Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Германияда 9 адамды өлтірген адам геноцидке шақырған

    НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан. Франкфуртта тоғыз адамды атып өлтірген неміс азаматы өзін және анасын өлтірмес бұрын интернетте үндеу жариялаған. Онда ол барлық «өзге мәдениет пен нәсіл өкілдерін қыруға» шақырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post-қа сілтеме беріп. Билік қылмыскердің 43 жастағы Тобиас Р. есімді азамат екенін анықтаған. Ол сәрсенбі күні кешке кальянханада, кафе мен қаланың басқа жерлерінде атыс […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сахель аймағында терроризмге қарсы күресті Франция мен АҚШ президенттері талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан. АҚШ пен Франция президенттері Дональд Трамп пен Эммануэль Макрон сейсенбі күні телефон арқылы сөйлесу барысында НАТО мен Африканың тропикалық Саванна аймағы — Сахель аймағында терроризмге қарсы күресті талқылады. Бұл туралы Ақ үй баспасөз хатшысының орынбасары Джадда Дирге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Екі көшбасшы НАТО — ның маңыздылығын, АҚШ пен Францияның Сахелдегі терроризмге […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Коста-Рикада 6 тоннаға жуық кокаин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан. Коста-Рика полициясы 6 тоннаға жуық кокаин есірткісін тәркіледі. Бұл ел тарихындағы ең ірі көлемде қолға түскен есірткі партиясы, деп хабарлайды 24.kz.  Заңсыз жүк Нидерландтың Роттердам қаласына шыққалы тұрған кемедегі бір контейнерден табылды. Олар 202 қапқа оралып, өсімдіктер арасына жасырылған. Оқиғаға қатысты портқа осы контейнерді жеткізген 46 жастағы жүргізуші ұсталып, тергеу жүріп жатыр. Айта […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Пәкістанда жойқын жарылыстан 10 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан. Пәкістанның Белуджистан елді мекенінде жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды 24.kz.  Жарылыс салдарынан 10 адам көз жұмды. Арасында тәртіп сақшылары да бар. Бұған қоса, тағы 35 азамат түрлі деңгейде жарақат алған. Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, олардың кейбірі қазір ауыр халде жатыр екен. Айта кетейік, жарылғыш зат Кветта қаласындағы баспасөз клубы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сириядағы лаңкестер үкімет тікұшағын атып құлатты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан. Сирияның Идлиб аймағында үкімет әскерінің тағы бір тікұшағы атып түсірілді. Шабуыл оппозициялық күштердің бақылауындағы Куптан-аль Джабаль ауылының жанында жасалды, деп 24.kz хабарлайды.  Алепподағы шайқасқа беттеп бара жатқан тікұшаққа «жер-әуе» санатындағы зымыран қолданылған. Шабуылдан экипаж мүшелерінің бәрі қаза тапты. Осы аптаның басында бұл  ауданда үкімет әскерінің тағы бір тікұшағы атып түсірілген болатын. Айта […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияның екі ауылына содырлардың шабуылынан кем дегенде 30 адам қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан. Нигерияның солтүстігіндегі Кацина штатының ауылдарына жасалған шабуыл салдарынан кем дегенде 30 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті Punch газетіне сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, содырлар жұма күні кешке Кацина штатындағы екі ауылға шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан кем дегенде 30 адам қайтыс болды, құрбан болғандардың көпшілігі қарт адамдар мен балалар. Қазіргі уақытта […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ақ үй: АҚШ-тың «Талибанмен» келісімге отыратын күн «өте жақын»

    НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан. АҚШ-тың «Талибан» қозғалысымен бейбет келісіме отыратын күн «өте жақын» деп мәлімдеді президент Дональд Трамп. Оның айтуынша, қозғалыс өкілдері де «келісімге отыруға асығады».Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.  Трамп бейбіт келісімге қашан қол қойылатынын айтпады, бірақ бұл жағы айдың соңына дейін белгілі болатынын ескертті. АҚШ президентінің мәлімдемесін AFP агенттігі таратты. Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысымен бейбіт келіссөзге […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мемлекеттік департаменттің терроризмге қарсы үйлестірушісі 16 ақпанда Украинаға барады

    НУР-СУЛТАН, 14 ақпан. АҚШ Мемлекеттік департаментінің терроризмге қарсы үйлестірушісі Нейтан Сейлс 16 ақпанда Украинаға барады. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады. Мәлімдемеде айтылғандай, Киевте  «терроризммен күрес саласындағы ынтымақтастыққа арналған кездесулер»  жоспарланған. Мұның алдында ол Мальтаға барады, ал 14 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен бірге Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына қатысады.
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: БРИКС терроризмге қарсы тобының отырысы сәуір айында өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан. Ресейде БРИКС-тің терроризмге қарсы жұмыс тобының отырысы сәуір айында өтеді, деп РФ СІМ-нің жаңа сынақтар мен қауіп-қатерлер жөніндегі департамент директоры Владимир Тарабрин мәлімдеді, деп РИА Новости хабарлайды. Ресейдің терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығы көбінесе терроризмге қарсы екіжақты ынтымақтастықтың кең жүйесі бар ТМД елдерімен, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттермен  дамығанын, сондай-ақ БРИКС-пен де. «Айтпақшы, БРИКС […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан полициясы жеті есірткі сатушыны ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан. Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясының полиция қызметкерлері есірткі саудасымен айналысатын жеті адамды ұстады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. «Бірнеше күннің ішінде Ауғанстанның есірткіге қарсы полициясы Герат провинциясындағы бірнеше жеке операциялар кезінде есірткі саудасымен айналысатын жеті адамды тұтқындады» делінген хабарламада. Мәлімдемеге сәйкес, осы провинцияда жүргізілген рейдтер нәтижесінде есірткі […]
    • 4 Years ago
    • 0