Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Иракта әскери күштер содырларға қарсы жаңа операция бастады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан. Ирактың қарулы күштері ИМ (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым)  содырларының қалдықтарын жою бойынша кезекті арнайы операцияға кірісті Бұл туралы  Kurdistan.ru сілтеме жасап REGNUM хабарлады. Операция Сирия мен Иордания шекарасында орналасқан Анбар провинциясының шөлді аймағында өтеді. Журналистердің ақпараты бойынша, биыл бұл лаңкестерге қарсы ең үлкен акция болады. Әскери іс-қимылдар бірден бес бағытта өрістетілетін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Римде есірткі саудасымен айналысқан 24 адам қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан. Италияның құқық қорғау органдарының қызметкерлері 13 ақпан бейсенбіде Римде есірткі бизнесіне қатысы бар деген күдікпен 24 адамды қамауға алды, деп REGNUM хабарлайды. Заңсыз бизнестің айлық «айналымы» 90 мың еуроны құрады. Есірткі саудасымен қатар, тұтқындалған адамдарға басқа да айыптар тағылатын болады. Атап айтқанда, полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар қару қолданып, қорқыту арқылы «клиенттерінің» борыштарын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Үндістанның Лакхнау қаласында жарылыс салдарынан кем дегенде үш адам зардап шекті

    НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан. Үндістанның Лакхнау қаласындағы сот ғимараты жанында болған жарылыстан кем дегенде үш адам жарақат алды. Бұл туралы The Times of India газетіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Басылымның мәліметінше, белгісіз адам сот ғимаратына қолдан жасалған бомба тастаған. Полиция оқиға болған жерден үш жарылмаған снаряд тапты. Басұа қосымша мәліметтер жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мароккода 7,5 тонна есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан. Мароконың Гулимин қаласынан 70 км қашықтықта орналасқан ауылдағы қоймалардан есірткі партиясы табылды, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап 24.kz хабарлады. Сегіз күдікті ұсталды.Тергеу нәтижелері бойынша, ұсталған күдіктілер есірткі контрабандасымен айналысатын халықаралық қылмыстық ұйыммен байланыс орнатқан.  
    • 4 Years ago
    • 0
  • Венесуэла қарулы күштері бортында 500 келі кокаин бар ұшақты ұстап алды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан. Венесуэла әскери қызметшілері 500 келіге жуық кокаині бар  шағын ұшақты, екі Бразилияның азаматын ұстады, деп хабарлайды РИА Новости  елдің ішкі істер министрлігінің Twitter-дегі хабарламасына сілтеме жасап. Операция 11 ақпан күні Венесуэланың солтүстік-батысындағы Лара штатында өткізілді. «Қарулы күштер өкілдері 430 пакет кокаині (барлығы 482,520 келі) бар  Embraer SENECA II ұшағын ұстап алды. Екі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нидерландта екі жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан. Нидерландта таң атқалы қатарынан екі жарылыс болды, деп russian.rt.com сілтеме жасап 24.kz хабарлайды. Амстердам полициясы алдымен жергілікті пошта компаниясының кеңсесінде белгісіз зат жарылғандығын хабарлаған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген, деп жазады Арада жарты сағат өткенде Керкрад қаласында жарылыс болды. Бұл жолы төтенше оқиға қаладағы пошта компаниясының сұрыптау орталығында тіркелді. Жарылғыш зат хаттың немесе […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан қауіпсіздік күштері «Талибан» түрмесінен он бес бейбіт тұрғынды құтқарды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан. Кеше Ауғанстанның қауіпсіздік күштері әскери ұшақтардың көмегімен «Талибандардың» түрмесіне шабуыл жасап, 15 бейбіт тұрғынды алып қалды. Бұл туралы бүгін Ауғанстан армиясының мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі . Мәлімдемеге сәйкес, түрме Давлат Шах аймағында орналасқан. Қарулы содырлар заңсыз ұстап әкеткен 15 бейбіт тұрғынның бәрі босатылып, отбасыларына қайтарылған. Мәлімдемеде бұл әскери операциялар кезінде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда содырлардың шабуылы салдарынан 30-ға жуық адамды қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан. Нигерияның  солтүстік-шығысындағы Борно штатында исламшыл содырларға қатысы бар деген  күдіктілер кем дегенде 30 адамды өлтірілді, деп ресми тұлғалардың хабарламаларына сілтеме жасап ВВС Africa хабарлайды. Бұл туралы REGNUM жазады.  Борно штатының өкілі Ахмад Абдуррахман Бундидің айтуынша, қаза тапқандардың көбісі Ауно ауылындағы бақылау-өткізу пунктінде тоқтатылған. Оның айтуынша, көптеген әйелдер мен балалар ұрланған. Куәгерлердің айтуынша, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кабулда жанкешті шабуылынан кемінде алты адам өлді

    НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан. Ауғанстан астанасында 11 ақпанда әскери академия маңында жанкешті жасаған шабуылдан кемінде алты кісі қаза тауып, 12 адам жараланған. Зардап шеккендердің бесеуі – жай азаматтар деп хабарлады Ауғанстан ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы Насырет Рахими. Ауғанстан қорғаныс министрлігі жарылыстан алты адам зардап шеккен деген ақпарат таратты, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.  Шабуылға жауапкершілікті әзір […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Таиландта әскери қызметкердің қолынан қаза тапқандар саны 29-ға жетті

    НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан. Тайландтың солтүстігіндегі Накхонратчасима қаласында әскери қызметкердің оғынан қаза болғандардың саны 29 адамға жетті. Бұл туралы Reuters агенттігі елдің қауіпсіздік күштеріндегі бұлақтарына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады centralasian.org.  Оқ атқан әскери қызметкер адамдарды кепілдікке ұстап тұрған сауда орталығында атып өлтірілді. The Bangkok Post газеті атыс кезінде құқық қорғау органдарының үш қызметкері жарақат алғанын хабарлады. […]
    • 4 Years ago
    • 0