Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанда көлік жарылысынан 6 адам зардап шекті

    НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір. Сейсенбі күні Ауғанстанның шығысындағы Хост провинцияның әкімшілік орталығында провинция губернаторының көлігіне бағытталған  бомба қойылған көлік жарылып, алты адам зардап шекті. Бұл туралы провинциясы үкіметінің өкілі Талиб Мангалға сілтеме жасап Синьхуа ақпараттық агенттігі хабарлады . Оның айтуынша, жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00 шамасында, губернатор жұмыс орнына бара жатқан кезде болған. «Алты адам, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қытайдың оңтүстік-батысында 26 кг есірткі заттары бар үш күдікті ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір. Қытайдың оңтүстік-батысындағы  Юньнань провинциясының полициясы соңғы екі істің аясында 26 кг есірткі заттары бар үш күдікті ұстады, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Шекара полициясы провинцияның автономды Цзинхун қаласында 11 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша шамамен кешкі сегізде бір күдіктіні қолға түсірді. Оның шабаданынан жасырылған  3 кг метамфетамин табылды. Сонымен бірге […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда бірнеше ондаған «Боко Харам» содырлары жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір.Кеше Нигерия әскерилері елдің солтүстік-шығысындағы Йобе штатында»Боко харам» экстремистік тобының  бірнеше ондаған содырын жойды. Бұл туралы Нигерияның әскери өкіліне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды. Нигерияның Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әскери жасақ жақында Йобе штатындағы Гуджба ауданында «Боко харам» содырларымен атысқа түскенін және нәтижесінде топтың ондаған мүшесін өлтіргенін хабарлады. Сол күні […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның батысында содырлардың шабуылы салдарынан үш полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір. Жексенбі күні Ауғанстанның батысындағы Бадгис провинциясының Мукар ауданындағы бақылау-өткізу пунктінде қарулы көтерілісшілердің шабуылынан үш полиция қызметкері қаза тауып, тағы алтауы жарақат алды. Бұл туралы жергілікті биліктің ресми өкілі Нажмудин Бурханиге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, «Талибан» қозғалысының (ҚР-да тыйым салынған ұйым) қарулы көтерілісшілері  таңертең ерте Мукар ауданындағы жергілікті полицияның бақылау-өткізу […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда содырлардың шабуылынан 19 әскери қызметкер қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір. Өткен түні Ауғанстанның Tахар провинциясында үкімет күштерінің бекеттеріне жасалған «Талибан» қозғалысының (ҚР тыйым салынған ұйым) шабуылы салдарынан кем дегенде 19 әскери қызметкер қаза тауып, бесеуі жараланды. Бұл туралы TOLOnews-ке сілтеме жасап  REGNUM хабарлады. Провинция губернаторының өкілі арнаға хабарлағандай, қазір жағдай үкіметтік қауіпсіздік күштерінің бақылауында.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Испанияда есірткі саудаланған 3 литвалық азамат қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір. Испанияның тәртіп сақшылары салмағы 200 келі есірткі тәркіледі, деп хабарлайды 24.kz. Қылмыскерлер заңсыз тауарды қызанақ тұздығына арналған ыдысқа тыққан. Испанияның оңтүстігінде ұйымдастырылған әскери операция кезінде 3 литвалық азамат қамауға алынды. Белгілі болғандай, қылмыстық топ тауарды жалған компания арқылы шекарадан өткізген. Осылайша коронавирус пандемиясы кезіндегі қатаң шараларға қарамастан, есірткінің бірнеше партиясы жасырын түрде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Үндістанның солтүстігінде содырлардың шабуылынан үш полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір. Орталық резервтің полиция күштерінің (әскерилендірілген полиция құрылымы) үш жауынгері сенбі күні Үндістанның солтүстігінде содырлардың патрульге шабуыл жасауы кезінде қаза тапты. Бұл туралы NDTV телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Оның айтуынша, лаңкестердің шабуылы Барамулла округінде Джамму мен Кашмир одақтас аумағында орын алған. Әзірге осы аймақта әрекет еткен топтардың ешқайсысы бұл шабуыл үшін жауапкершілікті […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Абу Сайяф» содырларымен болған атыс кезінде Филиппиннің 11 әскери қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір. Бүгін Филиппиннің оңтүстігіндегі Сулу провинциясында үкіметтік күштер мен «Абу Сайяф» экстремистік тобының содырлары арасында қақтығыс болып, салдарынан  11 әскери қызметкер қаза тауып, тағы 14-і жарақат алды. Бұл туралы филиппиндік әскерге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Батыс Минданао аймағындағы әскери қолбасшылықтың өкілі бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 шамасында Сулу  провинциясының батыс […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түрік әскерилері Ирактың солтүстігінде КЖП-ның он сегіз содырын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір. Түркия қауіпсіздік күштері Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмысшы партиясының 18 мүшесін жойды. Бұл туралы Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Министрліктің әлеуметтік желілерде жарияланған мәлімдемесінде түрік әскері барлау және бақылау арқылы Ирактың солтүстігінде күрд қарулы тобының әрекетін анықтағанын айтылады. Түркияның оңтүстік-шығысындағы Хаккяри провинциясы мен Ирактың солтүстігіндегі Хафтанин аймағында жүргізілген операция […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда содырлардың шабуылынан тоғыз бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір. Нигерияның орталық бөлігіндегі Плато штатында орын алған шабуыл нәтижесінде кемінде тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы Нигерия армиясына сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Содырлар Хурра елді мекенге шабуыл жасап тоғыз адамды өлтірді. Әскердің мәліметінше, сонымен қатар шабуылдаушылар 33 үйді өртеген. Қауіпсіздік күштері содырларды іздеуде. «Қауіпсіз айлақ» арнайы күштері операциясының баспасөз-хатшысы майор Ибрахим […]
    • 4 Years ago
    • 0