Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Египетте жарылыс кезінде он сарбаз жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 03  мамыр. Бейсенбі күні Египеттің Солтүстік Синай мухафазасында жарылыс болып, салдарынан он әскери қызметкер қаза тапты немесе зардап шекті. Бұл туралы елдің Қарулы күштерінің  ресми өкілі Тамер Рифаиге сілтеме жасап  Синьхуа агенттігі жазады. Оның айтуынша, жарылғыш құрылғы әскер автомобилінің жүру жолында іске қосылған. Екі офицер мен сегіз сарбаз қаза тапты немесе жарақат алды. Қаза […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Францияның Коломб қаласында екі полицейді қағып кеткен лаңкеске айып тағылды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 мамыр. Францияның Коломб қаласында екі полиция қызметкерін көлікпен әдейі қағып кеткен адамға лаңкестік ісі бойынша айып тағылды.  Бұл туралы лаңкестік істер бойынша прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлады. 29 жастағы ер адам лаңкестік ой аясында билік өкілдерін өлтіруге әрекет жасады деп айыпталуда. Айыпталушы психиатриялық сараптама нәтижелері бойынша есі дұрыс деп танылды. Оқиға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ирактың шығысында ИМ содырларының шабуылы нәтижесінде полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 мамыр. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының содырлары жұма күні  Ирактың шығысындағы Дияла провинциясына екі шабуыл жасады, салдарынан  бір полиция қызметкері қаза тауып, үшеуі жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті полиция өкіліне сілтеме жасап хабарлады . Оның айтуынша, 1 мамыр күні содырлар Дияла провинциясының әкімшілік орталығы Баакуба қаласындағы бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасаған, салдарынан бір […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Германияда «Хезболла» қозғалысына тыйым салынды

    НҰР-СУЛТАН, 30 сәуір. Бейсенбі күні Германияның ішкі істер министрі Хорст Зеехофер ливандық «Хезболла» қозғалысының қызметіне тыйым салды, деп мекеме өкілі Стив Альтерге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Федералды министр Зеехофер бүгін Германияда «Хезболла» (Құдай партиясы) шиит лаңкестік ұйымының қызметіне тыйым салды . Таңертең бірнеше аймақта полицейлер іс-шаралар өткізеді. Тіпті дағдарыс кезінде де құқықтық мемлекет әрекетке […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Кабулда әскери нысанның жанында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір. Сәрсенбі күні таңертең Кабулдағы әскери нысан жанында болған жарылыстан кем дегенде үш адам қаза тапты. Бұл туралы TOLOnews телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады . Қайтыс болғандардың барлығы бейбіт тұрғындар екендігі айтылған. Тағы сегіз адам жарақат алды. Әскери қолбасшылық бұл  оқиға үшін жауапкершілікті «Талибан»  (ҚР тыйым салынған ұйым) радикалды тобына  жүктеді. «Талибан» қасиетті […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның Африн қаласында болған жарылыстан 40 кісі қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір. Сирияның Африн ауданы орталығында бөлшектеуші террористік ұйымдар YPG/PKK-ның бейуаз азаматтар көп жүретін Раджу көшесінде бомба тиелген көлікпен жасаған шабуылында  қаза тапқандар саны 40 кісіге көбейді. Опасыз шабуылда мерт болғандар арасында 11 бала бар, деп  trt.net.tr порталы жазады. Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде террористердің Африн ауданы орталығында бейуаз азаматтар көп жүретін Раджу көшесінде бомба тиелген көлікпен шабуыл […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Египетте төтенше жағдай режимі тағы 3 айға созылды

    НҰР-СУЛТАН, 28 сәуір. Египет президенті Абдель Фаттах ас-Сиси азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына төнген қатерге байланысты елдегі төтенше жағдай режимін үш айға ұзартты. Шешім мәтіні  ресми газетте жарияланған, деп РИА Новости хабарлайды. «Министрлер кабинетінің пікірін ескеріп және азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына байланысты қауіпті жағдайларды ескере отырып…28 сәуірден сағат 01: 00-ден (Мәскеу уақытымен 02:00) бастап бүкіл Египет […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерия әскери күштері сексен тоғыз содырдың көзің жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір. Абуджадан келіп түскен ақпарат бойынша Нигерия әскерлері жақында елдің солтүстік-батысында Замфара штатында лаңкестікке қарсы операция өткізді.  Оның барысында 89 содыр жойылып, бес кепілгер босатылды. Бұл туралы әскери департаменттің ресми өкіліне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Оның айтуынша, жұма күні жүргізілген операция нәтижесінде әскерилер 89 содырды жойып, бес адамды кепілден босатты, сонымен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Конгода содырлардың шабуылы нәтижесінде 17 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір. Конго Демократиялық Республикасының (КДР) шығысындағы Солтүстік Киву провинциясына жұма күні жасалған шабуыл салдарынан 17 адам,  оның ішінде 12 қорықшы қаза болды, деп жазады Синьхуа агенттігі . Оқиға Вирунга ұлттық саябағында болды. Солтүстік Киву провинциясының әкімшілігі шабуылды айыптады. Жергілікті биліктің мәлімдемесінде саябақтың 12 күзетшісі шабуылдың құрбаны болғаны айтылған. Сонымен қатар, джип көлігі өртеніп, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Талибан» содырлары АҚШ-пен келісімге қол қойғаннан кейін шамамен 3000 шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір. «Талибан» радикалды қозғалысының жақтастары ақпан айының аяғында АҚШ-пен келісімге қол қойылғаннан кейін 2 804 шабуыл жасады. Бұл туралы сенбі күні Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Джавид Файсал мәлімдеді, деп TOLOnews телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Наурыздың басынан бастап 19 сәуірге дейін тәлібтер 2 804 шабуыл жасады», — деді Файсал. «Шабуылдардың […]
    • 4 Years ago
    • 0