік БАҚ-тағы кейбір жарияланымдарға қатысты мәлімдеме жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Сыртқы істер министрлігі шетелдік кейбір БАҚ-та жарияланған еліміз туралы ақпараттарға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап baq.kz хабарлайды. Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен бері қалыптасқан ахуалға байланысты шетелдік БАҚ-тағы бірқатар жарияланымдар атүсті және біржақты сипатта болды. Осы орайда ҚР Сыртқы істер министрлігі келесіні атап өтуді жөн санайды. Маңғыстау облысы мен […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Елде террористерге қарсы күрес табанды түрде жалғасады

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Елде арнайы операция террористер толық жойылғанша жалғасады, деп Хабар24 агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Қазақстан аумағында бітімгершілік күштерді жан-жаққа орналастыру жұмыстары аяқталды. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов пен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бітімгершілік күштерінің қолбасшысы Андрей Сердюков хабарлады. Олардың мәліметінше, елде арнайы операция террористерді толық жойғанша жалғасады. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясы

    АЛМАТЫ, 10 қаңтар. Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады, — деп Tengrinews.kz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Тұрғымбаев қазақстандықтарға үндеуінде 2 қаңтарда Маңғыстау облысында газ бағасы көтерілуіне наразы жұрттың митингілері өткенін хабарлады. «Үкімет осы мәселені шешу үшін нақты шаралар қабылдады. Оқиға орнына ел премьер-министрі бастаған комиссия […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Бүгін еліміз бойынша жалпыұлттық аза тұту күні

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген адамның қайтыс болуына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп baq.kz  хабарлайды. Бүгін Қазақстан бойынша Мемлекеттік тулардың барлығы төмен түсіріледі. Осылайша бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилер, полиция өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетіледі. Кейінгі күндері болған […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қару-жарақ пен шетел валютасы: Жамбыл облысында 139 адам ұсталды

    ТАРАЗ, 09 қаңтар. Жамбыл облысында күш құрылымдары тергеу шаралары барысында қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіледі, — деп   «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды. Бұл қарудың бәрі Тараз бен жақын маңдағы елді мекендерде террорлық шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктер жасауға арналған. Жамбыл облыстық комедантурасының хабарына қарағанда, өңірде 139 адам ұсталған. Сонымен қатар, ұсталғандарда доллар мен қырғыз сомы болған. Осы қаражат арқылы олар студенттер […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қаруланған 300 адам Қазақстан шекарасынан өтпек болған

    НҰР-СҰЛТАН,09 қаңтар. Қару-жарақ пен ақша ұрлаған 300 адам шекарадан өтпелі болған.Бұл туралы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді,деп baq.kz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған кезде көлікпен және жаяу елден шықпақ болған үш жүзге жуық адам ұсталды.Олардан атыс қаруы, ұрланған мүлік, соның ішінде ұялы телефондар […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сарапшы: лаңкестердің тактикасы өзгерген

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қаңтар. Сарапшылар қазіргі лаңкестердің әрекет ету тактикасы өзгергендігін айтады, деп хабарлайды Хабар24. Олар бұрынғыдай жиі жарылыс жасап, жанкештілерді жібермейді. Қоғамға сіңіп, тамырын басқан соң елмен бірге биліктегілерге лап береді. Ал кейін басқаруды өз қолдарына алады. Сарапшы Амнгелді Құрметтің пайымы осы. Ол Қазақстанда болып жатқан бүліктің кейбір элементтері Иракта 2014 жылы ДАИШ ұйымдастырған қырғынға […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Шұғыл ақпарат:ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша тергеу бастады

    НҰР-СҰЛТАН,08 қаңтар.Үстіміздегі жылғы 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі бойынша мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады,деп ҚР ҰҚК ресми сайты хабарлайды. Сол күні осы қылмысты жасау күдігімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы Төрағасы К.К. Мәсімов және басқа тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Өзге ақпарат тергеу мүдделерінде […]
    • 2 Years ago
    • 0